Үй нөмірлерінің сыры

Қызықты деректер /
Нөмірлер сырын зерттейтін нумерология қызықты ғылым. Ал сандар мүлдем жұмбақ дүние. Нумерология мамандары үй нөмірлері қаиет, ерекшеліктеріне оның нөмірінің тікелей әсері бар дейді.
Үй нөмірін күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайлармен салыстырып көрші, бәлкім әлдебір байланыстарды сізде аңғаруыңызға болады. Цифрлары қайталанып келетін нөмірлер ерекше назар аударған дұрыс. Мысалы;11,22,33. Мамандар пікірінше, ондай сандар бар үй, өзгеше қасиеттерге ие ерекше нөмір.

№1 — НӨМІРЛІ ҮЙ немесе пәтер іскер адамдарға дәл келеді. Олар сенімді адамдар. Тазалықты жақтайды және бәрін де өз қателіктері арқылы үйренеді. Ол жерде өмірдің ағысы тез, қарым қатынас аса жарқын және бүкпесіз ашық.

№2 — бұл жерде спортшылар немесе ғылыммен айналысатын адамдар үшін қолайлы. Мұндай адамдармен дауласу пайдасыз, олар өте үнемшіл және жауапкершілігі жоғары жандар. Тұрғындар бір біріне көмектескенді ұнатады., осындағы тіршіліктерін анағұрлым жайлы етеді.

№3 — бұл жерде демалғанды және көңіл көтергенді жақсы көретін адамдарға арналған үй. Өзара толық түсіністік пен ақжарқын көңіл күй орнайды. Бүкіл үйде шығармашылық ахуал салтанат кештері болады.

№4 — бұл үйде әдетте жолы болмайтындар тұрады. Қамықпаңыз, өйткені дәл осы төрт саны оларға тұрақтылыққа қол жеткізіп, өздеріне деген сенімдерін нығайтады. Уақыт бұл жерде тез өтіп, қол жеткізілген ілгерімділікпен есте қалады.

№5 — шығармашылық тұлғалар мен саяхатшылар үшін таптырмайтын үй. Барлығы үнемі қозғалыс үстінде болады., сондықтан жайбарақат және асықпайтын жандарға бұл жерде орын жоқ. Бұл жерде тек идеялар, романтика, сезім мол.

№6 — Өзге жерде жоқ үйлесім мен тепе теңдік салтанат құрады. Үйден шықпайтындар үшін қолайлы. Бұл жерде сыр шертісіп, естеліктер бөлісуге дайын.

№7 — Үнсіздік пен тыныштық және қиялға берілушілік ахуалы көп. Салмақты зерттеулер жүгізетін, зерттейтін жер. Көбінесе құпиялылық пен беймәлім сырларын айтып тұратын сәулет өнеріне жататын үй. Ойларына талдау жасау, ішкі әлеміне терең үңілгенді ұнататын жандар үшін ыңғайлы.

№8 — Үй аса танымал болуды қалап тұратын, және де қалайтын адамдар үшін. Ақыл парасатты, тіпті, үнемшілдікті ұнатады. Бұл жерге қоныс аударғандар үшін мансап баспалдағымен өсу мүмкіндіктері немесе қосымша табыс көздері пайда болады.

№9 — Біреудің қайғысына ортақтасуға орын табылатын жер. Даналықтың мәнін түсініп, қателіктерді ортаға салып, бөлісетін жер. Уақыт тез шым шытырық өтеді. Тіпті үйдің әр қабатындағы сағаттар әртүрлі көрсетіп тұруы мүмкін.

№11 — Іс қимыл қашанда қайнап жататын үй. Идеяларын жүзеге асырудың түрлі нұсқаларымен бойларын кернеген адамдар ерсілі қарсылы ағылады. Оқып үйреткенді, қанаттандырып, қолдауды үйретеді. Гид, мұғалім, шығармашылық кәсіп мамандарына арналған.

№22 — бұл үй тыныштық пен қауіпсіздік ахуалын жасауға деген тілек күшті. Қайырымдылық саласында еңбек ететін адамдарға арналған.

№33 — Шұғылалы, жылуы мол үй. Өте ашық, қонақжай иелері. Шаттық пен қуаныш ахуалы салтанат мерекесі мол. Әртістер, жазушылар, және бала тәрбиесіне байланысты адамдарға арналған.

19 пікір

Kan
Сену қиын әрине. Аллаһ біледі анығын. Ондай ақпаратты қайдан алдың. Бірақ қызықты екен.
m170785
дүбәрә. Бірақ қызық
MSHERIMBEK
54 нөмірлі пәтердің анықтамасы керек еді:)))
pari
Мен мыналармен ешқандайда келіспеймін.
MSHERIMBEK
4 пәтерде тұрмайсың ғо, ең бастысы:) Келісе бееер:)
Dan4ik
16 нөмірлі пәтердің анықтамасы керек еді:)))
MSHERIMBEK
№5 + №11 = №16
MSHERIMBEK
Ондай күрделі теңдеулерге мидың қуаты әлі жеткіліксіз болып тұр:)
Dan4ik
хихи рахмет QARASAQAL…
VVVWWW
Қай жазған екенін білмеймін менің үйімнің маңдайына 2/1 деген нөмір қондырып кетіпті біреу, оны қалай интерперация жасайтынымды түсінбей миым қашып отырғаны
Jako
Мәке,«0»-деген цифр қалып кетіпті, «10»,«20»,«30» сияқты сандар қалай талқыланар екен? Өзіме ұнапды үйімнің №11, машиналарымның нөмірлері барлығы №811 сандары.
didi0393
чушь! кұр далбаса! деп айтуыма болады арине сенетін адамдардың көніліне тимейак кояйынщ!))))))
zhurttyn_balasy
Бір досым фантастика жанрындағы киноны көріп болып, "Өй Мынаның бәрі өтірік" деп еді
didi0393
МЕНгой айткан саган! Ты шо не помнишь?????????? Жұрттың баласының достары бар екенін білеміз ойыбаййййй)))))))
zhurttyn_balasy
жоқ сен басқа жанрдағы «киноны» көріп болғаннан кейін басқаша айтқан болатынсың. бұл досыммен шатастырып отрысың
didi0393
жоқ сен басқа жанрдағы«киноны»
түсіндірме күтіп отрым
zhurttyn_balasy
классикалық жанрлар ғой сол баяғы
didi0393
Падший сын народа! екенсіңңңңңңңңңиииииии)))))))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.