Жылдың Ең үздік мультоптамасы Маша мен Аю

Қызықты деректер /
Бұл күнде тентек Маша мен аңқау әрі мейірімді аю туралы фильмді білмейтін адам кемде кем. Мультоптама соңғы 4 жылда Қазақ елінде де танымал болып үлгерді. Бұл фильм ресейлік Анимаккорд студиясында орыс ертегісінің желісімен түсірілген. Ең алғаш рет Россия 1 және Карусель арналарында көрсетілді. Кейін Франция, Канада, Үндістан, Швейцария елінде көрсетілді. Машаның кейіпкері дүниеге келуі өзі бір ғажап, ұшқалақ, бірбеткей, еркін, ерке, айтқанынан қайтпайтын қайсар Машаны әкелген режиссер, продюссер Олег Кузовков. Басылым беттеріне бұл фильм Қырымда демалып жүргенде туындаған туынды дейді, ойға 12 жыл бұрын келген. Жағажайда демалып жатып, кішкентай бір қызды көрдім, өзін тәуелсіз еркін ұстағаны маған қатты ұнады. Жаңағы қыз біреу тамақ жесе, ішіп жатса, аузындағысын алып кетіп, рұқсатсыз жанына келіп, тауықтың бір аяғын алып жей бастайтын. Жұрттың бәрі бұл қыздан зәрезап болды. Ұшқалақ, тынымсыз мінезін топтамалық фильм етіп арқау еттім дейді.
Сүйікті кейіпкеріне айналған Машаны 6 жасар Алина Кукушкинадыбыстады Бұл фильмды осыншама танылып кетеді деп ойлаған жоқпыз дейді. Фильмнің дыбыс режиссері Борис Кутневич; осы қызды бақап катингке қабылдап, даусын байқадық, қаншама баланың даусы сәйкес келмеді, айналып келіп Алинаға тірелдік. Ішкі жан дүниесі, міінезі Машаға ұқсайтын. Мінезінің ұқсастығы жұмысты оңай алып кететін дейді.Фильм таныған соң, Алинаның да танымалдығы арта түсті.Барған, жүрген жерінде Алинаны ығырын шығарып дауысын салып беруін өтінеді екен. Оны концерттерге, конкурстарға, дубляжды фильм мен мультфильмдерге, жарнамаларға, конкурстарға жиі шақыратын болып жүр. Машаға ұқсатады, айнымаған Маша екенсің дейді екен. 1996 ж Кузовков Қырымда демалып жатқанда, 3 жасар қызды көрген, содан туындаған тырнақалды туынды. Айналасындағы адамдардың тыныштығын бұзып, демалуға мұрша бермеген, нағыз Маша сол қыздың бейнесі дейді.
Аюды дыбыстаған адам сол студияның ішінде табылды. Ол дыбыс режиссері Борис Кутневич. Дыбыстаған кезде әр түрлі адамдарды актерларды шақырдық. Мінез құлқын айтып түсіндіргенімізбен ешқайсысы сәйкес келмеді. Бір нәрсе жейпейтін болып тұрғандай болды. Дыбыстап болғаннан кейін, өзім көрдім. Маған көркемдік жетекшіміз, микрофонға жақында, айғайлап, іздегенімді таптым деді. Сөйтіп аяқ астында аюды дыбыстап кеттім. Қажетті кезде аю көп сөйлемейді. Мен үшін аю Ч.Чаплин секілді кейіпкер, көп қозғалады, бірақ сөйлемейді, анда санда сөйлеп қалады дейді.

5 пікір

кызыкты акпараттар) 19дагы синлилериме дейин бар дуниени умытып осыны кореди, не тапканын ишинен
m170785
Ұнайтын шығар
Ais_97
Жақсы ақпарат, мен осыны «Жұлдыздар отбасынан» оқыған сияқты едім.
VVVWWW
Өте жақсы мультфильм, өзім барлық сериясын көріп шықтым (кейде аюды аяп кетем)
Manas
Бұл мультты қарап көрпеппін)Бірақ кішкентай інім бар еді, жылап жатса осы мультфильмді қосып берсең болды жыламай қалады)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.