Таң алдындағы таңғажайыптар

Қызықты деректер /
Таң бірден атпайды. Кезек кезегімен біртіндеп келетін ғажайып құбылыс. Әр мұсылманға таңның ату белгілерін нақты білу міндет. Түн намаздары мен таң намаздары уақытын шатастырса, ғибадат бұзылады. «Бірінші таң» деген ұғым бар. Таңның атқанын емес, таяғанын білдіреді. Бұл кезде аспанды түн басып, жұлдыздар самсап тұрған шығыс бағыты сонау биік көкке дейін ағарады. Күннің сәулесі түзу сызық бойымен горизонт арқылы аспанға тіке бағытталғандағы көрінісі. Алайда, таң атуға тиіс елді мекен бұл кезде күн көзінен 45 градустай қашықтықта жатады. Ондағы көкжиекке сәуле түскенге дейін әлі де 45 минут бар деген ұғым. Бұны «жалған таң» деп атайды. Бұл түннің соңғы жалғасы. Осы кезде барлық намаздарды оқып, намаздың шығар уақыты есебінде оқуға болады Әрі оразаның сәресін ішіп жеугеде рұқсат. «Екінші таңның», нағыз таңның уақыты келеді.
Дәл күн шығар тұстағы көкжиекте аспан боп боз сәулеге түсіп, жер қараланып, ерекше көзге шалынады. Бұл таңның алғашқы белгісі. Таңның алғашқы кезеңінде шығыста үлкен кіші жұлдыздар әлі анық көрініп тұрады. Аспанның басқа бағыттары болса, әлі түн түнегінде болатын кез. Таң намазының да кіретін уақыты осы.
Біраз уақыттар өткенде, таң белгісі тіпті айқындала түседі. Аспан жиегі аппақ болып, жердің шеті қара қошқылданып, бұл таңның ең сұлу кезі. Шығыста жұлдыздар сирейді, шолпан жарқырап көрінеді. Өзге бөлігі сәл бозарып, түн түнегі батысқа қарай сырғиды.Шығыс жақ түгелдей кең қанат жайған сарғыштау болады.Шығыста шолпаннан басқа жұлдыз қалмай, төңірегі көкжиек түгел айқындалып, жер жиегі тлық ажырайды.
Уақыттар өте шығыс жаққа қызғылт шапақ төгіледі. Күрең нұрға малынып, шолпан сөніп, төңіректі таңның қуанышы әуені баураган әсерлі мезет. Таулардың ұшар басына қызғылт болып, жалт етіп, сәттің тым танған.Таңның ақыры мен атқан таңның ақырғы аяқталуы. Таңның нұрлы, сырлы мезеттерін көбен көріп, көкірекпен түйсіну кажет.

6 пікір

pana
кәдімгі сағат ең жақсы нәрсе екен ғо деп ойланып отырмын,
Ademi
жалтақтай бергенше дейсіз бе?
pana
сооол,
Ademi
үтір — ойдың аяқталмағанын білдіреді. Айтыңыз, микроб-микроб
pana
мектепте айтылған өтіріктердің ішінде ең айналайыны үтір жайлысы)))
AKA
Иә, бұл көрініске қарап отыра беруге болады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.