Пластикалық отаның зардабы мен зияны

Қызықты деректер /
Мәңгілік жас болуды, әдемі болуды кім армандамайды дейсіз? Бет әлпетің мен дене мүшеңде өзіңе ұнамайтын кемістік болса, лезде түзетуге мүмкіндік бар. Қалта қалың болса, жеткілікті. Соңғы кездері, мұрын кішірейту, аузын үлкейту, бетін томпайту, кеудесін үлкейту үшін әйел атаулы көбі пластикалық отаға (операция) жиі барады. Өз мүсінін місе тұтпай, жасанды сұлулыққа құштарлық танытуларының өзі еліктегіштен туған әрекет болса, сөз жоқ. Пышақ тиген жер жазылмас жараға, детке айналады. Шығу тарихы ХХ ғасырдағы қантөгістермен байланыстыруға болады. Соғыстан аман қалған сарбаздардың бетіндегі оқ іздерін, тыртықтарын жою үшін отаның осы түрі қолданыла бастаған. Науқастың тұла бойындағы кемістікті түзету үшін науқастың өз денесі немесе басқа адамның тіндерін пайдаланған. Қазіргі пластикалық хирургия тәжірибеде кеңінен қолданылады. Әсіресе күйіктен кейін теріні ауыстыру, денедегі ісікті алу, қан тамырларының немесе жүрек клапандарының орнына синтездік тін қою, туа бітті нышандардыжою отамен жасалады. Бұл амалсыздан туған әрекет. Пышаққа өз еркімен түсетіндердің 40 пайызы келбеттеріне көңілі толмайтын әйел қауымы көп түседі. Көбіне бетінің әжімін тартқызып, көзіне қатпар жасатады. Мұрын мен құлақтарын өздері қалағанындай етіп жасатады. Семіз адамдардың дене бітіміндегі майды, қарындағы артық теріден құтылудың бірден бір жолы осы. Жасы келген әйелдер салбыраған терілерін ота арқылы тартқызып, бөкседегі өзгерісті қалыпқа келтіріп істейді. Ота жасайтын емханалар бет терісін 18 мың тг тартса, көз әжімдерін түгелдей жоқ қылу үшін 115 мың тг талап етеді. Сүт безін тіктеу немесе үлкейту 455мың шамасында. Әдемілік үшін жасалған ота кейде сәтті бола бермейді. Жасандылықтың ғұмыры ары кеткенде 10 жыл ғана. Бетіңіздегі әжімді тартқызып, әдемі бола қалғаныңызбен, 3 не 4 жылдан кейін бұрыңғы қалыпқа келеді. Бірнеше уақыттан соң, теріңіз одан сайын салбырап, икемге келмей қалады. Тәңір сыйлаған сұлулықтың қадірін түсініп, жасандылыққа жоламай қойғанымыз дұрыс.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.