Қоян түрлері

Қызықты деректер /
Құмқоян-Қазақстанда мекендейтін үш қоянның ішіндегі ең кішкентайы.Қазақстанның оңтүстік бөлігінде биік тау белдеулеріне дейін көтеріледі, дегенмен шөл және шөлейтті аймақтарда кең таралған түр.Ін қазбайды, күндіз демалысы үшін таяз сайларды пайдаланады.Құмқоян-қасқыр, түлкі, дала мысығы,ірі қанатты жыртқыштардың да негізі қорегі болып табылады.Қазақстанда жылына 85 мың құмқоян терісін даярлайтын болған.

Ақ қоян-Ақ қоян негізінен қалың қар түсетін орманды жерлерде тіршілік етеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 – 6 кг. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Басқа қояндардан ерекшелігі құлақ қалқанының ұшы қара, құйрығы дөңгеленген қысқа болады. Жылына, ақпан – маусым айларында 2 – 3 рет көбейеді, 3 – 10 көжек туады. Жазда шөптесін өсімдіктермен, бұталармен, ағаштармен қоректенеді, ал күз, қыс айларында ағаш бұталары мен қабықтарын кеміреді. Ақ қоян туляремия ауруын таратуы мүмкін. Ағаштардың қабығын кеміріп, орман шаруашылығына аздап зиянын тигізеді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады.

Орқоян-қоянтәрізіділер отрядының өкілі, бұл отрядқа қояннан басқа шақылдақтар жатады.Қоянның Қазақстанда үш түрі кездеседі.Орқоян-осылардың ішіндегі ең үлкені.Жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетеді,қуғыннан қашқанда көбіне кілт бұрылыстар жасап, ирек-ирек жүгіреді.Орқоян 12 жылдай өмір сүреді.Негізгі жаулары-қасқыр мен түлкі, кейде дала қыраны мен бүркіт те қоян алады.Қазақстанда аңшылар жылына 3000-дай қоян аулайды.

P/S:Қоян туралы жазба "Қазақстандағы жануарлар әлемі" кітабынан алынды.

19 пікір

AKA
Екіншісі менікі!
Ais_97
мхм әлдәу әлдәу әдемісін-ай!
qyrmyzy
Орыстың кемпірлері неге мысық, ит, күшік асырайтындарын түсініп жүрмін. Қатты түсініп жүрмін…
MSHERIMBEK
Жарығым, бұл постты қайдан көшіргенің (ұрлағаның, жай ала салғаның) туралы ақпаратты жаза кетсең игі болатын еді
Ais_97
Қазақстандағы жануарлар әлемі кітабынан алдым аға!
MSHERIMBEK
Онда, посттың астына солай жазып қоюды ұмытпа, иә:)
rauan
википедиядан тауып алдым наларды ))
MSHERIMBEK
Данте осыншалықты төмен әзіл айтатын болған ба не?:)))))))))))
Korkem
Мектептен әрең құтылып ем, шынымен-ақ қайта оралғаным ба?!
Jako
Хи-хи-и-и-ка-ха!
pari
надай күлкі шықты ма арендаға ағасы?
Jako
арендаға
Аренда емес, АРЕНАға шығар, жалпы ұнаса арендасыз-ақ, тегін ала беріңдер)))
AKA
Бәсе, Пари екеуіңнің жазбаларың тым әдеміленіп кетіп еді, дереккөзді сұрағым келмей өтіп кеттім.
Jako
Қарасақалдың ескетпесіне қосыламын, айтып ұрлаңдар, айтып ұрлау ұрлыққа жатпайды,қарлыққа жатады.
Jako
Бірінші тұрған құм қоянын жааааақсы көремін, қуырдағы тәтті, бірақ ол мені жееееееееееееееееек көретін болар деп ойлаймын.
banzaika1990
маған борсықтың қуырдағы көбірек ұнайды))))))))))
pari
ал маған қойдың:)))
banzaika1990
енді қой, марқа деген вне конкуренции ғой))))))))))))))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.