Әминә н/е құдықтан табылған періште (Белгісіз жазушы романынан үзінді)

Қызықты деректер /
… Сонымен бүгін Әминә қалаға көшті.Кетерінде Далабай мен Алтынайдың зираттарына соғып,ҚҰРАН бағыштады.Әкем мен Ана рухы риза болсын деп кішігірім көрші-көлем мен ауыл ақсақалдарын шақырып ас берді.
Автобусқа мінерінде қатты күрсінді.Көзіне жас алдыда автобусқа отырды.Артыңа қайта-қайта қарап қояды.Құдды бір автобус оны басқа әлемге апара жатқандай.Автобуста отырып,өмірден өткен Далабай мен Алтынайды ойлап,ұйықтап кетіпті.Бір кезде көзін ашса,қалаға да келіпті.
Үлкен қала.Адам көп.Құдды бір илеуіне асыққан құмырсқадай.Кенет бұрышта,қолына сөмке ұстаған,«Пәтер, пәтер.Арзан пәтер.Пәтер»деп айғайлап тұрған бір әйелді көрді.Әминә қасына барып, жәй ғана:
-Сәлеметсіз бе,әпке.Маған Ауылшаруашылығы Училиесінің қасынан үй керек еді.Сіздің жалға беретін үйіңіз қай жерде?-деп сұрады.
-Өйбу, жарығым.Менің жалға берейін деп тұрған үйім сол училешенің қасында ғой.Дәл түстің,-деп куанып жатыр бейтаныс Әйел.
-Жақсы болды,әпке.Жалдау құны қанша?
-Көп емес.Айына 70 сом төлесен болғаны.Үйде өзім тұрамын.
-Жарайды әпке.Онда сіздің үйіңізді көрейік,-деп Әминә бейтаныс әйелдің нұсқаған автобусына отырды.
Автобус 10 миунттай жүрді.Жаңа қала.Әсем-әсем үйлер,ғимараттар.Түрліше киінген қыздар.Әминә құдды бір ертегі әлеміне келген секілді, таңдана қарап отыр.Сөйтіп бейтаныс әйелдің үйінеде жетті.Үйге келді.Үй Әминәға ұнады.Училишенің артында екен.Сөйтіп Әминә үйді жалға алатын болды.
Күндер жүйіткеген пойыз секілді зулап өтіп жатыр.Әминә Училищеге Ветеринар мамандығына грантқа түсті.Әлгі үй иесінің қасына жұмысқа шықты.Таңертең оқуға барса, түстен кейін жұмысқа барады.
Күндерді санап қараса,қалаға келгелі 3 ай өтіпті.Қалаға үйреніп қалды.
Бір күні жаяу жүргіншілер арналған жолды кесіп өтпек болғанда, жаңа көлік мінген жас жігіт Әминәны басып кете жаздады.Әлгі көлік кілт тоқтап:
-Қарындас,қарындас.Кешіріңізші.Бір жеріңіз жарақаттанған жоқ па?-деп бәйек болып жатыр.
-Жоғ-а.Ештеңе етпейді.Байқамай қалғансыз-ау-деп сабырлық танытты.
-Қарындас кешіріңіз.Айыбымды өтегенім болсын, сізді үйіңізге жеткізіп тастайын.
-Жо-жо.Менің үйім мына тұрған жер.Жетіпте қалдым.Жақсы, сау болыңыз.Асығыспын-деп Әминә жүгіре жөнелді.
-Қарындас-қарындас.Тоқтаңызшы,-деп айқайлап еді,Әминә артына қарамай кетіп қалды.
Келесі күні Әминә кешегі жігітпен училишеде жолығып қалды.Қарамайын деп еді, жігіт тоқтатты.Әрең дегенде жігіт Әминәмен танысты.Әй, назды қыз.Сөйтсек жігіттің аты-Наурызбек екен.Өзі осы училишенің директорының ұлы әрі студенті екен.Сөйтіп екеуі танысты.Әминәнің үлкен қаладағы алғашқы танысы осы Наурызбек болды.Екеуі араласа бастады.Сабақ біткенде ылғи алдынан шығып,үйіне дейін шығарып тастайтын болды.
Айлар өтті.Әминәнің сабақты жақсы оқығаны үшін, оны 1 курс жоғарлатты.Яғни училишеде тек 3 жыл оқитын болды.Сөйтіп Әминә бұл қуанышты Наурызбектен атап өтті.Алғаш рет мейрамханаға барды.Алғаш рет қызыл шарап ішті… Алғаш рет масайды… Бір кезде қараса Әминә үстелде ұйықтап қалыпты.Наурызбек оны оятпай,өз үйіне апарды.
Таң атты.Әминә оянды.Оянса үлкен төсек, жарқыраған шамдар.Әминә өзінің қайда жатқанын білмей, таң қалды.Бір кезде Наурызбек жәй ғана еаікті қағып
-Кіруге бола ма?
-Кіріңіз
-Сен… Сен мұнда не істеп жүрсің? Мен мұнда қайлай жатырмын? Бұл кімнің үйі?
-Бұл менің үйім,-деп Наурызбек болған оқиғаны баяндап берді.
-Ой,-деп Әминәнің беті қызарды да, жерге қарады.
-Болды.Беті-қолынды жу.Таңғы ас іш.Сосын сені апарып тастаймын,-деп, Наурызбек шығып кетті.
Әминә беті-қолын жуып, асхана жаққа қарай беттеді.Әминәні көргенде Наурызбек үстелден тұрып, отбасы мүшелерімен таныстырды.Әминә жәй ғана үнмен
-Танысқаныма қуаныштымын.Кешіріңіздер,-деп үстелге отырды.
Бір кезде Наурызбектің анасы Әминәнің мойнындағы алқаны көрді де,өңі бозарып кетті.
(Жалғасы бар)
(Әңгімені осымен аяқтайын, енді бір жалғасын жазамын, сосын жазба бітеді)

12 пікір

Korean_Boy_5113
Болар бала-Киношыл.Болмас бала-Виношыл деп күніміз сол сериалмен өтеді ғо…
Monika
Jaksy jazypsyn, jalgasyn asyga kutem. Otiniw, belgisiz jazuwy, sony happy end bolsynwy
Korean_Boy_5113
happy end тек ертегілерде болады.Енді білесің ғо біреу өліп тыну керек.
ereke_enu
Жақсы, жаза түс
AKA
Наурызбектің анасы, Әминәнің да анасы болып шығатын шығар, күтелік…
qyrmyzy
Автобус келді, отырды, мінді, ана орынға жайғасты… пффффф, өзгертіңізші.
qyrmyzy
Түріктің сериалы сияқты… бір апта күтеміз бе??? Жалғасы жаз, жалғасын
Korean_Boy_5113
Жалғасын4-5 күннен кейін жазамын…
Ak123
Әминәнің үлкен қаладағы алғашқы танысы осы Наурызбек болды.
ал ана пәтер иесі ше? сонда училищеге түсіп, 3 ай өткендегі алғашұы танысуы дегенге басым жетпей қойды
maulen
Ең қызық жерінде аяқталып қалғананын карашы, қап!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.