Әминә немесе құдықтан табылған періште(Белгісіз жазушы романынан үзінді)

Қызықты деректер /
Наурызбектің анасы,Әминәнің мойынындағы алқаны көріп, абдырап қалды.Бірдеңе деуге батылы бармай:
-Қы..Қызым, алқан әдемі екен
-Ия, анамның көзі ғой.
-Анамның көзі?
-Ия, анам сыйлаған.Әминә өзінің асыранды қыз екенін айта алмады,қысылды.Осы кезде Наурызбектің әкесі сөзге араласып:
-Жәмилә,қызды сонша тергегің не?! Көп сұрақ қойып?!Қане Әминә қызым, астан ал,-деді.Әминә Наурызбектің анасының алқа туралы бірдеме білетінін сезіп,іштей «кейін сұрармын»деді.
Сөйтіп ас ішіп болды.Наурызбектің әкесі бата беріп, ас қайырды.Осы кезде Наурызбек:
-Әминә, сені үйіңге дейін жеткізіп тастайын,-деді. Әминә:
-Наурызбек маған сенің апаң қатты ұнады.Ренжімесең, ананмен кішкене әңгіме дүкен құрайын.Бола ма?-деді.
-О не дегенің.Әрине болады.Қайта қалғаның жақсы болды, түстеніп кетерсің.Апамның бөлмесі жоғарыда оң жаққа бұрылсаң, алдында тұрады,-деп, Наурызбек Әминәға апасының бөлмесін көрсетті.
Әминә Наурызбек айтқан бөлмеге келіп, жәй ғана есік қағып:
-Рұқсат па?-деді.Наурызбектің анасы шырайлы жүзбен
-Ия,әрине қызым.Рұқсат.Менде сені шақырғалы жатқан едім,-деді.Әминә Наурызбектің анасының қасына отырды.Наукрызбектің анасы Әминәнің мойынындағы алқаға қарап,ұзақ отырды.Әминә да алқа туралы сұрауға батпады.Бір кезде Наурызбектің анасы:
-Қызым, бұл алқа сенікі ме?
-Ия, менікі.
-Әдемі алқа екен.
-Рахмет.
-Сізге бұл алқа таныс па?
-Ия, таныс сияқты.Осы кезде Әминә Наурызбектің анасы бірдеңе білер деп,өзінің асыранды қыз екенің, мұны шешесі тастап кеткенін айтты.Осы кезде Наурызбектің анасы Әминәнің мойыныдағы алқаны алып, ортасын ашты.Ортасын ашса,ішінде Наурызбектің анасының жас кезіндегі суреті.Наурызбектің анасы:
-Сен… Сен… Менің қы… Менің қызымсың ба?
-Түсінбедім…
-Бұл алқа менің қызымдікі…
-Тәте сонда сіз менің анамсыз ба?Қалайша?Қалай?-деп Әминә сұрақты жаудырды.Осы кезде Наурызбектің анасы:
-Қызым. «80 жылдар еді.Біз Наурызбектің әкесі екеуміз көрші тұратынбыз.Тіпті туысқандай едік.Руымыз да бір.Сөйтіп жүріп бір-бірімізді ұнатып қалдық.Кездесе бастадық.Тіпті үйленбекші болдық.Ата аналарымызға айттып едік, олар бірден қарсы шықты.Әкем «Бір рудан шыққандар,қалайша ерлі-зайыптылар болады?! Жоқ, мен бұған өлсем де рұқсат бермеймін»деді.Сонда мен әкеме:
-Әке, біз қайтсек те отау құрамыз,-деп едім,Әкем:
-Жоқ! Егерде отау құрсандар екеуінді де ауыл болып, тасқа атып,ұрамыз,-деп екеуміздің де отбасымыз қарсы болды.Сөйтіп біз түнде үйден бір түйіншек киімімізді алып,қалаға қаштық.Бұл кезде Наурызбектің ағалары мен менің отбасым,әкеміз бәрі бізді іздеп жатқан болатын.Бізді тапса,өлтіретін еді.Сөйтіп қашып жүргенде 6 ай да өтіпті.Біз жасырын неке қидырдық.Саған жүкті болдым.Бір күні мені әкем тауып алды.Мен оған жүкті екенімді айтым.Ол қатты ашуланып, мені шапалақпен таптып жіберді. «Қашқандарыңға көз жұма қарадық.Енді жүкті екенсің ғой.Арсыз.Енді менің сендей қызым жоқ!»деп әкем менен теріс айналды.Сонда мен әкемнің аяғына жығылып "Әке, кещірші мені, кешір«деп жалбарындым.Әкем:
-Аллланың берген өмірін, біздің құртуымызға хақымыз жоқ.Жарайды, сені кешірем.Бірақ, сәбиді көзіме көрсетпе.Руластың сәбиін кім көрген?! Туған бойда, басқа жаққа апарып таста,-деді.Мен амалсыздан көндім.Сөйтіп мен де босандым.Босанған соң,әкеммен болған жағдайды Наурызбектің әкесіне айттым.Ол алғашында көнбеді.Кейін көнді.Сөйтіп сәбиді бір Серебек деген колхозға барып, бір құдыққа салдым.Сені кейін осы алқа арқылы тауып алармын деп, осы алқаның ортасына суретімді салып, сенің мойыныңға тақтым да, тығылып тұрдым.Бір кезде бір ер кісі мен әйел адам келіп, сәбиді алды.Оларды аңдып,үйлерін аңдыдым.Мен күнде сол үйді қарауылдап жүрдім.Кейін олар сәбиді асырап алғасын, баруды қойдым.Әкем бізді кешірді.Осы кішкене сәби, сен болатынсың,-деді Наурызбектің анасы.Сөйтіп Әминә қатты жылады.Наурызбектің анасының көзінен жас моншақтай ағылды.Наурызбектің анасы,Әминәні құшақтағысы келіп еді,Әминә құшақтатпады.Бөлмеден атып шықты.Наурызбек:
-Әминә, сені жеткізіп салайын,-деді.Сонда Әминә:
-Жек көрем! Бәріңді жек көрем!Қалайша мені тастап кеттіңдер?! Жек көрем сендерді.Қайдан ғана осы өмірге келдім!Қайдан ғана осы үйге келдім! Сенімен танысқан күніме лағынет атсын-деп жолға қарай беттеді.Әминә жолдан автобусқа отырып,үйне жетті.Киімдерін жинап, ауылға кетті.
Наурызбектің анасы Наурызбекке Әминәнің өзінің қызы екенің, болған жағдайды айтты.Наурызбек сабырлық танытып, босқа өкінудің пайдасы жоқ екенің түсініп:
— Әке-Апа.Әминә менің әпкем екен ғой.Олай болса алып келейік.Ол ендігісі ауылына кетіп қалған шығар.Бізде артынан барып, алып келейік,-деді.Сөйтіп олар жолға шықты.
Бұл мезгілде Әминә ауылына жеткен болатын.Ол Далабай мен Алтынайдың зираттарына
келіп,ұзақ отырды, жылады.Іштей алғыс айтты да,өз үйіне қарай тартты.Өзінің үйне келіп,»Қош дүние«деп, жіпке асылып өлді.
Наурызбектер де келіп жетті.Наурызбек жәй ғана ішке бөлмеге кірді.Ол түпкі бөлменің есігін ашты.Ашса Әминә...
Әминә өмірден өтті.Наурызбектің әке-шешесі қатты өкініп,қимастықпен Әминәні жерледі.Әминә құдықтан табылған періште кейпінде, о дүниеге аттанды.
СОҢЫ…

32 пікір

qyrmyzy
Сонша күтіп едік, өлтіргенің нес? Алғашқы әңгімеңде адам өлтіріп сен де..өзі құдықтан табылып еді, ең болмағанда бірер жыл зәулім үйде өмір сүргізсең қайтер еді?
Korean_Boy_5113
Тұрды ғой.Ауылда үйде тұрды,қалада квартирада тұрды.Коттедж үйден шәй ішті.(Наурызбектің үй)
qyrmyzy
Сол да өмір ме?
qyrmyzy
Әңгімеге байланысты байқау ұйымдастырамыз-ау...
Korean_Boy_5113
Ия,ұйымдастырайық.Мен жюри болайншшш
qyrmyzy
Күт! Жақында! Тек қана айтаберде!
banzaika1990
Әңгіме болғанда ойдан шығару керек пе, әлде бір жерден оқыған, ұнаған әңгімеңді жариялауға да бола ма???
yesbolat83
Мен де әңгіме жазып, қатысып көрер едім ұйымдастырсаңдар. Еркін тақырыпта болса тіпті жаксы болар еді.
AKA
Белгілі жағдай, Шымкенттен шығатын бір газет болушы еді ғой, бірыңғай осындай оқиғалар жазатын, сондағыдай екен ошм.
qyrmyzy
Шымкентте ондай кәзет біеу емес, бірнешеу
zhomart
"Қызық газет"? Әлде ???
Ais_97
Әңгімең жаман емес тек, соңғы жағы бақытты болатындай жақсы бір әңгіме болса жақсы болар еді! Соңғы жағы мұңға толы боп кетті, келесіде бір қуаныш сыйлайтын әңгіме құрастырса жақсы ғой! Саған +1!
Korean_Boy_5113
Келесіде Хаппи Энд болады…
Ais_97
ия солай болсын!
Zhassiko
Бұл мезгілде Әминә ауылына жеткен болатын.Ол Далабай мен Әминәнің зираттарына
келіп,ұзақ отырды, жылады.Іштей алғыс айтты да,өз үйіне қарай тартты.
Осы жерін сәл түсініксіздеу екен. Екі Әминә болып кеткен деп қояды түйсігім.
А так норм, бірақ соңы өкінішті екен.
Korean_Boy_5113
Қате жазып қойыппын ғой.Рахмеееттт байқамаппын…
Aknyet99
Анау асылған Әмина болмай шықты, біреуге күйеуге шығып кетіпті дегенге ұқсас жалғасын жазшаңшы (((((((((((((=
Korean_Boy_5113
Хехе, онда әңгіменің сәні кетеді ғой.
Zhassiko
мее, Әуезовқа ұқсамай ендігінде соңы «Бақытты ғұмырмен» бітетінін жазшы..)) А то ана қызға жаман жаным ашып кетті, не көрді десейші өліп қалатындай…
Korean_Boy_5113
Шынымды айтсам меніңдее жәмәннннн жаным ашып кетті.Байғұс-ау.Жалғыз өзі қалып,қайтыс болды… Байғеееееесссс
Jako
Арты қайырлы болсын!
Korean_Boy_5113
Соболезованияны маған емес, Наурызбектің отбасына айтыңыз.Мен жаай ғана әңгімені жазушымын…
yesbolat83
Царство небесное деушімед орыстар, әлде, пусть земля ей будет пухом дима?
Әңгіме өте ұнады. Өзге де өнегелі әңгімелеріңді күтеміз. Сәттілік!
marat_adai
амина бірінші балалары болса калай карындасы болады? әпкесі десеңізші
Ak123
өзін-өзі асып өлтірген адам періште күйінде кетпейді
followme_alik
whaha)))))))
Ak123
күлме, Нұржан, күлме! © суууррьезный әңгіме ғо))))
miras
Есікті ашып қалса шарға байланып тұр ма?
Korean_Boy_5113
Жоқ, бұл жай ғана сурет.Есікті ашып қалса,Әминә асылып тұр екен…
Togzhan
Есікті ашып қалса шарға байланып тұр ма?
Delfina
Дымым қалмай беріліп оқып отсам… жазушыға жыным кеп қалды. Тым жақсы періштені бірден аттандырып жіберген.
nurbanu_KAMAL
Мына әңгімеңіз маған ұнаған жоқ, шынымды айтсам. Сіздің бұл әңгіме арқылы айтпақ болған ойыңызды түсінбедім. Ол қыз не үшін асылып өлді? Інісімен жүргені үшін бе? Бірақ, бұл жерде Наурызбек пен Әминәның арасындағы қарым-қатынас айқындалмаған. Өзімше жүретін қыз-жігіт шығар деп топшылап қана қойдым. Әминаның «Сенімен танысқан күніме лағынет» деген сөзіне қарап. Алайда, Наурызбекте түк реакция жоқ бұл мәселеге қатысты. Әңгіме нанымсыз шыққан. Наурызбектің әкесі олардың бірінші баласын құдыққа тастатады. Бірақ, кейін бірге өмір сүруіне рұқсат береді. Тағы балалы болуларына да. Бұл оқиға сонда қандай логика бойынша өрбіген? Мейлі, кейін жүрегі жібіп кешірген шығар деп сенейік. Алайда, өзі құдыққа тастаған қызын сонша жылдан кейін көрген ананың сезімдері мен өкінішін суреттеу керек еді. Қыздың өлер алдындағы өмірге деген өкпесін келтіру керек еді. Сонда әңгіме суицид мәселесінің себептерін көтерді деуге болатын еді. Сонда бұл трагедиялық әңгіме ретінде оқыған адамды жылатып та алатын еді. Ал мен қазір ешқандай сезімге қалмадым.
Наурызбектің анасының аты кім? Әйтпесе «Наурызбектің анасы Наурызбекке» деген сөздер миды шаршатып жібереді.
Маған ұнағаны – қыздың есімі мен періште ұғымының жақындығы. Тақырып адамды бірден тартады. Сіз өзіңіз жаздыңыз ба? Өзіңіз жазсаңыз алдымен жақсы бір әңгіме жазғыңыз келіп, тақырыпты қойып алып, кейіннен уақытыңыз болмай не, жалқаулыққа салынып, шығарманы жазып біткенше асыққан сияқтысыз. Бұл пікірім үшін айып етпессіз. Болашақта сізден жақсы шығармалар күтемін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.