Ең үлкен Құран

Қызықты деректер /


Ауғаныстанның көркем сызу суретшісі соңғы бес жылда дүние жүзілік ең үлкен Құранды жасап шықты. Бұл кітаптың ұзындығы 2.28 метр. Қағаз және шүберектен жасалған бұл Құран 218 бетті және 500 кг салмақты.

Дүние жүзілік бұл ең үлкен Құранды жасау үшін 21 ешкінің терісін пайдаланған. Бес жылға жалғасқан бұл жұмысқа жарты миллион АҚШ доллары жұмсалған. Мохаммед Сабир Хедри атты суретші тоғыз студентпен бірге осы Кітапты жасап шығарған. Бұл екі жылдың алдынды дайын болғанымен беттерін түптеу жұмысы аяқталмаған және де Кітапты қоятын орын дайын болмағандықтан бұл туралы ақпаратты жасырын ұстаған.

3 пікір

AKA
Керемет! Ал, ең кішкентай Құранның өлшемі 2,6х1,8 см екен. Қалыңдығы — 1см, 300 беттен тұрады, салмағы — 5,2гр.
qyrmyzy
Өткенде Түркістаннан көрдік, алақаныңа сыйып кетеді, кучті
beko
Естімеген елде көп… Қарапайым адамға оқуға ыңғайсыз екен. Алып адамға арналғандай сірә.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.