Ресей және Еуропа елдерінде Sleepbox демалу кабиналары орнатыла бастады.

Қызықты деректер /
sleepbox кабинкалары
Жақында Ресейдің және Еуропаның ірі деген Теміржол вокзалдары, Аэропорттары, Сауда орындары т.б. көптеген мекемелеріне Sleepbox атты шағын кабинкаларды орната бастады. Көлемі 3,75 м2 алатын бұл шағын кабинкалар жататын орын, стол, терезе, ноутбукты және ұялы телефонды жалғауға тоқ көздері, ЖК-теледидар, Wi-Fi т.б. қосымшалармен жабдықталған.
Сіз 15 минуттан бастап, бірнеше сағатқа дейін жалға алып демала берсеңіз болады. Төлем сонда орналасқан арнайы терминал арқылы жүретін болады. Қазақстанға қашан келетіні әлі белгісіз! :)





20 пікір

pari
Ана құттақандай квадрат бөлмеге демалғанша үйде демалған артық. Бірақ, барлық жағдай жасалған екен. Теледидар, ноутбуг, салқын су, киім ілгіш, жататын жер барлғыны бір бөлмегег сиғызған екен. Бірақ бұл жасап жатқан демалу кабиналары аса ұнай қойған жоқ.
qyrmyzy
Басқа ел емес, өзіміздің басқа қалаға барсаң, отыратын жер таппайсың. Бір қалаға пересадкамен баратын болсаң, пойыз арасы біршама уақыт болса, вокзалдың бір бұрышында құ тізеңді құшақтап отырасың...әй, баласың ғой… ойланып жазайықшы пікір.
pari
бұл менің жеке пікірім. Ойым солай.Ойланып жазатын ештеңе жоқ.
rauan
Ана құттақандай квадрат бөлмеге демалғанша үйде демалған артық.
No comment
khairbek
не полт барин быр балага ұрынып бұл онын жеке пыкыры едыго, оздерын айтпакшы демократия кайда яғни свабодо слово дегендей или тек сендердің пыкырлерын пыкыр, ал баскаларыныкы пыкыр емес па не и? Бұл бала тек өз ойын айтқан едыго ал сендер оны жан жактан талап шакалдар сиякты ТӘЙТ енді қайталанбасын наттури деп қойяйын сөз сонында
qyrmyzy
Біздің аэропорттар мен вокзалдарда отыруға орын болмайды кейде. Тазалығын айтпай-ақ қояйын.
Kan
Өзгенің күйін айтқанша өзіміздің үйімізді айтайық. Қашанғы анау үйтіпті мынау бүйтіптімен күн кешеміз. Өзіміздің жетістігімізде жетіп артылады айтар болсақ.
qyrmyzy
тізіп жіберіңізші…
Kan
Азропорттан шыға берістегі он мың адамдық салынған мешіттің өзі қоғамдық жаңалық. Ішін сыртын суретке салып жіберіңдер Алла разы болсын. Қазақстанның өзінде шығарылған поез вагондары іші сырты заман талабына сай айта берсең жетедіғой
qyrmyzy
Батысқа баратын поездардың вагондары жайлы айтайын ба???
VVVWWW
Батысқа баратын??? Именно қай қала Орал, Ақтау, Атырау
AKA
Керемет, тек біраз орын алады екен, вокзал мен аэропорт үлкен болуы шарт.
serjan
Есікты жауып алғасын быраздан кейін тұншығасың ғой мынадан, ауа алмастырып тұратын құрылғысы бар шығар?
rauan
жоооқ, тұншықпайсың… бір емес бірнеше терезелер тұр ғой ))
User
Рақат қо мынауың) ұнады.Тегін Вай-Фай, тыныш таза.
Jako
Ең бастысы демалу құны қолжетімді болса жақсы да.
Ak123
тух бүгін осыған зар болғаным ааай, үйімнің алыстығын бүгін сезіндім универден
AL-ASTER
Tokioda kapsula konak ui bar edi goi, tauligine 10 dollar sogan uksaidi eken.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.