Түндегі оқиға

Қызықты деректер /
Күндегі әдетіммен бүгін де жұмыстан шыққан бетім. Аяңдап үйге кіріп келдім. Жеңгем өз тірлігін істеп жүр.
–Асхат келмеді ме?
-Жоқ. Кешікті ғой.
Кеш қарауытып қалған. Дәретімді алып, ақшамды оқымақшы болып жүргенмін. Істеп жүрген тамағын қоя салып жеңгем келіп:
-Ақжігіт, (қойған аты ғой) сенен бір нәрсе сұрайыншы деген едім.
-Сұрай қойшы.
-Намаз оқып жүрсің, білесің ғой. Жаңа жолда келе жатып осыны сенен сұрайыншы деп едім. Бүгін жеңгеммен сөйлескен тұғынмын. Сол жеңгем босанған болатын. Көп болмады, үйіне шықты жақында. Әңгімелесіп отырып, сөз арасында бастырылып қалғандығы жайында айтып қалды. Түсінбей, қайталап сұрадым. Айтысына қарағанда осыдан екі-үш күндей бұрын түнде кішкентай сәбиін ұйықтатып жатқан екен. Содан баласы ұйықтайды, бірақ өзінің ұйқысы келмейді. Көрші бөлменің жарығы жағулы екен. Қараңғыдан қорықса керек, өзі жатқан бөлменің де жарығын жағып қойыпты. Біраз уақыт ойланып жатады. Ұйықтай алмай, көзін ашып жатқан. Бір кезде бөлмеде жасы 5-6 жас шамасындағы қыз пайда болады. Шашын жайып алса керек. Бөлмеде ары-бері сықырлатып жүреді. Жеңгем бәрін біліп жатыр. Үйде кішкентай қыз жоқ болатын. Бұл қандай қыз, қайдан келген деп таңырқап жатады. Астындағы төсегі сықырлайды бір кезде. Қасына келіп жеңгемнің қолынан ұстап, әуеге көтеріп алақанынан қытықтайды. Жеңгемнің қимылдауға шамасы келмей жатыр. Содан жаңағы қыз жарықтың өшірілуін талап етсе керек. Ол өшірмеймін деуге әрең шамасы келеді. Қатты қорқады. Кет деп айтады кішкентай қызға. Ол кетпеймін дейді. Одан соң да бөлменің ішінде ары-бері жүріп аралайды. Қайта келіп жеңгемнің төсегін сықырлатады. Қорыққанынан не айтарын да білмей жатып қалады. Бір уақытта «пісміллә-пісміллә» деуге әрең шамасы келеді. Сонда да әлгі қыз кетпей жүріп алады. Содан айқайлап, бар даусыммен Құран оқи бастадым дейді. Әлгі қыз сол заматта қашып кетіп, ғайып болыпты.
-Түсі шығар?
-Жоқ, түсі емес екен, жарықты жағып қойып жатқан ғой. Бәрін біліп жатқан.
-Ой, үйдегі кішкентайлардың біреуі шығар. Сол ғой,- әйтеуір, жақсыға аяқталса екен деп отырмын.
-Жоға, өзінің үйіндегілерді таниды ғой. Ол мүлде бөтен екен. Өткенде ұйықтап жатып, менің де басымда осыған ұқсас жағдай болды. Біреу келіп қатты қылқындырып жатқандай болды. Қатты шошып тұрып, тілімді тез кәлимаға келтірдім. Содан өзіме әрең келгенім бар. Осыған не дейсің? Жаңағы жеңгемнің басындағы жағдай, өзімнің де жағдайым, бұлар не, шайтан ба?
-Қорқыттың ғой мені, жеңеше. Жалпы тілді кәлимаға келтіріп жүрген абзал ғой, жеңеше. Иман етіп, қашанда тілімізді кәлимаға келтіріп жүрсек шайтаны да, жыны да ештеңе істей алмасы хақ. Арман аға Қуанышбаевтың мына сөзі есіме түсіп отыр. Кез келген адамның бойында жын болады. «Домовой» дейді ғой, бізде. Сол «домовой» рас нәрсе. Олар жындар. Адамның бойындағы жындар қашанда кері тартып тұрады. Мысалы, жыным шығып тұр, жынымды шығарма дейді ғой. Осы сөздер содан қалған. Жақсы істі істеуге құлқың болмайды, жамандыққа құштар ғой адам баласы. Солардың барлығы жынның әсерінен. Ананы істеме, мынаны істе деп тұрады. Соларды жеңуіміз керек.
«Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдәр росуллуллаһ» сөз ұлысы ғой. Осы сөзді аузыңнан тастамашы, жеңеше. Түнде ұйықтар кезде айтып жатқаның дұрыс. Сонда жын-шайтан сенен аулақ болады,-деп өз білгенімше түсіндіргендей болдым. Өз жеңгемнің аузынан естіген соң, ойланып қалдым. Иә, бауырлар, ойланғанымыз дұрыс. Жоғарыдағы жағдайдың ешқайсысы ертегі емес. Қашанда өзімізді жақсы жағынан көрсетіп, лағнеті шайтаннан бойымызды аулақ салайықшы.

37 пікір

zhurttyn_balasy
"Ғылыми" түрде ондайды «сонный паралич» деп атайды. Адамдың денесі ұйқы состояниесіне кетіп бірақ миы ұйықтамағанда осындай жағдайдал болады. «Сонный паралич» көбіне ұйқы режимі бұзылғанда, бір нәрсеге алаңдап жүргенде, шаршағанда жиі болады. Галлюцинация, әр-түрлі «елестер» көрініп, дауыстар естілуі «сонный паралич» кезінде қалыпты жағдай.
zhurttyn_balasy
ондай ондай «бастырулар» жұрттың баласында да болады. Иә зрелище не для слабонервных. Ештеңеге шамаң келмей, тілің байланып, аяқ қолың жасамай быт шыт болып жатқанда оның үстіне біреу келіп қылғындырып жатады. Айналаңда ояу жүргендерді көріп, естіп жатасың, соларға «мені оятыңдар» деп айтуға тілің келмей даусың шықпай жатады. :)) вот такой вот сонный паралич
zhomart
Демек жын-шайтанмен байланысың бар болды ғой :)
zhurttyn_balasy
жалпы достарым сондай пікірлерін айтқан болатын, молдаға апарып жыныңды шығартайық деген. Молдаға апарып жыныңды шығартайын дегенде бірден әлгі соткаларда жүрген видеодағы «сенің атың кім, жасың нешеде деген сұраққа әәәіңәәғіәә атым пәленше» деп жауап беріп жатқан еркектің бейнесі сап ете қалды. Сонный паралич деп ойлаған әзірге ең жұбатарлық диагноз.
yerbol89
эхх сен де әңгіменің дәміл келтіріп тұрып жазасың ғой. ))) Мына сөзіңе қатып тұрып ой күліп алдым ғой. Иә зрелище не для слабонервных.
zhomart
Ол кісі кәдімгідей ояу жатқан, бәрін біліп жатқан. Айтуына қарағанда, анық көрінген
zhurttyn_balasy
Сілтемеден өтіп сонный параличтің атықтамасын оқып шығыңыз, дәл жеңгеңнің жеңгесі айтқанындай жағдай. иә түсініп тұрмын, бәрі анық, бәрі шынайы 5D әсермен көрінеді, қасыңда жүреді, даусы анық естіледі, елес сияқты кинодағыдай прозрачный емес, ұрса, қылғындырса да сезесің, соның бәрі сонный паралич.
zhomart
Қызық жағдай болды ғой: )
Jako
Қорқыныштылау екен.
zhomart
Аха, кеше менде естіп алып түнде дөңбекшіп шыққаным бар, қасымда "қыздар" жүрген жоқ па деп: )))
Jako
Ой, онда саған оң әсер еткен ғоо)))…
Jako
Рубенге қосыламын, бала кезімізде әжем қүнмен таласып (елең-алаң мезгілі айтқаны болар) жатпа,әрнәрсе елес береді деуші еді, сол сөздерінің жаны бар-ау.
zhomart
Айтайын дегенім де сол еді. Негізі жындардың адамдарға тікелей тиісуге «правосы» жоқ қой. Қорқуға еш негіз жоқ деп білемін. Жындар тек рухани жағынан тиіседі
Korkem
Пәлі, ып-ырас айтасыздар осы сіздер. Шынында да еркек атаулыға қыздарды әңгіме етуден басқа тақырып қалмағандай, біресе хиджап, біресе… очм, сідерді нетіп… вайымдап кетем ше
zhomart
Қыз???
Korkem
Иә, қыз, әйел…
zhomart
Жазбада қыз, әйел атаулыдан Ақмарал, және оның жеңгесі және «жалбыр шашты қыз» ғана айтылып тұр ғой: ))) Басқа нендей қыздарды көрмеятырм((
Korkem
сіз, демек, өзгелердің посты мен пікірін оқымайсыз деген өз
zhomart
Оқуын оқимын ғой. Тек Сіздер деп қарата айтқан біртүрлі жағдайда қалдырады екеншыы((
Ademi
«О чем говорят мужчины?»
mairosh
Түнде ұйықтап жатып таудан құлап бара жатқандай сезімде болып, селк етп ояну болып тұрады менде, ал дәл манағыдан жағдай болмаған, болмаса да екен…
Түс көрмеген ұйқым болмапты бірақ осы кезге дейін.

Мен былай ойлаймын, адам күндіз қатты ойға шомылса оның миында қыртыс пайда болады да, ұйқыға жатқанда солар біртіндеп жазылады, сол қыртыстардың жазылуынан адам түсті де көреді, елесті де көреді и.т.д.и.т.п.
dimash
опять 25, Майроштың аккауынтымен жазжівердім… :(
AKA
Басқаның аккаунтымен жазуды қойсаңшы.
dimash
әдеі емес ғой, специально да емес… Браузерде калып койган го аккаунты
User
Бір комптан ағайындылар кірген ыңғайсыз да?? менде сол інімнің аккаунтынан арасында кетіп қалад… Хаха
AKA
Шүкір, шүкір!
Ademi
Бастырылу… тілің бұралып, денең бағынбай, саусақтарыңды қимылдата алмай....лажа 11-сынып бітірген кезім мен 1-курста көп бастырылатынмын. Қылқындырмайтын, аяғыма отырып алатын, ал содан аяғыңды қимылдатып көр. Кеудемнен басатын, бір рет ваще қол-аяғымнан ұставап, ары-бері сілкілеп....ұжс, лучше не вспоминать Тфә-тфә, қазір төсекке барып құлаймыз да, таңертең тура солай тұрып кете береміз
zhomart
Ең ұлы сөзді айтып жүріңіз. Сонда жақсы болады
zilola
бұрындары менде де болатын бұндай жағдай. Ол деген тілімнің кәлимаға келмегенінен емес, ғылыми жауабы бар нәрсе. Шалқамнан (арқаммен) жатсам мойнымдағы тамырлар қысылып, ұйқыға кеткендей боламын, бірақ көзім ашық жатса да түс көре беремін.
Ет бетіммен немесе бір жағыммен жатсам дым да болмайды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.