Өмір жаңғырығы

Қызықты деректер /
Бір кісі және баласы екеуі орманда серуендеп жүріп, әкесі алдында, баласы артынан ізінен келе жатып, баласы сүрініп шалынып құлап түседі. Ауырған жері жанына батып «Аххх» деп айқай салады. Қасындағы таудан тағы «Аххх» деген дауысты естіп, қарайлап қоймайды.
Ешнәрсені түсінбеген бала «Сен кімсің?» деп айқайға басып, қайтадан жауабы «сен кімсің?» болады. Ашуланып «Сен қорқақсың!» дейді, қайтадан таудан келген дауыс «сен қорқақсың!» дейді. «Шық» деп айғайлап, сол дауыс қайтадан таудың ішінен естиді.
Әкесіне барып не болып отырған сұрап, әкесі: «тыңда және үйрен» деп тауға шығады. «мен саған қайран қалдым» деп айтып, сол жауап қайтадан келеді. Қайтадан «Сен өте әдемісің!» деп, сол жауап қайтадан қатады.
Әкесі оған түсіндіріп беріп, бұны адамзат баласы жаңғырық екен түсіндіріп айтады. Бірақ негізінде бұл өмір. Өмір әрқашан сенің бергендеріңді өзіңе қайтарады. Өмір жасаған мәмілеміздің айнасы. Өзіңді жақсы көргізгің келсе, алдымен өзің жақсы көр. Саған жұрттың жақсы мәміледе болуын қаласаң, өзің басқалармен жақсы қарым қатынаста бол! Адамдармен құрмет көргің келсе, адамдарды құрметте. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сенде сабырлы болуды үйрен.
Өмірдің барлық кезеңі үшін бірдей. Кездейсоқтық нәрсе емес, жасаған әрекеттеріміздің айнадан кері шағылысуы.

2 пікір

Korkem
Осы бір мысал көп жерде жазылып та, айтылып та жүр. Жақсы мысал
Zhanat
бір қолмен берсең екінші қолмен аласың деген жақсы сөз бар қазақта
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.