Әлем таныған таңбалар (Жылан және тостаған)

Қызықты деректер /
суретОсы нышан бүкіл әлем бойынша медицинаның және денсаулық сақтаудың белгісі ретінде кеңінен танылған. Жылан ежелден бері данышпандық пен зұлымдық нышаны саналып келген. суретТаңбаға енген қиянатсыз жыландар ежелгі Эллада дәрігерлерінің үй жануарлары болған деседі. Олар жарақаттарды, ауырсынатын жерді, қабынған көздерді емдеген.
Шығыс халықтары мен африка тайпаларының суреттерінде жылан таңбасы адам баласының денсаулығымен өте тығыз байланыста. Жылан адамды әп сәтте өлтіре салатын уға ие қорқынышты жануар. Жыланның аса қауіпті ауруларға таптырмас ем болатын қасиеті де бар. суретТостағанға оралып келіп, өз уын төгіп жатқан жылан бейнесінің медицинаның негізі нышанына айналуына дәл осы таңба әсер еткен.

Әлем таныған таңбалар кітабынан

1 пікір

zilola
Жыланды қатты жақсы көремін, қорқамын ғой, бірақ көре қалсам міндетті түрде қызықтап қарап тұрамын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.