Иесіне адал ит

Қызықты деректер /

Бір ерлі-зайыптылардың қанша жыл бірге тұрса да балалары болмаған. Олар өздерін жалғыз сезінбеуі үшін неміс овчаркасының күшігін асырап алған. Ерлі-зайыптылар күшікке өз балаларына қарағандай, қарап бағады. Күшік өсіп үлкен итке айналады. Әдемі, адал болып, үй егелерін ұрылардан бірнеше мәрте құтқарып қалады, оларды жақсы көріп, жамандықтардан сақтап отырады.
Ерлі-зайыптылардың күшікті асырап алғанына 7 жыл болғанда, өмірге көптен күткен сәбилері келеді. Олар бақыттан бастары айналып, уақыттарын тек балаларына ғана бөледі де, күшікке назар аудармайды. Ал күшік өзін керексіз сезініп, баладан үй егелерін қызғана бастайды.
Бірде олар баланы ұйықтатып, есік алдына барбекю пісіруге кіріседі. Сәл уақыт өткенде олар балаларын тексеру үшін бөлмесіне қарай келе жатады. Сол кезде бөлмеден аузы қан-қан ит атып шығады. Баланың әкесі ең жаман нәрсе болды деп жорамалдап, мылтығын алып иттерін атып салады. Кейін баласының бөлмесіне кіріп, бесігінің қасында бассыз жатқан жыланды көреді. Сол кезде көз жасын тия алмай «мен ең адал досымды өлтірдім» деп жылап жібереді. Бізде адамдарды жиі әділетсіз сынап-мінеп жатамыз. Одан жаманы, біз бұл тірліктерді ойланбастан, себеп-салдарын анықтамастан, не үшін істегенін білместен жасап жатамыз. Олардың сол кезде не ойлағаны, сезінгені бізге бәрібір болады. Біз асығыс шешімімізге кейін өкінетінімізді ойламаймыз да. Онда ендігі кезде, біреуді айыптап, кінәлау алдында осы адал дос атты мысалды есімізге түсірейік.

13 пікір

Daniar_alan
мынауың енД… итті жанұяның бір мүшесі ретінде қарайтын сентиментальді америкостарға болмаса… бізге жарамайды екен…
Karakulov
Автордың айтқысы келгені асығыс дәйексіз, дәлелсіз, анық-қанығын білмей жатып шешім қабылдамау, сабыр ету!
Қысқа да нұсқа жазылған! Бірақ, тағы да бірнеше мысал қосса зор болар еді деп ойлаймын.
Daniar_alan
Бізде адамдарды жиі әділетсіз сынап-мінеп жатамыз. Одан жаманы, біз бұл тірліктерді ойланбастан, себеп-салдарын анықтамастан, не үшін істегенін білместен жасап жатамыз.
осы ғой ойы… бірақ итпен байланыстырып не қажеті бар дегенді айтқам… қатты сөкпессіз…
pari
күшікті асырап алғанына 7 жыл болғанда
дейсіңде
күшікке назар аудармайды
дейсің сонда күшік жеті жыл өтседе күшік күйінде қала береді ме?!
Жазарда тағы бір оқып шығып қателіктерге бой алдырмайықшы!
p689606
Өте жақсы жазба! Екінші жағынан, мол сауап!
Осыған ұқсас Марк Твен жазған «Иттің әңгімесі» де аянышты. Жалпы, адамбыз, сондықтан иттің өмірін кешуге тиісті емеспіз, есесіне айналамызға да қарап жүру керекпіз.
Ит адамның досы. Тіпті, кей адамдардан да артық дос бола алады.
Өте әсерлі шығарма екен.Оқып отырып жылағың да келеді
zhomart
адал дос атанғың келсе иттен үлгі ал. Қанша дос бар, мына иттің тырнағына да татымайтын.
Meirbek
осы әңгімені басқаша түрде оқыған едім. Ит өте адал дос қой. Оған талай мысал, аңыз, кинолар бар. Солардың бірі Самый верный друг Хатико деген кино. Ол киноны көрген адамның жыламауы мүмкін емес, егер жүрегі тас адам болмаса. Меніңде 8 жасымнан бері келе жатқан қатты жақсы көретін итім бар еді, алдынгы жылы, яғни 18 жасымда үйден шығып кетіп, қайтып оралмады. Өзі сондай ақылды, сөзге түсінетін, дауыс ырғағыма дейін, ұрысып тұрғанымды әлде еркелетіп тұрғанымды бірден түсінетін. Ол әрқашан шығып кеткеннен кейін асып кетсе, 1-2 күн өткен соң қайта оралатын. Осы жолы көпке дейін оралмады, 1 ай өткенше үмітімді үзбедім, оралар деп. Бірақ, оралмады...(((
geofizik_001
қысқа да нұсқа екен. Тамаша ой саларлық!!! По секрету, шамалы ұялып та қалдым өзім үшін(қызба мінезім бар менің де анда санда ұстап қалатын).
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.