Қазақ кілемінің қадірін білетіндер бар

Қызықты деректер /
Батыстың арнайы интернет-аукцион сайтында қазақтың кілемі жоғары бағаланғандығы туралы жазылыпты. Таза жүннен тоқылып, оюлармен өрнектелген кілемнің бір шаршы метрі 700 долларға бағаланған. Бір айта кетерлігі, бұл жаңалық біздің елге қатысты емес. Өйткені кілем Әзірбайжанда тоқылған. Сол жақтағы қазақтардың еңбегі көрінеді.

Кілемге сұраныс Парсы шығанағындағы шейхтер мен Батыс елдеріндегі ақсүйектердің назарын үнемі аударып келеді. ХV ғасырда әлемге белгілі Ганс Гольбейннің «Соңғы» атты картинасында қазақ кілемінің бейнесі көрініс табуы тегін емес. Бұл картина Лондонның көркемөнер галереясында сақтаулы. Батыстағылар үшін қазақ кілемін анықтау онша қиын емес көрінеді. Ондағы ою мен өрнектің өз-ақ ұлт ерекшелігін айғақтайды.
Қазақ кілемінің отаны Әзірбайжанның Қазақ ауданы екендігіне философия ғылымдарының докторы Әлібек Қажығалиұлының «Ою мен ой» атты кітабында нақты айтылады. Ғалым қазақтың ою-өрнегін көп уақыт зерттеп, оның тарихи жақтарын анықтаған. Алтын орда патшалығы құлағаннан кейін Кавказдағы түрік тайпалары өздерін қазақпыз деп атап, Әзірбайжанның құрамында қалады.
— Әзірбайжан кілемдерінің арасынан өрнектеріне қарап, қазақ кілемін бірден табуға болады. Ою-өрнекті зерттеуші ғалымдардың айтуына қарағанда, қазақ кілеміндегі өрнек алтайлық шеберлердің қолтаңбасына ұқсайды, – дейді Әлібек Қажығалиев.
Жексен САҒЫМБЕКҰЛЫ, «Айқын».

6 пікір

Korkem
Қуантарлық жәйт. Бірақ неге Әзірбайжанда, неге Қазақстанда емес? өкінішті…
Delfina
Қазақстанның қазақтары көп нәрсеге көңіл бөлмейді, шетелде жүрген қазақтар көбіне қазақтарды танымал ететін. Олар салт дәстүрлерді бізден жақсы білетін болар.
KILYZAMAN
Солайы солай ау өзі… Қолда бар алтынды қадірлеуді үйренуіміз керек сияқты.
Jako
Секе, соған қолдау болса кані?
Jako
Сенде айтасың-ау..,(Дельфиге)
KILYZAMAN
Жайсаң – төсеніш, ілсең сән болатын қазақы кілем біздің де ұлттық мақтанышымызға айналар-ақ дүние еді. Алайда самарқаулығымыз ба, әлде немқұрайдылығымыз ба – қазақы кілемді ұлттық қолөнер үлгісі ретінде көрсетуден аспай келеміз. Іргедегі түрікмендер қиын кезеңнің өзінде кілем шаруашылығын сақтап қалса, біз беріде, елдің тұрмысы түзелген шақта, еліміздегі жалғыз кілем фабрикасы – «Алматыкілемнің» «жаназасын» шығардық. Осыдан кейін қазақ кілемі қалай өркендесін?
түпнұсқасы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.