Сіз қандай түсті ұнатасыз?

Қызықты деректер /
Ақ. Арман түсі. Бұл түсті ұнататын адамдар ешқашан біреуді ақ қара, жақсы жаман, соқыр мылқау деп талдамайды. Бірақ талғамы өте зор. Біреудің кемшілігіне күліп, өз жетістігімен мақтана бермейді. Шынайы, адал, ақкөңіл жан.

Қара. Ақ түске тікелей қарсы. Сенімсіздік, қараңғылық, жалғыздықтың белгісі. Көзқарасы өмірге басқаларға қарағанда қараңғылау, ат үсті қарайды. Бұл адамдарды көңілді жүргенін көру қиын. Үнемі қабақ түйіп, күйзеліске жылдам беріледі. Тіл табысу оңай емес. Себебі олар ешқашан шынайы болмайды.

Қызыл. Құштарлық пен шынайы сезімнің белгісі. Бұл адамдар күшті, батыл, қашанда қиындықпен күресе біледі. Төрелік жасап, жақсы араласады. Алайда ашушаң адам. Бұл адамдар саяхат жасауды ұнатады. Бұл түсті ұнатпайтындар өзіне сенімсіздеу. Қорқақ, сөз керістен үрейленіп тұрады. Бір адамға сенім артып, жақсы қатынас орнату аздап тартынады. Орыстардың қызыл түс ақымақтардың түсі дегенге сенбеңіз.

Сары. Сабырлықтың белгісі. Бұл адамдар жақын адамдармен қатынас жасау тартынбайды. Өзін интелегентті адам ретінде көрсеткіш. Эгоист. Бауырмашылдығы, қызығушылығы, ерлігі, біреуді ұнатып әрі өзі де біреуге ұнайтындай қырынан ашылады. Өзін біреудің жақтырмай тұрғанын байқаса, онымен тіл табысып. жақсы көңілде болу қиын. Таныстықтар әсер қалдырмайды. Жақпаған адамммен байланыспаудың жолын жасайды.

Көк. Мінездері ашық, ақкөңіл, рухани бай, сезімтал жан. Бұлар өтірік айтып күн кешкеннен, тек шынайылықты қалайды. Гормональді дамыған адамдардың түсі.

Жасыл. Табиғат түсі. Шынайылық пен жайма шуақ көктемнің жайдары мінезі. Оған билік көрсеткенін ұнатпайды. Қашанда өз ойын дәлелдеуге тырысады. Мұндай ұстаным ол үшін маңызды. Ұнатпайтындар үй шаруасындағы тірліктен қанады. Кез келген қиыншылықтың көзіне тіке қарап, күресуден қорықпайды. Тек жеңілдің үстімен, ауырдың астымен жүргенді қалайды.

13 пікір

Ak123
Ақ пен қараны бірдей натсам ше?
ereke_enu
Қара түс кірлемейд)
Ak123
м? бетке былщ еткізе салыңшиш)©ereke_enu
qyrmyzy
жатып ап күліватқан смайлик
Jako
Натуға болмайды, шынын айту керек.
zhomart
Қара түс, аздап келіңкірейді. Сенудің аса бір қажеттілігі жоқ болар.
Delfina
Студент кезімде қызыл түсті ұнаттым. Қызыл шапка, қызыл шалбар, қызыл сумкамен жүретінмін. Көйлек кисем қызыл капрон))))) Қазір соған күлкім келеді. Олардың бәрі қалды. Дәл қазір нақты ұнататын түсім жоқ.
ereke_enu
Қызыл өрік, қызыл өрік)
Aikona
Киім аларда көбіне көңіл күйіме байланысты, қатып қалған мына түсті ұнатам деп айтуым қиын екен. Көбіне қара киімдер кием, практично))
qyrmyzy
Ашық түстер ұнайды. Тек киімге қатысты емес.
ereke_enu
Көк. Мінездері ашық, ақкөңіл, рухани бай, сезімтал жан. Бұлар өтірік айтып күн кешкеннен, тек шынайылықты қалайды. Гормональді дамыған адамдардың түсі.
Мына жерден тұра алмай қалатын сияқтымын))
qyrmyzy
Гормональді дамыған адамдардың түсі.
:))))))))))))))) әттең, смайликтер жоқ, әйтпесе…
ZevsKO
мен қандай түстің өзіме ұнайтындығы жөнінде ойланбаппын да. ал фиолетовый қалай болады????????????
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.