Білгенге маржан

Қызықты деректер /
Ирена Сандлер (15ақпан 1910— 12 мамыр 2008)

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Варшава денсаулық басқармасының қызметкері, әрі поляктар жасырын ұйымының — еврейлерге көмек беру Кеңесінің мүшесі — Ирена Сандлер Варшавалық геттоға жиы барып, ондағы ауру балаларға қарайласатын. Осы «аңыз» бойынша Ирена және оның жақтастары геттодан 2500 баланы шығарып алып, балалар үйлеріне, жеке отбасыларға, діни мекемелерге орналастырған екен.
Кішкентай балаларды қораптарға, қаптарға салып, үлкенірек балаларды көлікке тиеп, үстін брезентпен жауып геттодан алып шығады. Балалардың жылаған немесе басқа да дыбыстары естілмес үшін көлікте геттоға кіргенде және одан шыққанда үріп үйретілген ит ұстайды.
Соғыс аяқталғаннан кейін балалардың ата-анасын табу мақсатында құтқарылған балалардың аты-жөні жазылған парақтарды, шыны ыдысқа салып, бақтағы алма ағашының түбіне көмеді.
1943 жылдың 20 қазанында Ирена тұтқындалып, өлім жазасына кесіледі. Алайда өлімнен құтылып, соғыс аяқталғанға дейін жасырынып жүрсе де, еврей балаларына көмегін аямады.
2007 жылы Ирена Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды, алайды ол жылы осы саладағы сыйлықты Альберт Гор алды («За изучение последствий глобальных климатических изменений, вызванных деятельностью человека, и выработке мер по их возможному предотвращению»).
2008 жылы 98 жасында өмірден өткен Ирена Сандлер көптеген адамдардың есінде адамгершіліктің, мейірімділік пен ерліктің айнымас нышаны болып қалады.
Осы тектес посттарды жариялайтын блог таппағаннан, "Қызықты деректерге" жаздым (айып етпеңіздер).

1 пікір

MSHERIMBEK
Сүйкімді әже екен. Өзімнің әжем есіме түсіп кетті. Күлкісі ұқсайды екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.