Мысық пен маймыл

Қызықты деректер /
Бір күні жолда мысық көзіне түскен жұрттың бәрін мазақтап келе жатады. Мысыққа екі маймыл кездеседі.
Осы кезде маймылдар үлкен ағаштың басынан араның ұясын көреді де, олар мысықтан:
— Әй, мысық, мынау немене, ағашқа ілініп тұрған? — деп сұрайды.
— О-0 бұл менің атамның музыка аспабы ғой.
— Даусы қатты шыға ма? — деп сұрайды маймылдар.
— Әрине, егер оны соғып қалсаң оның даусын барлық ел естиді,- дейді мысық
— Соғып көруімізге бола ма?
— О-0, жоқ болмайды, атам ашуланады, — дейді мысық
— Атаң мұнда жоқ қой, — деп болмайды маймылдар.
— Дұрыс айтасың, атам жоқ. Бірақ ол маған аспапты күзетіп отыр, ешкім оған жақындамасын деп тапсырып қойған.
— Бір рет қана соғуға рұқсат етші. Оның дыбысын қалай шығатының естігіміз келеді, — дейді.
— Жо-жоқ болмайды, әйтпесе ел дүрлігіп кетеді.
Маймылдар аспапты соғып жібергісі-ақ келіп тұр. Олар тағы мысықтан өтініп:
— Біз бір рет қана соғамыз, — деп рұқсат сұрай бастайды.
— Болмадыңдар ғой, тіпті, жарайды, соғыңдар, — дейді мысық. Бірақ мен бұл жерден аулағырақ кетейін, әйтпесе маған атам ашуланады. Егер ол менің осында болып, сендерге аспапты соғуға рұқсат бергенімді білсе, онда маған көресімді көрсетеді.
— Жақсы, тезірек қаш, біз мына аспапты соғып жіберейік, — дейді маймылдар қуанып.
— Е-е-ей! — деп айқайлайды мысық, қашып бара жатып. Тұра тұрыңдар мен әрірек кеткенше. Мен көрінбей кеткен кезде соға берулеріне болады.
— Жүгір тезірек.
— Тұра тұрыңдар. Асықпандаршы! — дейді мысық айқайлап. Мен әлі ұзаған жоқпын.
— Тезірек деп айқайлайды оның соңынан маймылдар.
Мысық көзден таса болған кезде маймылдар бір таяқты тауып алып, әлгі ағаштың бұтағында ілулі тұрған араның ұясын періп қалады. Ызаланған аралар үлкен бір музыка аспабын соққандай, шынында да, гүжілдей жөнеледі. Ара толған ұя жерге топ ете түседі. Маймылдардың ауыздары аңқиып, таңқалып қарап қалыпты. Ұядан шыққан бір үйір ара ызылдап аспанға көтеріледі…
Сонымен… бұл не болғаны? Аралар маймылдардың басын, құлағын, арқасын, мойнын шаға бастайды… Естері шыққан маймылдар алды-артына қарамай қаша жөнеледі, бірақ аралар соңдарынан қалмайды.
Маймылдар алдынан кездескен тоғанға күмп береді. Олар араның әбден ұшып кеткенінше су ішінде көп отырып қалады. Маймылдар араның гүжілі алыстап кеткен кезде ғана судан шығады.
Өздерін ақымақ қып кеткен мысықтың судың жиегінде отырғанын көреді. Маймылдарды күтіп тұрған мысық оларды көре сала, кішкентай бұтаның түбіндегі қызыл бұрыш өсіп тұрған бір діңгекке сүйеніп тұра қалады.
Мысыққа маймылдар келіп, одан:
-Әй, мысық, мұнда не істеп тұрсын? — деп сұрайды.
— Енді мен атамның бағындағы жемістерін ұрлап кетпесін деп күзетіп отырмын, — дейді.
— Немене? Жемістер дейсін бе? Біз оны жеп көруімізге бола ма?
— Жеуге болады? Бірақ мен кетіп қалуым керек. Егер сендерге жемісті жеуге рұқсат бергенімді атам білсе, онда ол маған ашуланады.
Маймылдар мысық әбден көрінбей кеткенше күтіп тұрады. Содан соң қызыл бұрыштың сабағын көп етіп жұлып алып, ауыздарына толтыра салып, шайнай бастайды…
Бір мезгілде ауыздарын өрт шалғандай болады. Маймылдардың көздерінен жас парлап, қызыл бұрыштан еріндері бұртиып ісіп кетеді…
Мысық бұл кезде көрінбей алыстап кеткен болатын.

11 пікір

maulen
Мысықтың қулығы түлкіденде асып кеттигой!!! маймылдарға обал-ай :)
Delfina
хе хе, қытырған екен. Маймыл десе маймыл-аййй
bambad
маймылдардың соншалықты ақымақ болғаны ма? иа, Дарвин: адам — маймылдан жаралды деп жүр-ау!
yesbolat83
Маған бұл пост осы өмірдегі алаяқтар мен жаман пиғылдылардан сақ болу керек деген ой туғызды.
ereke_enu
Ал, маған "қыз бен жігіт«деген сияқты әсер берді. Әдетте қыздарды „киса“деп еркелетеді ғой, жігіттерді маймылдан әдемі болса бопты дейд)))
yesbolat83
Сенімен келісемін.
ereke_enu
Маймыл мысықтан ақылды білсеңдер. БиБиСи қарауды ұсынамын
korwinin_kyzy
Браз! ана мысык просто сондай мыскко сирек кездесетин Иошкин кот
eerkinuly
kizik eken winimen misik degen kizga maumil degen balaga keletin siakti.winimen aielder kauimida aldauga jakin jurmeima.
Meirbek
мынау мысық емес түлкі ғой!))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.