Қытайлық өз әйелін сұлу болмағаны үшін сотқа берді

Қызықты деректер /
Бәрі де қытайлық Цзянь Фенгтің айдай сұлу, теңдессіз әдемі саналған бір бикешке үйленуінен басталыпты. Ойдағыдай болған бақытты өмірлері бір күнде өзгеріп салады деп кім ойлаған. Дүниеге келген тұңғыштары қыз баланың арқасында…

Мәселенің мәнісі, әлгі қыз бала ажарсыз туылғаны былай тұрсын, не әкеге, не шешеге ұқсамапты. Содан қорқып кеткен Фенг мырзамыз нағыз әкені іздестіру жолына түсіп әлек болған. Таппапты. Табылмайтыны айдан анық болатын…

Ақырында аттай қалап алған жары бәрін мойындады. Мойындағанда сол, кезінде Солтүстік Кореяға арнайы барып, 100 мың долларға ота жасатқан. Сол арқылы түр-келбетін түпкілікті өзгертіп алған.

Ашуға келген Фенг ажырасып қана тынбай, істі сотқа тапсырыпты. Оның ойынша, арбап алған сұлулық үйіне алдамшылықпен кірген. Содан не керек, соттағы мамандар істің ақ-қарасын анықтай келе, балалы әйелге 120 мың доллар көлемінде айыппұл кесіп отырған көрінеді.

27 пікір

Jako
Байғұсқа сатып алған сұлулық сор болып келген екен да.Бұдан шығатын мораль «Алланың бергеніне шүкіршілік қыл»-болар.
bambad
ote durys aitasyz agasy
didi0393
естимеген елде коп ))) сонда махаббаттары кайда кеткен?
mairosh
«Сұлулық — бетте емес жүректе» )))))
Korkem
Мынаны Массагеттен алдың ғой деймін…
yesbolat83
Неке қиылмай тұрып әйелі бар шындықты айтуы керек еді. Ота жасатқаны үшін ажырасу деген, айта алмаймын. Мүмкін реніш те бар шығар, шындықты айтпағанға.
Kan
Қытайлықтың болғансоң солай істейді да. Қазақ болса " қой ұят болда" деп ешкімге естірпей жүре беретін еді. ұлттың өзгешелігі осындайдан білінсе керек.
yesbolat83
Kan, өте дұрыс айтасың. Біздің қазаққа жететін ұлт жоқ ғой.
ereke_enu
))) Енді баласына да ота жасату керек
Delfina
қайдағыны айтады екенсің. Дені сау балаға ота жасатқанша, ана болмай-ақ өтсін оған.
ereke_enu
бұл — әзіл
Abylai
xD Ереке, соңғы кездері әзілдерің өтіңкіремей жүрген сияқты ма қалай қалай өзі ))))
ereke_enu
Білмейм, келер жолы күлетін жерін жазып жүру керек шығар)))
Delfina
Ереке сонша не болды минустайтындай)) біліп отырмыз сенің әзілдеп жазғаныңды. Бірақ сондай жағдай болса дегенім еді.
ereke_enu
)))
ereke_enu
))) Мен жылдам жазалаймын
qyrmyzy
Мен сенің әйеліңді аяймын © :)))))))))))))))))))
ereke_enu
сені-ақ, әйтеуір, аяй береді екенсің)))
Delfina
Қарғам, байқа, өзіне кері әсері тиіп кетіп жүрмесін))
ereke_enu
Әжемді есіме түсірдің))
Delfina
Бір корейдің сондай киносы бар едіго, бір жігіт ушін бастан аяқ ота жасатады.Толық қыз ап арық 90-60-90 болып шыға келеді.
Delfina
«200 фунтов красоты» деген. күшті кино.
qyrmyzy
уау, қарау керек екен. Бөлісе отырыңыз осылай
korwinin_kyzy
мен бугыннен бастап FLOOD. троль лол, барин койдым КЕЧЫРЫНЫЗДЕР МЕНЫ
Abylai
Hallelujah
korwinin_kyzy
Аллилуйя — Хвалебный припев церковных песнопений в христианском богослужении, Егер мұсылман болсан таста бұл сөзді САБАЛАҚ Бауырым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.