Зұлымдық мейрамы (Хэллоуин)

Қызықты деректер /
Зұлымдық мейрамы әлемдегі жын перілердің ең ежелгі мейрамдардың бірі болып саналған. Бұл көрер көзге түрпідей тиіп оғаш көрінетін мейрамда кельт мәдениетінің тылсым күштерді ұлықтау дәстүрі мен христиандық барлық әулие әнбиелерге тағзым ретінде жоралғысы тоғысқан.
Хэллоуин мейрамының шығу тарихы кельттердің Самхэйн фестивалінен, римдік Помона күні мен христиандық Барлық әулие әнбие күнінен бастап, мыңдаған жылдарға созылады.
Ғасырлар бұрын Ұлыбритания мен солтүстік Францияның жерлерін кельт тайпалары мекендеген.Пұтқа табынған олар Күн құдайдың тәңір тұтқан. Кельттер екі бөлікке; қысқы және жазғы мезгіл деп бөлінген. Олардың сенімінде қыс бойы Күн құдайы өлілердің билеушісі және түнек әскерін басқарушы Самхэйннің тұтқынында болады деп есептеген. Қыс басталар кезде, 1 қараша күні дәстүрлі түрде Самхэйн фестивалі өтетін болған. Бұл уақытта наным бойынша жаз қысқа орын беріп, күн түнмен, өмір өліммен, алмасқан. Тылсым әлемдердің ортасындағы барлық кедергілер жойылып, қақпа бір түнге ашылған. Марқұмдардың барлық орындалмаған армандары мен үміттері жер бетіне қайта оралып, олардың жаны бір түн өз шаңырақтарында қонады. Зұлым рухтар жануарларға, қауіптілері мысықтарға қонады. Бұл түні барлық тылсым күштер жер бетіне түседі.
Тағы басқа сенім бойынша 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні тірі табиғаттың рухтары друидтер биік төбе басына шығып емен тоғайларына жиналып алау жағып, күш иін жібіту үшін оларға арнап құрбандық шалған. Таңертенмен адамдарға өз алауының шоқтарын үлестіріп, үйіндегі ошақ отын жағуға көмек берген. Жаққан оты ошақты қыс бойы сөнбей, үйді жылытып қоймай, зұлым күштерден сақтанған. Осылай өз дәстүрлері мен мейрамдарын алып келіп, 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні өсімдіктер құдайы Помона күні тойлана бастады.
ІХ ғасырда христиан діні бүкіл Ұлыбритания аумағына тарала бастап, бұл ежелгі дәстүр тағы бір жаңа мейрамсымақ католиктердің діни рәсімімен араласып кетті. Бастапқыда бұл кеш ALL HALLOWS EVEN немесе ALL HALLOWS EVE, кейін дөрекі деп өзгертіліп HALLOWE«EN ДЕП, тағы кейін HALLOWEEN деп аталып кетті.
Хэллоуиннің негізгі нышаны асқабақтан жасалған бас. Дайындау үшін асқабақты ішін тазалап, сыртынан екі көз бен ауыз мұрнын ойып, тесіп, ішіне балауыз шам жағып қояды. Мұндай асқабақ олардың нанымымен астықтың жиналып біткенін, зұлым күш пен оны үркітіп тұрған от құдайын еске түсіреді.
Аңыздарына қарағанда Самхэйн бір мезгілде өткен мен болашақтың қақпасын бірдей ашады. Бұл кезеңде адам өз уақытының тұтқынынан босап, мәңгілік көштегі өз орнын анықтай біледі. Хэллоуиннің кеіпкерлері саналатын мыстандар мен жын перілеросы қақпа күзетшілерінің көлеңкелері.

5 пікір

khairbek
джарайсын М
Jako
Өмір жақсылықтар мен жамандықтармен қатар тұрады, нені қабылдау, нені қабылдамау адамдардың өз еркінде.
korwinin_kyzy
тыныш тыныш Қожа пиліміндегі дироктордын интонациясымен
didi0393
тойлаганды куптамаймын уащееее
korwinin_kyzy
шетел пилымдеры әбденн сынып кеткенго санана
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.