Теңге Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны.

Қызықты деректер /
Әнұран, ту, елтаңба, теңге ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Ұлттық валютаның «тұсауын кескен» ҚР Жоғарғы кеңесінің жоспарлау бюджет коммисиясының төрағасы С.Тәкежанов болды. Ол ұсынған теңге деген есімі республиканың Жоғарғы кеңесінің және үкіметінің мүшелері арасындағы жабық пікірталаста болды.
1992ж инфляцияның денгейі 250 пайызды құрады. 1993ж шілдеде Ресей келісімін бұзып, Қазақстанға үш күн бұрын хабарлай отырып, өзінің ұлттық валютасының құрамын енгізді. Баға шарықтай түсіп, халықтың жинақ шоттарындағы ақшалары қарқынды түрде құнсызданды.Қазақстанға ескі үлгідегі кеңес өкіметінің ірі ақшалары көбейіп кетті. Алаяқтар көбейіп, ақша құрдымға кете жаздады. Дүкендердің сөрелерінен тауарлар, азықтар, сұраныс тауарлары дымдай құрыды.
Мемлекет басшысының ақша реформасын нақты жүзеге асыру мақсатында, радио мен телеарналарда қажеттілігін түсіндіре отырып, сөйлеуі Қазақстандықтарды тыныштандырды. Айырбастау 1993ж 15 қарашада сағат таңғы 8:00де басталып, 20 қарашада сағат 20:00де теңгені нақтылап орнықтырды. Айырбастау 1 тенгеге 500 рубль болды.
Алғашқы теңгелер Анлияда шығарылды. Банкноттардың пайда болуы бір мезгілдеӨскемен қаласында Үлбі металлургия зауытында алғашқы Қазақстан тиындарын шығаруға дайындық болды. Елді қағаз ақшамен қамтамасыз ету үшін Алматы қаласында банкнот фабрикасын құруы шешілді. Президенттің жарлығымен "ҚАЗАҚСТАН ТЕҢГЕ САРАЙЫ" РМК тіркеу туралы куәлікті 1998ж қарашада алды.

2 пікір

yesbolat83
Әлі есімде рубльден теңгеге ауыстырылған кезең. Мен ол кезде 4-ші сыныпта оқитынмын. Ата-анамның көп уақыттан бері жинақкассасында жинаған Волга автокөлігін алуға жететін көөөп мөлшердегі рубльдері теңгеге шаққанда өте аз-ақ ақша боп қалып реніш білдірген болатын.
Бірақ, өзіміздің ұлттық нақыштағы валютамыз болғанға не жетсін!
Karakulov
Ол кезде есімді білмесем керек. Әкем бар, анам бар, ағаларым бар, тек ойыннан бас алмайтын дәурен еді мен үшін. Кейін естисің тек, «ой, сендер нені білетін едіңдер, қиын заман өтті ғой»-деп жататын.))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.