Компьютер қалай пайда болды?

Қызықты деректер /
Компьютер қалай пайда болды?
Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болыпты.Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген.Ал, жалпы компьютер сөзі ағылшын тілінің «to compute» «computer» сөздерінен шыққан.Бұл сөз «есептеу»,«есептегіш» мағынасын білдіреді.
Есептеуіш техникалардың қарқынды дамуы X1X ғасырдан басталды.«Адамсыз есептеулер автоматының» авторы Чарлз Бэббидж болатын.Оны қазіргі компьютердің атасы деп те атайды.
Ал дүниежүзі бойынша алғашқы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған ғалым Ада Лавлейс бірінші бағдарламашы деп саналады.Ал «ЕМАС» деп аталатын бірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы Пинсильвания университетінде жасалды.Оны құрастырушылар-ДЖ.Моучли мен ДЖ.Эккерт.
Алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың салмағы көптеген тонна болатын және бірнеше бөлмені алып тұратын.Қымбаттығы сонша — мұндай машиналарды ел үкіметтері мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын.Дербес компьютерлер жайына келсек,1990 жылдан бастап Apple Corporation фирмасының Macintosh маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады.

Компьютердің құрылысы:
Жүйелік блок — дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Тышқан – «графикалық» басқару құрылғысы.Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.

Ақпараттар-Жұлдыздар отбасы журналы ж/e википедиялан алынды.

6 пікір

dimash
ммм компьютер деген осы екен ғой
MSHERIMBEK
бғат, әлі википедиадан ұрлап жүрміз ба? =))
Aknyet99
Жартысын журналдан жаздым)))
qyrmyzy
Қайдан алғаныңыз жайлы жазып кетерсіз?
Delfina
Тышқанды кілемшенің үстінде жылжытады екен ғой, көп рахмет пайдалы кенес бергеніне))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.