Халықаралық ұйымдар

Қызықты деректер /
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
БҰҰ(Біріккен Ұлттар Ұйымы)-1945 жылы құрылды. Штаб пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. Құрамында 188 ел бар.(2000 ж)
ЮНЕСКО(БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйымы)-1946 жылы құрылды. Штаб пәтері Париж қаласында орналасқан. Құрамында 183 ел бар.
ЕО(Еуропалық одақ)- 1957 жылы құрылды. Штаб пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Құрамында Аустрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Франция, Финляндия, Швеция елдері бар.
АСЕАН(оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы)-1967 жылы құрылды. Штаб пәтері Джакарта қаласында орналасқан. Құрамында Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Вьетнам, Бруней, Лаос, Мьянма, Камбоджа елдері бар.
ОПЕК(Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы)-1960 жылы құрылған. Штаб пәтері Вена қаласында орналасқан. Құрамында Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Ливия, Алжир, БАӘ, Венесуэла, Габон, Индонезия, Катар, Кувейт, Нигерия елдері бар.
МАГАТЭ(Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік)-1987 жылы құрылған. Штаб пәтері Вена қаласында орналасқан. Құрамында 120-ға жуық ел бар.
НАТО(Солтүстік Атланттық келісім ұйымы)-1949 жылы құрылған. Штаб пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Құрамынды АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Дания, Канада, Люксембург, Исландия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Грекия, Түркия, ГФР, Чехия, Венгрия, Польша, Болгария, Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Эстония елдері бар.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.