Ұлы Жаратушының қардағы шеберлігі

Қызықты деректер /
Кәдімгі қардың әрбір қалаушасында Ұлы Жаратушымыздың шеберлігінің мөрі бар. Жай көзімізбен қарағанның өзінде әрбір қар түйіршігінің бір-біріне ұқсамайтынын көреміз. 1 метр2 қарда 350 миллион қар түйіршігі бар деп жобалануда. Бұлардың әрқайсысы әр түрлі симметриялы ою-өрнекпен безендірілген хрусталь тәріздес алты бұрышты пішінде екенін білесіз бе? Қар түйіршіктерінің бұл ғажайып сыры соңғы 100 жыл­да ғана белгілі болды. Уилсон Бертлей 1885 жылы фотомикрофик фотоаппараты арқылы 46 жыл қар түйіршіктерін түсіріпті, артынан «Қар түйіршіктері» атты кітабын жазады. Уилсон Бертлей өзі түсірген 5300 суреттің ішінен бір-біріне ұқсайтын екі суреттің кездеспегенін таңғала айтады.

Жер бетіндегі барлық қар түйіршігінің бір-біріне ұқсамайтын алты бұрышты әрі геометриялы пішінде болуы – Ұлы Жаратушымыздың теңдес­сіз шеберлігі мен барлық қардың пішінін білетін шексіз ілімінің белгісі болса керек. Жер бетіне түсіп, ерігенге дейін ғана өмірі бар әрбір қарда өзінің құдіреті мен шеберлігінің мөрін нақыштаған Алла қандай ұлы! Мұны да кездейсоқ дейтіндерге не дейік?







51 пікір

Delfina
Қандай әдеміііііі…
VVVWWW
Әрине кездейсоқтық, қарапайым физиканың заңын білмей Жаратушыға Аллаға теңгені неткен надандық!
Ия суреттер әдемі
Kan
Бұл жерде физикалық заңдылық туралы айтып тұрған жоқ. Сол қарлардың бір біріне ұқсамайтындығында Алланың шеберлігін меңзеп тұр емес пе. Әрі қарды адам жасап шыға алмайды ғой. Физика оның өрнектерін арнайы әр түрлі қылып жаай алмайды.
VVVWWW
Кан мырза тап бұл жерде сіздің Аллаға деген сеніміңізді сыйлаймын, құрметтеймін. Бірақ Алла, Құдай, Жаратушы дегендерге өз басым сенбейтіндіктен (мойындамағандықтан) әр нәрсені ерекше құбылысқа таңа беру қисынсыз болып көрінеді маған.
Әрине бұл жерде қарапайым физикалық құбылыс (будың қатуы туралы аздап болса да түсінігіңіз болса)
Сосын дін жөнінде (сенім жөнінде) айтыспай-ақ қой бұл жерде
Korkem
Дауа жоқ екен саған!
Kan
Менде сіздің адмаи сана-сезіміңізді жоғары бағалаймын. Әр кім еркін ойлауға құқылы. Сіздің жеке сеніміңізде шаруам да жоқ. Тек кейбір тамашаларды және адам ақылына симайтын тылсым дүниелерді көргенде таң қалатыным рас.
korwinin_kyzy
VVVWWW Сенің Әйелін саған негір(НИГЕР) бала туып берсе ол да кездейсоқтықпа Әлде бұл жерде бір Негрдің қатынасы барма?
Кездейсоқ ештене болмайды
Соңғы өңделген уақыты:
VVVWWW
Бүкіл әлем кездейсоқтынтан тұрады (менің түсінігімде ғой енді, ешкімге таңбаймын). Мысалы ғаламның жаратылуы, күн жүйесінің пайда болуы, жердің, ондағы тіршіліктің, адамзаттың деген сияқты.
Сосын менің айтаберге тіркелуім, осы пікірді жазуым, бәрі, бәрі…
Jako
Мәке,өте батыл айтылған пікір…
Yasin
VVVWWW, сен сонда аяғың аспаннан салбырап түсе салдыңба? әлде кездейсоқ анаңның қарнына біте салдыңба, ғылыми жұмыстарымен дүниеге аты шыққан ғалымдар исламды қабылдап Аллаға бойсұнып жатқан сенің мынау не сандырағың керек болса хрестиандарда құдай дейді.Сені тәп тәуір жан деп жүрсем қуып кеттің ғой
Соңғы өңделген уақыты:
qwenchi
Сені тәп тәуір жан деп жүрсем қуып кеттің ғой
Сонда адамның жақсы жаманын дініне қарап бағалайсыз ба? Құдайды мойындамай да тәрбиелі, жақсы адамдар болатынын білмейсіз бе?
Осы Құдайға сенетіндер неге агрессивный болады?
qwenchi
Ал мынандай нәрселердің түсініктемесі қалай сізше: Әлгі қабырғасында Алла деген арапша жазуы бар қозы, аяғында бір арапша жазулары бар нәресте?
MSHERIMBEK
Егер дейм да, Қозылардың үстіне жазылған белгілерге қарайтын болсақ мен әлдеқашан христиан дінінде жүрген болатын едім:) Себебі оларда да осындай нәрселер толып жатыр, тіпті мұхит ортасындағы крест тұрған, бұл арасынан Исаның жүзі көрінген белгілер бар. Так ышто бұлардың негізінде дінді қабылдау дұрыс емес сияқты, имхо. ВВВның жауабы маған да қызық:) Жақсы жігіт өзі:)
VVVWWW
Сен сол жазуларға теңірек ұңіліп қарадың ба (арабша аллах дегеннің қалай жазылатынан) әншейін шатпақ қана (кез келген жазуды соған теңеуге болады)
Yasin
мен оларды меңзеп тұрғаным жоқ мысалы Кусто ащы сумен тұщы судың араласпай тұрғанын таптым деп ол құранда жазылған дедік сол сияқты құранда айтылған мұғжизаларды эврика деп жатқанда. Қазақта мынадай мақал бар Құдайдан қорпағаннан қорқ деген
korwinin_kyzy
Атейстбектермен Атейстгульдерді сайтқа кіргізбеу керек
Депутаттар қайдасындар
VVVWWW
Сайт ережесінен:
— Кез-келген әдептілік шегарасынан шығып, діни, ар-ожданды таптау, ұлтшылдық, антирекламалық, боқтық мәнге ие болған пікір сайттан өшіріліп, автор белгілі бір мерзімге дейін сайтқа кіру құқығынан айрылады;

Әрине атейст екенімді мойындаймын, бірақ сайттан кететін ойым жоқ, ондай шеттетушілік қайдан шыққан (бұл сайтты діни сеніміне, жасына, нәсіліне қарамай қолдана беретін шығар десем) Бұл қайдан шыққан дискринимация?
korwinin_kyzy
сот шЕшімімЕН қара қарғалар ішіНдЕ ақ қарға болмауыНыз сұралады
VVVWWW
Арпа ішінде бір бидай жүруі әрине қажеттілік болар
korwinin_kyzy
дәл сэң сияқты бидай қажэт эмэс))))))))
VVVWWW
Бұл жерде қажет пе, әлде қажет емес пе шешетін сіз емес, сосын Сіздің діни сеніміңізге тиісіп жатырған ешкім жоқ, бұл жерде айтыспай-ақ қояйық дегенім ғой
korwinin_kyzy
эшкім айтысып жатқаң жоқ, пыросты сыздың пыкырлэргэ джауап қатыпватрм)))))))))))))
Jako
Көршінің қызы қарындасым,қатын болғаныңда қос үйді қоса қондырмассың, қыз кезіңнен түрің жаман шырағым.Жүрген жерлеріңді байқап қарасам бәрі бүлік, бәрі бәле іздеу.
Соңғы өңделген уақыты:
korwinin_kyzy
Ага айбайланыз маган олай сойлемениз ноп нобый аяк ким сатып(кросопка) алдым енди кушти тоблесетин сиякты боп турмын Ал мен ескерттим ал пиняйте на себя ал
dimash
Тынышталды ма дегенде бастағым келіп отқан жоқ, бірақ менің адам ретінде сыйлап жүрген хирург ағайым «мен атеистпін» дегенде айтарға жауап таппай ойланып қалып едім, ол ағай өте білімді, қиялға берілмей барлығына шынайы қарайды, орысша айтқанда «как есть».
korwinin_kyzy
Білімді болған жақсы ғой әрине өз саласында, бірақ Бірінші Алланы тану керек, егер Алланы танымаса қалған білімдер бекер
мейлі ол Спидты емдейтин дари ойлап тапсада
Ал минустандар
Байқағаным мұңда минусты пікірге қарап емес Адамның Репутейшынына қарап қояма деген ойлар жағалап жур
Мейли ол не айтып жатсада жаксы айтама жаман айтама
АЙНАЛАЙЫНДАР ау бұндайды қашан қоямыз
Соңғы өңделген уақыты:
AKA
Қойшы енді, кеше сөйлестік емес пе?! Жабайық бұл тақырыпты…
korwinin_kyzy
болдым Бғат қойдым енді қайталанад)))
MSHERIMBEK
бғат бұл теманы талқылаған сияқты едік қой…
qwenchi
Бірінші кезек сені кіргізбеу керек сияқты
yesbolat83
Қардың қандай болатынын білсем де дәл қазіргідей ерекше кереметтілікті сезініп көрмеппін.
Уилсон Бертлей өзі түсірген 5300 суреттің ішінен бір-біріне ұқсайтын екі суреттің кездеспегенін таңғала айтады.
Субханаллаһ, десеңізші!
Abylai
Физика жасасэн дегеннен басқа айтарым жоқ
MSHERIMBEK
иә, физика демекші айта кетсем.
Жалпы, осындай нәрселерден кейін құдайға сену эффектінің артуы дұрыс емес немесе осындай нәрселер арқылы сенім (иман) эффектілерін күшейту дұрыс емес. Неге деген заңңңдық сұрақ келіп шығады, әрине. Мысалы, қарапайым адам өзінің білімі жетпейтін нәрсенің барлығына құдай тарапынан жасалған керемет (мұғжиза) секілді қарайды да. ооо, мен құдайға жақындауым керек екен деп ойлап әрекет жасайды. бұл жақсы әрине, басында. кейін өзі құдайға жақындауына себеп болған «мұғжизасы» жай ғана табиғаттағы заңдылықтан келіп шығатынын көргенде сенімінің парша парша болатынын елестетіп көріңіз. бір себептің негізінен құдайға сену деген болмас-ау сірә. яки, сену яки сенбеу. ощм, Абылай мені түсіндің:)
AL-ASTER
Дүниенің тамаша көріністері өте көп екенін бәріміз де білеміз. Бұл посттағы қар кристаллдары тек бір ғана құбылыстың нәтижесі болып тұр ғой.

Яғни, кез-келген зат физика заңдылығы бойынша кристаллдан құралады. Кристаллдың физикалық және химиялық (сонымен қатар көзге көрінбейтін толқындардың да қатысы бар) қасиетіне орай зат түзейтіні, олар үш агрегатты қатты, сұйық, бу күйінде кездесуімен қатар, барлық зат атомнан тұратыны, атом өз кезегінде протон, нейтрон оларды шыр көбелек айналып күзетіп жүретін электроннан тұратынын орта мектептің физика кітабында анық жазылған.

Автор мені кешіріңіз, бірақ постыңыздың оқырманы ретінде өз ойымды айтайын. Бұл посттағы құбылыстың халықаралық ортақ білім стандарты бойынша бекітілген сипаты бар, оны әсіресе физика саласының оқулықтарынан көп кездестіруге болады, оны білу үшін физик болып та міндет емес. Себебі бұл бар болғаны элементарлы құбылыс.

Ғылым — дін мен ұлтты талғамайды, құрметті достар осыны ескерсек деген өтініш бар. Ғылыми тұжырым сарапқа салынған уақытта, дін және ұлт араласу бұл қарапайым заңдылықтан ауытқу. Ауытқу кездейсоқтықтан болмайды, ол білім, ғылымның жетіспеушілігінен болып жататын көрінеді, кешіріңіздер қате айтсам, бұл менің ойым. ғылымды талқылау бір бөлек, ғылым мен дінді ұштастыру бір бөлек әңгіме болып тұр.
Korkem
AL-ASTER мырза, сіздің өз ойыңызды құрметтеймін. Бұл жерде шу керемет жаратылыс заттарының неден пайда болуы мен Ұлы Жаратушыға деген сенімде болып тұр. Көпшіліктің өзіңіз айтқандай физиканы білуі шарт емес, есесіне олардың Жаратушыға деген сенімін сыйлау керек. Көпшіліктің пайымдауынша мұндай "ғажайыптар" Жаратушы тарапынан болғаны анық, ал ЖАратушы шексіздігіне шектеулі адамзат миының түсінуі мүмкін емес нәрсе. VVVWWW мырзаның «аса» білімді екеніне басымды иіп тұрып, көпшіліктің Жаратушы, Ислам жайлы сенімі мен түсінігін сыйлауын талап етемін! Өзінің білімділігі мен білермендігін тықпаламасын! Бәрібір мұндай ғажайып жаратылыстардың қалай пайда болатыны құпия күйінде қалатыны сөзсіз немесе көпшіліктің миында солай қалыптасады.
AL-ASTER
Құрметті достар, дін турасында да пікір жазылып жатыр екен. Діни сауатым жоқ болса да, бір пікіріме бола діни көзқарастарыңызға қарсы шықтың деп айыпқа бұйырмаңыздар.
Әр нәрсе кездейсоқтықтан бола бермейді. Себебі, кездейсоқтық — өз алдына бөлек тақырып. Таза ғылым. «Теория вероятности». Бұны білесіздер. Кездейсоқтық адам қалауына бағына бермесе де, ол заңдылыққа бағынады. 36 картаның арасынан бір картаны алып шықсаңыз, әлбетте 36 картаның шеңберінде ғана бір карта шығады, 37-ші бөлек карта өзінен өзі шықпайды. Шыққанның өзінде, себебі бар. Сонымен, барлық құбылыс заңдылық пен себеп салдардың есебінен орын алады.

Азартты ойындардың бірі — покерді мысалға алайық. Аталған ойын математикалық ойлау қабілеттілік пен психологиялық заңдылықтарды қатты талап етеді. Мемлекетті басқару формасы да дәл осы математика ғылымы мен психологиялық заңдылықтарды қатты ескереді. Әр гиганттық басқару жүйесі, әр бизнес лидерлері математика ғылымы мен философиялық заңдылықтарды сыйлайды, тіпті мафия, қылмыс әлемінің жетекшілері де осы заңдылықтарға бағынады. Бұл заңдылық. Барлығы себеп салдар мен заңдылық. Бұлардың адамзатқа белгілісі аз емес, белгісізі де өте көп. Бірақ, көп адамдар белгілі ортақ себеп салдар мен заңдылықтарды да меңгере салуға құлықтары жоқ, кері жағдайда бәлкім көптеген түсінбеушіліктер, конфликттер өзінен өзі шешілер ма еді дегеннен басқа айтар жоқ.

Бір адам Қазақстан Республикасына атом энерго станциясы керек деп жар салып жүр, бірақ физика заңдылығынан бір ауыз білері жоқ. Әдетте ойыңызға бірден келетіні, бұл тақырыпты қозғауыңыз үшін ол станцияның алдын ала материалдық, адам, техника күші, қаражат, жұмыс істеу кезіндегі жоспары және болашағы (последствие) туралы заңды болжаммен қатар, физикалық біліміңіз, атағыңыз, зерттеу жұмыстарыңыз бен көптеген дәлелдеріңіз болуы керек. Қысқасы тер төгу керек. Тек, дамыған елдер соны қолданып жатыр деп осы негіз шеңберінде қылқынып өз пікірін тықпалаумен әлек. Бұл дұрыс емес қой. Бұл қарапайым мысал, нақты ешкімге қатысы жоқ екенін ескеріңіздер.
Осы сияқты дін турасында да айтар көп. Адам туыла салғанда, сәби кезінде қандай кіршіксіз пәк болады. Сол қалпында қалайша өле өлгенше кетуге болады? Ол мүмкін шығар. Мүмкін емес деген талай сөз жоққа шыққан.
Адамның жаратылысынан оның бойындағы жақсы қасиеті, оның адами азаматтық мүдделері, сезіміне ешкімнің араласуына қақысы жоқ, тек қана оның қалауымен ақыл, ұсыныс жасауы керек екендігі де заңдылық сияқты. Қалай болғанда да, күштеу дұрыс емес.

Аг да, ұмытып бара жатырмын, менің ешқандай ешкімге ақыл айтар жағдайым жоқ. Бұл жазылғандар тек өз ойым яғни өзіме осылай айтамын іштей. Басқа адамдарға дым айтпай ақ қоюға болады, есесіне осылай болу керек екен ау деп үлгі аларлық жақсы, сауатты, білімді, көзі ашық көкірегі ояу азаматтарымыз көп болсын дегеннен басқа айтар жоқ.
VVVWWW
Тамаша Нуреке, менің он сөзбен айтайын дегенімді бар-ақ сөйлеммен жеткізіп бересіз
Менің ойымша бұл пікірден кейін ешқандай сөз жазылмау керек сияқты
MSHERIMBEK
ты в точку Нұреке:) Ғылым болмаса, барлық әңгіме ірің болады да қалады:)
korwinin_kyzy
бБрат енді меннен көре бермендер милитцада учетта тұрған қылмыскер секілді(((( бір спор басталса болды маған жауп тасту әдетке айналған секілді
Әңгіменің төркініне келеік бір Некий Мирас дегн бир бала пост жазыпты қар кристалдары турасында( wwwwww-лар айтып жатырго типы кайдагы алла деп мен соган жауап кайырганымго осы биз неге таласамыз не жетпит нам?
ким сенди ким сенген жок ахирет корсетет ал сендер келип Лениннин немерелерин колдайсындар.
озин билетин боларсын Аллах адам бир кудайшы кылып жаратат сойтип оны ия атанасы иа коршаган ортасы оны християн кылад немесе яхуд кылад
и напоследок бир аят айтып жыберейн
Шәксіз көктердің және жердің жаратылуында түннің және күндіздің өзгеруінде әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бар. (190)али имран суресинде
маган бари бир ким сенед ким сенбит тек кейбир адамдар шренуди койса екен Аллах турасында.как будто жер тиреп турган сиякты
мен болдым маган ешкандай спордын кажети жок
«Скажи: «Аллах — Творец всякой вещи. Он — Единственный, Всемогущий».»
miras
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы Асылбек НОҒАЕВ былай дейді:
Бұл әлем өз-өзінен, кездейсоқ пайда болмаған. Себебі кездейсоқтықта мына өте керемет жүйемен, нәзік үйлесіммен істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ шексіз ғаламдарды жасайтындай құдірет пен қуат жоқ. Зәредей міні жоқ сан алуан жан-жану­ар, көздің жауын алатын сансыз көп өсімдік әлемі, жалпы мың бір сырлы ғажайып жаратылыстарды өзінен өзі пайда болуы, әрине, мүмкін емес. Демек, дұрыс қисынға салсақ, бұлардың бәрін жоқтан бар еткен, жоқтық әлемінен тіршілік әлеміне шығарған ерекше құдіретті жаратушының болуы тиіс.
Мұсылман адамның өзге адамдардан ерекшелігі мен артықшылығы оның ғайыпқа иман келтіріп сенетіндігінде. Қасиетті Құранда тақуа құлдардың сипаттары санамалап келтірілгенде: «Олар ғайыпқа иман келтіреді» деп осы қасиет аталады («Бақара» сүресі, 3-аят).
Ғайып әлемі деп көзге көрінбейтін көмескі әлемді айтамыз. Мысалы, өлімнен соңғы өмір, Есеп күні, Сират көпірі, Жәннат пен Тозақ тағы сол секілді. Жындар, періштелер әлемі де ғайыпқа жатады. Бірақ бұлардың бәрінен де бұрын барша ғаламдардың жаратушысы Алла Тағаланың бар және бір екендігіне шын сену ғайыпқа иманның негізі саналады.
Кей кезде көзім көрмегенге, ақылым жетпегенге қалай сенемін, расын айтсам, бұлар маған аңыз-ертегі, әпсана секілді көрінеді деп күмәндарын білдіріп жататындар да кездеседі.
Негізінде, Абай атамыз айтқандай, иман ақылды адамға парыз. Ақылы жоқ адамнан Алла Тағала есеп те сұрамайды. Қасиетті Құранда: «ақылға салмайсыңдар ма?», «ойланбайсыңдар ма?», «пікір жүгіртпейсіңдер ме?» деген мазмұндағы аяттар өте көп.
Айналамыздағы әрбір жаратылысқа мұқият зер салып қарасақ, барлық нәрсені басқарып, билік жүргізіп тұрған ұлы Құдіреттің барлығы айқын сезіледі. Мысалы, ақыл-есі жоқ кіп-кішкентай дәнектен өзінен сан есе үлкен алып ағаш өсіп шығады. Сол дәнге бірнеше жылдан кейін пәлен тонна жеміс бересің деп бұйырып тұрған бір Құдірет болмаса, ол өзінен-өзі қалайша бүршік атып, гүл ашсын?! Аспанды жұлдыздарымен, теңізді балықтарымен, орманды құстарымен безіндіріп қойған сән-салтанатқа көз салсақ та, мол ғибратқа қанығамыз.
Адамды да ет пен сүйектен тұрады дейміз. Сол еттің өзі су, темір, топырақ, алтын, күміс, көмір сияқты сан түрлі элементтердерден тұрады. Олардың адам ағзасындағы тепе-теңдігі қандай болуы керектігін жақсы білетін ұлы құдірет иесі бар. Демек әлемдегі барша мақлұқтарды құдіретімен жаратып, өсіріп, өндіріп, тіршілік еткізіп тұрған ұлы құдіреттің иесі Алла Тағала екендігі күдіксіз. Жер бетіндегі бар мүлкі Алла Тағаланікі.
Осылайша жан-жағымызды қоршап жатқан сансыз таңғажайып жаратылысқа қарап, Ұлы Жаратқанның бар екенін, бір екенін, құдіретін түсінеміз, Оны ақыл көзімізбен көреміз. Соңғы жылдарда көптеген батыстық әйгілі ғалымдардың Аллаға иман келтіріп, мұсылман болуының негізгі бір себебі осы болса керек.

Біз адамдардың соққан зәулім сарайларына қарап таң қаламыз. Оның оюына, нақышына, бояуына қарап ұстасын мақтаймыз. Енді бір сәт бізді қоршап тұрған алып сарайдың сән-салтанатына көз жүгіртіп көрелікші. Бұл сарайдың әрбір тауы, тасы, құмы, шөбі, бүлдіргені, қарақаты, көк майсасы, шалғыны, шыршасы, қарағайы, аққуы, үйрегі, қыраны, сұңқары, бұлбұлы, арыстаны, қасқыры, тіпті шыбыны мен шіркейіне дейін теңдессіз сұлулықтың қайталанбас үлгілері екеніне кімнің күмәні болсын?! Аққуды айдын шалқарға жүзідіріп қойған, қыранды көкке самғатып қойған, бұлбұлды сайратып, қасқырды орманның табиғи санитары етіп қойған кім? Кітапқа қарап жазушысын, ғимаратқа қарап ұстасын, оюға қарап зергерін болжайтынымыз рас болса, онда осы алып ғаламның шебер Ұстасы жайлы не айтпақпыз? Алла Тағала қасиетті Құранда бұл жайлы: «Рахман Алланың жаратқандарынан қылдай да селкеу таба алмайсың. » деп бұйырады («Мүлк» сүресі, 3-аят).
Осы және бұдан өзге ғажайып дүниелер адам баласының Алла Тағаланы тануына, құдіретіне таң қалып, бас июіне, құлшылық етуіне себеп болары хақ. Қасиетті Құран кәрімдегі: «Мен жындар мен адамдарды Мені танып, Маған құлшылық етсін деп жараттым» деген аятының бір мәні осында болса керек. Ал енді адамзат баласына тарту етілген мол нығметті көре тұра және пайдаланып жүріп ұлы Жаратушы иемізді танымау, шүкіршілік жасамау жаратылыстағы ең үлкен әділетсіздік.
Сөз соңында айтарымыз, қалай болғанда да, адам баласы бәрінен бұрын Жаратушы иемізді танып білуге талпынғаны дұрыс. Құранды, өзге де кітаптарды оқып, жаратылысты оқып Алла Тағалаға деген иманмызды күшейтіп, жаңғыртып отырғанымыз дұрыс.
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Тамаша пікір, өте орынды жазылған.Бір жаратушының бары хақ.оған дау болмаса керек.
korwinin_kyzy
Жаке қайтеміз енді!!! бірақ кейбір жандар Бүйректен сирақ шыгарып жатырго(((((
Соңғы өңделген уақыты:
Yasin
«Әлем кездейсоқ пайда болды» деген тұжырымды ұстанатын
батыстық ғылым адамдарының бір бөлігі 1400 жылдық ұйқыдан
ақыры оянды және Құран кәрімнен бастап діни кітаптардағы шындықты көрді. 24-ші Нобел Марапатына ие болған 60 ғалым,«Аллаһ алдымен әлемді, кейін адамдарды жаратқанын»қабыл етіп, Галилеоның тұжырымдарын түсіндіре алмағанын мойындады.

TİME журналы, осы күнге дейін айтылған әртүрлі көзқарастар мен басқа басқа полюстерде болған ғалымдардың көзқарастары және діни кітаптардың түсініктемелері ең аз дегенде ортақ пікірде біріккендіктерін жазды.

Атақты физиктердің бірі Хайнц Пагелс атеисттердің көзқарастарын келемеждеп былай деген: «Аллаһ адамның болмысын бір космостық код ішінде жасырын қылған.»

Тағы бір атақты ғылым адамы Митчелл Уалдроп Аллаһ дүниені жаратқаннан кейін, оның үстінде өмір сүруі үшін адамды билеуші еткендігін «Complexity» атты еңбегінде жазған.

Пенсильвания университеті Медицина факультетінің оқытушысы доктор Стюард Колфман бұл жайында былай деген:
«Ақылым жеткен дәрежеме сай мынаны айта аламын: Адамның жаратылысы, адамның ақылы жетпейтіндей дәрежеде ұлы бір құбылыс.»
Jako
… Жан жаратып жан берген,
Жер жаратып жер берген,
Тірісі дәурен сүрсін деп,
Өлісін қазып көмсін деп,
Азғана емес мол берген.
Жер іреңді болсын деп,
Айнадай қып көл берген,
Көл іреңді болсын деп,
Жағалай қонған ел берген,
Ел іреңді болсын деп,
Қатар-құрбы тең берген… Кердері Әубәкір.

Осының бәрін жаратқан,
Құдіреті күшті бір Алла,
Бұған күмән келтірген,
Ақымақтық болар бұл деген.
Соңғы өңделген уақыты:
ereke_enu
өңделді
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.