XIX ғасырдағы Қазақстан музейлерінің коллекцияларының қалыптасуы және насихатталуы

Қызықты деректер /
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесінде жинақталған коллекцияларды, Мәскеуде, Санкт-Петербургкта, Омбыда тіпті Батыс Еуропа жерлерінде өткен көрмелер мен ондағы көрсетілген коллекциялар қазақ халқын әлемге таныта бастады. Қазақ жеріндегі жиналған коллекциялар көпшіліктің назарын аударды. Қазақтың салт-дәстүріне, тұрмысына, тіпті азық түрлері де көрмелерде көрсетіледі [1].
Қазақ тарихындағы заттай мәдениет туындыларының, қазақ жерінің жануарлар, өсімдіктер дүниесі, жер беті мен қойнауындағы кен-байлықтардың үлгілері, алғашқы музейлер мен жеке өлкетанушылардың коллекцияларының негізін құраған болатын.
Отаршылдық саясат кезінде қазақ халқында еуропалық мәдениет пен шығыс өркениетін бойына сіңірген тұлғалар болды. Олардың қатарында Бөкей Ордасының ханы Жәңгір Бөкейұлы, Шоқан Уалиханов, Салық-Мұхаммед Бабажанов, Б.Дауылбаев, Д.Беркінбаев, сұлтан А.Жантөрин, Абай Құнанбаев секілді тұлғалар қалыптасады [2]. Олар Ресейдегі, қазақ жеріндегі геогррафия қоғамы, өлкетану қоғамы, статиистикалық комитеттер жұмысына белсене қатысты. Осы аталған тұлғалар қазақ халқының заттай мәдениетінің құнды нұсқаларының жинақталуында ерекше қызмет атқарды.
Өлкеде батыс пен шығыстың мәдениетімен сусындаған жергілікті ағартушы-прогресшіл тұлғалар қалыптасады.
Патшалы Ресей үкіметі Қазақстан жерін отарлау мақсатында көптеген зерттеулер жүргізеді. Зерттеу кезінде көптеген музейлік коллекцияларға кездесіп жатты. Коллекцияларды жинақтауда қазақ жерінің тарихын, мекендеген тұрғындардың заттай және рухани мәдениетін зерттеумен, жинақтаумен айналысқан өлкетанушылардың, қазақ ұлтынан шыққан ағартушылардың, интелегенция өкілдерінің орны ерекше болды. Дүниежүзінде болып жатқан өзгерістер, жаңа даму үрдісі, техника жетістіктері жаңа көрмелер ұйымдастыруға жетеледі. [3] Бұл даму жүйесі қазақ жерінде музейлік коллекциялардың қалануына себеп болды.
Қазақ жерін өздеріне қосып алған Патшалы Ресей отаршылдары қазақ жерін жан-жақты зерттеуге мүдделі болды. Патшалы Ресей қазақ жерін зерттеуде статистикалық комитеттер мен өлкетану қоғамдарын ашады. Өлкетану қоғамдарының жұмысында екі ағымның өкілдері болады. Олардың бірі патша үкіметінің отарлау саясатын жүргізуші патша шенеуліктері болса, екіншілері оларға қарама-қарсы бағыттағы прогресшіл интелегенция өкілдері болды. Екінші топтың өкілдері өлкеге саяси жер аударылған озық ойлы адамдар болатын [4].
XIX ғ. екінші жартысында Ресейдің Антропология және этнография музейіне Орталық Азия аудандарынан көптеп құнды жәдігерлер түседі. Соның бір мысалы ретінде сол кезеңдегі қазақ даласының тұрғындарының болашақ император II Николайға Шығысқа саяхаты кезінде сыйлаған құнды заттар жинағын атауға болады. Аталған коллекцияның негізін қазақтардың әскери құрыштан құйылған балталары, қазақтың ел басқарған би, батырлары таққан тері белбеулер, ұзатылған қыздың сәукелелері, бақсының қобызы құрайды. Музей қорында қазақ, қырғыздардың киіз үйлері де бар [5].
Қазақстандағы музей ісі өлкетанудың дамуымен тығыз байланысты. Өз кезегінде өлкетанудың дамуы сол замандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрулармен, ішкі рыноктарды кеңейту, аймақтар туралы нақты білімдер, табиғат, климат, елдің тарихи-мәдени ерекшеліктерінен туындаған болатын.
XIX ғ. Қазақстандағы алғашқы музейлердің пайда болуы сол кездегі саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге байланысты болғаны белгілі. Арнаулы мақсаттарға негізделіп жұмыс жүргізген статистикалық комитеттер, ғылыми архивтік комиссиялар, жеке ғалымдар мен зерттеушілер, әр түрлі шенді зиялылар қазақ халқының материалдық және рухани туындыларын, археология, табиғат, жануарлар дүниесіне, этнографияға байланысты жәдігерлерді жинады. Сол кездегі музейлер қоры өлкетанушылардың жеке коллекцияларының негізінде көбейіп, дамып отырды.
Қазақстандағы алғашқы музейлік коллекциялар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап көптеп жинала бастады. Музей коллекцияларын жинақтауда қазақ жерінің тарихын, мекендеген тұрғындардың заттай және рухани мәдениетін зерттеумен, жинақтаумен айналысқан өлкетанушылардың, қазақ ұлтынан шыққан ағартушылардың, интелегенция өкілдерінің орны ерекше болды. Дүниежүзінде болып жатқан өзгерістер, жаңа даму үрдісі, техника жетістіктері жаңа көрмелер ұйымдастыруға жетелейді. Бұл даму жүйесі қазақ жерінде музейлік коллекциялардың қалануына себеп болды. Қазақ жерін өздеріне қосып алған Патшалы Ресей отаршылдары қазақ жерін жан-жақты зерттеуге мүдделі болды. Патшалы Ресей қазақ жерін зерттеуде статистикалық комитеттер мен өлкетану қоғамдарын ашады. Өлкетану қоғамдарының жұмысында екі ағымның өкілдері болады. Олардың бірі патша үкіметінің отарлау саясатын жүргізуші патша шенеуліктері болса, екіншілері оларға қарама-қарсы бағыттағы прогресшіл интелегенция өкілдері болды. Екінші топтың өкілдері өлкеге саяси жер аударылған озық ойлы адамдар болатын
Қазақстанда алғашқы музейлердің қалыптасуы XIX ғ. басынан, яғни 1830 жылдан бастау алады. Алғашқы музейлер қазақ жерінде XIX ғ. қалыптаса бастады. 1830 жылы Орынбор генерал-губернаторы, граф П.П.Сухтелен жергілікті елдің тұрғындардын өлкенің табиғатын, тарихы мен этнографиясын бейнелейтін заттарды губерния орталығында ашылғалы жатқан музейге тапсыруға шақырады. Бұл бастаманы жергілікті халық, қолдап, болашақ музей үшін әр түрлі құнды жәдігерлер жиналады. Ағартушылық дәуір талаптарына сай жасалынған бұл бастама көпшілік қолдауына ие болды. Алғашқы жинақтарға жеке Сібір корпусы штабының бастығы генерал-майор Г.Броневский тарту еткен Қарқаралы округынен табылған алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі мүсіндер кірді. Орынбода құрылған музейдің алғашқы экспонаттарының қатарында көнек (бие саууға арналған ыдыс), торсық ( былғарыдан жасалған қымыз кұюға арналған ыдыс), сұлтан Баймұхаммед Айшуақұлының бас киімі кірді. Жәңгір ханның отбасы сыйлаған хан ұрпақтарының киімдері, сәукеле, жібек көйлектер, асыл тастармен безендірілген бархыт шапандары музейдің жәдігерлерін ерекше толықтырды. Бұл коллекциялардың ішінде Жәңгір ханның әйелі Фатима ханшаның бешпеті мен көйлегі бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейінің алғашқы таңдаулы экспонаттарының бірі болды [6].
Осы жинақталған құнды жәдігерлердің негізінде 1831 жылы Орынбор губерниялық музейі ашылды. Орынбор музейі 1897 жылы құрылған Жетісу музейімен бірігіп Орталық Мемлекеттік музейінің негізі қаланады.
Музейді ұйымдастыру жұмысына және құнды заттар қорының қалыптасуына 1830-1838 ж.ж. Орынборда қызмет атқарған орыстың белгілі ғалымы В.И.Дальдің еңбегі ерекше болды. В.И.Даль Орал, Гурьев, Бөкей ордасына басқа да жерлерге шығып қазақ халқының тұрмысы, ауыз әдебиеті, этнографиясы жайында деректер жинады, сонымен қатар этнографиялық бұйымдар жинастырып музейлер қорын ұлғайтты [7].
Музейлер Қазақстандағы ғылыми архивтік комиссиялар, статистикалық комитеттер жұмысының нәтижесінің бір көрініс ретінде қалыптасты, дегенмен өркендеудің кезеңдерінде музей архив, кітапханалар секілді жеке әлеуметтік институттар бола бастады. Музей бір жағынан арнайы ақпараттық база, әр түрлі ақпарат тасымалдаушы болса, екінші жағынан жинақтау, сақтау, жүйелеу, музей экспозициясы арқылы көрсететін мәдени байланыстың айрықша түрін көрсетеді.

8 пікір

AKA
Рефератыңызды оқытушыңызға тапсырыңыз, мұнда емес!
бұл мақадам еді, толық нұсқасы симай қалған…
Jako
Кейбір ыржақай посттарға қарағанда,өте жақсы жазылған екен,қызығып оқып шықтым.Мақалаңыз атыңызға сай екен.
yesbolat83
Неге музей? Мұражай деуге болмайма?
«музей» — негізгі әлемдік терминдік сөз, «мұражай» деуге әрине болады. Бірақ, «музей» сөзінін толыққанды баламасы бола алмайды.
yesbolat83
Көп аударылымдар әрине толыққанды балама бермесі ақиқат. Бірақ, мұражай тұрғанда жетімсіретіп музей дегеніңе жол болсын.
Керемет жазба.
ғалымдарымыздың арасында осы мәселеге нүкте қойылмай келеді.
Kan
Қазақстанда алғашқы музейлердің қалыптасуы XIX ғ. басынан, яғни 1830 жылдан бастау алады. Алғашқы музейлер қазақ жерінде XIX ғ. қалыптаса бастады. " шынеменде бізге білу керек тарихи құндылық екен. Қазақтың мұражайы көп қой соны танытып жүрген қызыметкрлермен ғалымдарға рахмет. Елдің елдігін тарихы арқылы көрсетудің бірден бір жолы осы мұражай экспозициясы деп білемін. Рахмет сізге еңбегіңіз жемісті болсын. Тек «мұражай» сөздігін көп қолданғаг жөн. Алда «мұра тану» секілді жобалар, бағдарламалар өткізу туралы жазсаңыз жақсы болар еді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.