«100%» ұқсастар шоуы жобасына кастинг жоғары дәрежеде өтті!

Қызықты деректер /
Жақында Алматыда «100%» ұқсастар шоуына кастинг өтті. Жаңа ойын-сауық жобасы «31 арнаның» өзіндік өнімі.
Кастингтің басты мақсаты — кез-келген жастағы көрерменге қызық болатын ойын-сауық, life-шоу жобасына қазақстандық және әлемдік эстраданың жұлдыздарына ұқсайтын дарындыларды таңдау. Бірінші кастингке Қазақстанның әр қаласынан 150-ден астам кандидаттар жиналды. Солардың арасында тек Қайрат Нұртасқа ұқсайтындардың саны 15 адам. Қазылар алқасының сұраулары бойынша, халық сүйіктілеріне ұқсайтындар ән салып, би билеп, өлеңдер оқып, қызықты көріністер көрсетіп, бір күліп, бір жылады. Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Бейбіт Қорған, Мәдина Ералиева, Мәдина Садуақасова, Мейрамбек Бесбаев, Бахыт Шадаева, Парвиз Назаров, Әли Оқапов, Баян Есентаева – бұл жобаға қатысушылардың пародия жасаған жұлдыздардың шағын ғана тізімі.
Шетел шоу-бизнесінің жұлдыздары ішінде ең танымал — Евгений Леонов, «Один дома» фильміндегі Маколей Калкин, PSY, Шакира, Леди Гага, Юрий Антонов, Алла Пугачева, Ирина Аллегрова, Ирина Дубцова, Джет Ли, Марк Дакаскас және Джейсон Стэтхэм болды.
Жобаның продюсері Даут Шайхисламовтың айтуынша, кастинг сәтті өтіп, алғашқы сегіз бағдарламаға жетерлік ұқсастар таңдалған. Түсірілім наурыздың аяғында Алматы қаласында өтеді. Ойын-сауық шоуының тәртібі бойынша белгілі бір жұлдызға көбірек ұқсайтын адамды көрермендер қазылар алқасымен қосылып таңдайды. Ұқсастық визажистер, костюмерлер, стилистер, вокалистер мен сценаристерден құралған команданың жұмысымен жетілдіріледі. Үміткер көрермендердің алдында шығармашылық бейнеге еніп, өзінің ұқсастығын дәлелдеуі керек. Жобаны «31 арна» эфиріне сәуір айының басында шығару жоспарлаған. Жоба жүргізушілері Қазақстанда танымал — Даут Шайхисламов, Салтанат Қалиева, Фима Иванов.

Жақында «31 арнада»!

2 пікір

yesbolat83
Cол танымал тұлғаларға ұқсайтын үміткерлердің суреттерін іле салғаныңызда өттте тамаша боп кетер еді.
Nurjas95
Мен, айта алмаймын, мынау дұрыс мынау бұрыс деп өте жақсы. Бұл жобаны тастамай көрдім, сонымен қатар Есболат айтқандай олардың сурет үлгілерін қойғанда керемет болар еді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.