Бір әннің тарихы; Ол сен емес.

Қызықты деректер /
Қызықты деректер: суретНұрлан Әлімжан; Ән 2005ж дүниеге келді, ол кезде астымда көлігім жоқ, театрға автобуспен кетіп бара жатып, қайырмасы аузыма түсті;
Ол сен емес, Ол сен емес,
Қанат болған маған әркез.
Ол сен емес, Ол сен емес,
Көзімнен ұғар мені тез,-деген шумақтар келді. Тез арада ұялы телефоныма басып жазып алдым.
Бұл ән, үйленбей тұрған кезім еді, жастықпен талай қызға сөз айтып, көңіл құрып жүрдік. Сол уақытта жақсы қызбен жүрген болатынмын. Уақыт өтіп, түсініспей қалып, солай екі бөлек кеттік. Бірақ көңілімде сағыныш қалды. Кейін салыстыру кезеңі басталды. Басқа қыздармен көңіл жарастырып жүріп, бірақ олар әлгі қыздай түсіне алмады мені ешкім. Мүмкін, алғашқы қызды қатты ұнатып, жақсы көргендіктен бе, өзге қыздармен танысқан күннің өзінде «Ол сен емес» деген сөздер тілімнің ұшында тұрып, орала беретін. «Сен емессің, ол маған сүйеніш болып еді, ол маған қанат болып еді, ол мені көзімнен тез ұғушы еді» деген ой көңілімде тұратын. Бұл осындай салыстыру, сағыныш арқылы туған ән жыр.
Алғшқыда жай өзім ғана әнді кішігірім кештерде, тойларда орындап жүрдім. Неге екенін білмеймін, орындауым өзіме ұнаған жоқ, бір нәрсе жетіспей тұрды, әннің сиқын кетірмейін, күндердің күнінде орындаушысы табылар деген оймен, желеумен, сандықтың, тұңғиықтың түбіне кете берді. 2011ж Қ.Нұртастың анасы хабарласып, бірнеше әнімді бердім, соның ішінде осы ән бар, өз иесін әншісін тауып, жарыққа шықты.

Қайрат Нұртас; Бұл әнді анам тауып берді. Нұрланмен сөйлесіп, бірнеше әндерін жазып алып келіпті. Қызықты деректер: суретҰнағаны осы әнді таңдадым. Табиғатыма жақын. Өз өміріңе ұқсатасың,, өзіңе қатысты дүниелерді іздейсің, ән бірден ұнады, ырғағыма салып айтып көрдім, шықты, аса үлкен құлшыныспен кірісіп айтып шықтым. Кез келген жерде әндерімнің ішінде, осы әнді көп орындатады, сұранысқа ие.

3 пікір

gulzira91_91
Сөзі де, әні де керемет
Kan
Жарайсыңдар қазақың жігіттері.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.