↑ Жоғары шығу
15 ақпан 2012

Американдық штаттардың ресми емес ұрандары

  • жазған: Madi
  • 274
Америка штаттарының әрқайсысының лақап аты, ресми емес ұраны бар көрінеді.Сол ұрандар ресми ұрандарға қарағанда шынайылырақ, әрі штаттың бет-бейнесін айқын көрсетеді деседі.
Алабама штатының лақап аты — Камелий штаты.Ресми емес ұраны — «Бізде де енді электр қуаты болады!».Алабама -АҚШ-тың артта қалған штаттарының бірі.
Аляска штатын тұрғындар «Соңғы шекара» деп атайды.Ресми емес ұраны — «он мың эскимостың қателесуі мүмкін емес!».
Аризона — Ұлы Каньон штаты.АҚШ-тың мақтаныштарының бірі -Ұлы каньон Аризонада орналасқан.Ресми емес ұраны — «Ыстық, есесіне тұншықтырып, қысып тастайды».
Айдахо — Аса қымбат штат.Девизі — «Бізде дәмді картоптар бар және… басқа ештеңе жоқ.Бірақ, айтатыны жоқ, картоптарымыз дәмді!».
Айова — Хоки штаты. Хоки — шотланд тілінде мұрны ақ сиырлар деген мағынаны береді.Ұраны — «Біз жүгеріден тамаша нәрселер жасай аламыз».
Иллинойс штатының девизі — «Шақшадай миыңа сақта — »с" әрпін дыбыстап айтпайды.Бұл штат заң бойынша Иллиной деп айтылуға тиісті".
Батыс Виргиния — Таулы штат.Девизі — «Біз бір үлкен бақыттты отбасымыз.Әзіліміз емес, шынымыз осы».
Дэлавер — Бірінші штат немесе Гауһар штаты.Ұраны — «Несі бар, бізге су құрамындағы химикаттар қатты ұнайды».
Джорджия — Оңтүстік Империясы немесе Өрік штаты.Ұраны -«Біз енді қара адамдарды дарға аспаймыз».
Калифорнияны жұрт Алтын штат деп атайды.Себебі екеу: біріншісі — ерте кездері штат аумағынана ірі алтын қоймасы табылған, екіншісі -Калифорнияда апельсин көп өседі.Ресми емес ұраны — «Біздің отызға жақындаған әйелдеріміздің бойындағы пластмасса біздің автомобильдерімізден де көп».
Колорадо — Жүзжылдық штат.Ұраны — «Егер шаңғы тебе алмасаңыз, штатқа келмей-ақ қойыңыз».Колорадо таулы курорттарымен таныс.
Массачусетс — Ескі Колония.Ұраны — «Біздегі салықтар Швециядағыдан да жоғары».
Невада — Жусаны көп штат.Ұраны -«Жезөкшелер мен құмар ойындар… Бізде басқа ештеңе де жоқ».Казиноларымен аты шыққан Лас-Вегас Невада штатында орналасақан.
Род-Айленд — Кішкентай Род.Бұл штат- Америкадағы жер аумағы жағынан ең кішкентай штат.Девизі — «Шын сөзіміз РодАйленд арал емес.Сеніңіздер!».
Оңтүстік Каролина — Пакльмалар штаты.Ұраны -«Азаматтық соғыс әлі біткен жоқ».
Техас — Жалғыз жұлдыздың штаты. Девизі — «Кейде біз ағылшынша да сөйлеп кетеміз».Бұл штатта Мексикадан келген адамдар өте көп, сондықтан тұрғындардың басым бөлігі испан тілінде сөйлейді.
Флорида -Күн сәулесінің штаты. Халықтың қойған аты — «Бассыз шопырлардың қорығы».Флоридада зейнеткерлер саны тым көп екен.Сондықтан, жолда жүру ережесі бұл штатта қарттардың көп екендігі ескеріліп жасалған.
Юта — Ұлу-штат.Девизі — «Менің Иусусым сенің Иусусыңнан жақсы».
+2

Пікірлер:6

avatar
  • Jako
  • 15 ақпан 2012, 21:28
  • +1
Бізде де болса тамаша болар еді.Онда біздің Тараздың ұраны:"Өндіріліп жатыр химия, ақшасы қайда кетіп жатыр қонбайды миыма"-болар еді.
avatar
  • qusbegi
  • 15 ақпан 2012, 21:57
  • 0
«Бар ма? Орасай» деген тіркес Шудың ұраны бола алады ма?
  • Madi
  • 16 ақпан 2012, 14:17
  • 0
Барлығы шеге ме сонда?
avatar
  • qusbegi
  • 15 ақпан 2012, 22:00
  • 0
Өз тұратын жеріміздің бейресми ұранын жаза отырайықшы!
avatar
Мұнайым кетті алысқа Атырау
  • Amanjan
  • 16 ақпан 2012, 21:58
  • 0
Қызықты деректер!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.