Төрт түліктің қасиеттері.

Қызықты деректер: Төрт түліктің қаксиеттері.Төрт түлік малдың бір-біріне адалдығы, мейірбандығы, достығы, тектілігі адам баласын таң қалдырмай қоймайды.

Алпауыт бұқа, атан өгіз, сүзеген сиыр болсын енесі қанша қораш, әлсіз болса да, оған беттемей жасқанады. Тіпті қанша аш, ызалы болса да, алдындағы жем-шөбін енесіне тастап, тайып тұрады. (Ата-ананы сыйлау – мейлі қандай сәтте де мойындағы парыз ғой)
Боталы інген боздап, көзінен жас ағып тұрған қандай да бір ботаны көрсе үстіне түсіп емізе береді. (Оларда мейір-шапағат туыстықпен өлшенбейді. Адам баласының бәрін сүй)
Ал қой болса тек бастаушысына ғана ереді. Қой бастаған серке отқа түссе де қоралы қой еш тайынбайды. (Бастаушысын өзі өлтірген кей елдер қазір соғыс өртінің ішінде)

Өгіз ауыр жүкті еңістен өрге қарай оңай алып жүреді. (Шынайы талант солай болуы керек еді)
Ешкі түлігін бес күн ерінбей таңертең өргізіп кешке қораға әкеліп қамаңыз. Одан кейінгі күндерде иесінсіз-ақ осы әдетті қайталай береді. (Ал мың күн тәрбиелесең де түзелмейтін пенделер жетеді)

Күйек кезінде саулықтардың көбі қошқарлардың ішіндегі біреуіне «ғашық» болып, басқа қошқарлардың «қызғанышын» қоздырып алады. (Енді бұған амал жоқ....)
Егіз төлдер енесінен бұрын бір-бірін іздеп тауып алады. (Ғұмыр-бақи бауырларын іздемейтіндерді қайтейік)
Жылқы түлігі көбінде екі-екіден достасып ала қояды. Әрі «достарын» әсте ұмытпайды. Сан жылдан кейін кездессе де, оқыранып, қасыныса кетеді. (Батыр бабаларымыздың жылқыдан өзге досы жоқ болған дегенге мен қатты сенем осындайда)

Дайындаған: Алшын Матай

Дереккөз: Ақжолтай.

3 пікір

avatar
Күйек кезінде саулықтардың көбі қошқарлардың ішіндегі біреуіне «ғашық» болып, басқа қошқарлардың «қызғанышын» қоздырып алады. (Енді бұған амал жоқ....)
avatar
  • Jako
  • 0
Еске, СЖ-да біреу " Есекте махаббат бола ма?"-деген сұрақ қойған еді. Соған осыны жазып жіберетін екен,ә.
avatar
  • Kan
  • 0
Керемет ой түйген екен. Иа пенделігімізге сын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.