Шаш қасиеті

Қызықты деректер /
Адам баласы ерте заманнан бері шашты киелі санап, әрбір шашта бір тылсым құдіреттің барын білген.Бір сөзбен айтқанда шаш адам мен кеңістіктің арасын ұштастырып тұратын байланыс құралы десек те болады. Шаштың әрбір талшығы ғарыш кеңістігінен өзіне қажетті күш-қуатты алып отырады.
Шаштың ерте заманнан киелі саналып, оны аяқ асты етіп тастамау қазақтың ырым-жоралғыларының қатарына кіреді. Бұл ырымның түп төркінінде шаш атқара алатын ерекше қасиет жатыр. Қиылған шаш өткен күндер белгісі болып саналады. Яғни, қиылған ұзын шашпен бірге адам бойындағы кейбір ерекше қасиеттер өз әсерін жоғалтуы мүмкін.шаштың киесі
Қыз бұрымын кессе, сол бұрыммен бірге оның биазылығы, нәзік сезім түйсіктері мен кейбір жағымды іс-әрекеттері де қоса кесіледі, яғни ұмыт болады деп түсінген. Ал енді, аяғы ауыр жүкті әйелдерге шаш қидыруға мүлдем үзілді- кесілді тыйым салып жатады. Оның сырын аяғы ауыр жүкті әйелдің ішіндегі шарананың өміріне тікелей әсерімен байланыстырады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, түрлі қасиеттермен қоса болашақ ұрпақтың өмірінің де қысқаруы мүмкін.
Ілгері заманда қыз -келіншектердің бұрымында шашбауы сыңғырлап, мықыннан төмен қарай түсіп жүретін болған. Бар сұлулықты бойына жиған оларды бұрымына қарап ажырата білген. Әдетте, ері дүниеден өткен келіншек ұзын бұрымын тарқатып, өзінің жесір қалғанын сездірген. Ал, тұрмысқа шықпаған жас қызды жотасында шашбауымен қоса бұлғақтаған қос бұрымынан таныған. Келіншектер қолаң шашын білектей етіп арқасына өһріп жүретін болған
.Авторы А.Гүлім
Дерек Мұсылман күнтізбесі кітабынан алынған.

5 пікір

Sabions
осыдан 2 апта бұрын өз шашымды өзім алып тастағам… артық өсіп тұрған жерлерін… сол шаш талшықтарын жинап,қағащға салып қойдым,қайда лақтырарымды білмеймін…
Madi
Жағып жібер.
Korkem
Жоооқ, адам баспайтын жерге, ағаш түбіне көм…
Sabions
қыстың күнінде ағаштың түбін ашу...
dimash
Шет елдерде шашты фильтр есебінде пайдаланыды ғой. Теңіз-көлдерді мұнайдан тазалау үшін шаштан фильтр жасайды екен. Мұнайдың барлығын әлгі адам шашы өзіне тартып алынатын көрінді. Сондықтан шаштараздан түскен шашты олар өндіріске өткізеді екен. Меніңше қыздардың шаштары ұзын болғаны ал жігіттердің шашы қысқа болғаны абзал. Енді тым қысқа етпесе де құлақтан да ұзын етіп қою меніңше ерсі көрінеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.