Жыл сайын жер бетінде қатерлі ісіктен 8 миллион адам көз жұмады. Қазақстанда қалай?

Қызықты деректер /
Бұны жазған себебім. Қазіргі жастардың арасында жиі кездесетін дерт. Кезінде группаласым осы қатерлі дерттен қайтыс болды. Иманды болсын ((((. Сол үшін жәй қарап қоя салмай өз денсаулығымызға қарайық сәл де болса. Бұл материал «Егемен Қазақстан» газетінен алынған. Оқып осы постқа қысқаша жариялағым келді.
Дүние жүзінде 10 миллионға жуық жанның онкологиялық ауруға шалдыққаны анықталып, қатерлі ісіктен жыл сайын 8 миллионға жуық адам қайтыс болуда. Егерде осы кеселді дер кезінде анықтап алдың алмаса, қатерлі ісікке шалдығу және оның асқынуынан мезгілсіз көз жұматындар саны бүкіл әлем бойынша 2020 жылға қарай 1,5-2 есе артады деген болжам бар. Ракқа шалдығу негізінен ерлер арасында жеңіл және колоректалды обырдың, ал әйелдер арасында сүт безі және жатыр мойны обырының есебінен арта түспек.
Қазір қай елді алып қарасақта, қатерлі ісікке шалдығу және оның салдарынан қайтыс болып жатқан жандардың саны кемудің орнына, тұрақты өсіп келе жатыр.Бүгінде дүниенің төрт бұрышы бұл дертпен бірігіп күресуге мүдделі. Қатерлі ісіктің неден пайда болатынын, асқындырмау мен алдын алу мәселелерін де әлемнің әр шалғайында оқымыстылар қосылып зерттеуде. Және ДДСҰ қолдау көрсетуімен Обырға қарсы халықаралық одақ Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күнің 2006 жылдың 4 ақпанынан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.
Ал біздің елімізде қатерлі ісіктің белең алуы қай деңгейде екендігін және қандай шаралар жүргізіліп жатқанынан Алматыдағы Қазақстан Баспасөз клубында «Обырдың алдын алу және оны ерте бастан анықтау. Біз бірге мықтымыз» тақырыбында өткен баспасөз мәжілісі өткен.
Халықаралық зерттеу мәліметтеріне көз салсақ, қатерлі ісіктердің пайда болуына — шылым шегу (30%), дұрыс тамақтанбау (35%), жұқпалы факторлар (10%), кәсіби канцергенді әсер етулер (4-5%), ультра күлгін сәулелену (2-3%), ішімдік пайдалану (2-3%), ауаның ластануы (1-2%) әсер етеді екен.
Екінің бірі демесекте, айналамызда ет жақыны обырдан ажал құшып, жап-жас жандар мезгілсіз көз жұмып жатқаның жиі кездестіреміз. Мұндай жағдайды қайтпек керек? Қазіргі медицина саласының мамандары обырдан жеңілмеудің бірден бір жолы — оны ерте бастан анықтау екендігі алға тартуды. Демек, заманауи скринингтік тексеруден өткізумен медициналық қызметкерлердің онкологиялық ауруларды ерте бастан анықтауға болады. Және бұл — аса маңызды. Шеңгеліне түскен адамды білдірмей жейтін обырдың қауіптілігі де осында. Сондықтан да осындай дерттің бар екендігін адамдар естен шығармауы қажет. Алғашқы кезеңдерде обырды (рак), әрине, білікті дәрігерлердің және қажетті бағдарламалық қамсыздандырудың көмегімен, УДЗ(ультра дыбысты зерттеу), рентген, КГ(компьтерлік томография)және МРТ(магнитті резонансты томография) арқылы оңай анықтауға болады.
Мамандар қатерлі ісіктің құлаш жоюына едәуір төмендету үшін ең қарапайым, алайда аса тиімді мынадай ережілерді ұстану қажеттілігін ұсынуда: шылым шегуден бас тарту, артық салмақпен күресі, белсенді өмір салтын ұстану және спортпен ұдайы шұғылдану, дұрыс тамақтану, жеміс пен көкөністердің қажетті мөлшерін тұтыну, ұзақ уақыт күн астында жүруден немесе солярийге барудан аулақ болу, жас ерекшілік тобына сәйкес алдын алатын скринингтік тұрақты өтіп тұру, және ағзамыздағы кінәреттарға бей-жай қарамаудың арқасында онкологиялық аурулардың алдың алуға болады екен.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.