Сүттің сирек сипаты

Қызықты деректер /
Сүт — сусын ретінде де, тамақ ретінде де қолданылатын бірден-бір өнім. Сүт — Еуропаның көп бөлігінде мұнайдан да қымбат екен.100 мл сүттің құрамында: 87 гр. су, 4.8 гр. қант, 0.1 гр-нан 3.8 гр-ға дейін май, 3.4 гр. ақуыз, 120 мгр. кальций, 12 мл. магний, 3,3 мкг. йод, 32 мкг. А витамині, 0.18 мкг. В витамині және 0.4 мкг. В12 витаминдері бар. Сүтті энергия беретін сусын ретінде де қолданады. Әсіресе спортшылар жарыс кезінде көп пайдаланады. Халықаралық сүт мейрамы 1 маусым күні атап өтіледі.

Сүт десе сиыр, сиыр десе Үнді елі көз алдымызға елестейді емес пе?!.. сурет
Сиыр ежелден қасиетті жануар болып есептеледі. Бала шыр етіп дүниеге келісімен-ақ, оған болашақта білгір, білімді болсын деген мақсатпен сиырдың сүтін ішкізеді екен. Сурет
Бұл елде сиыр сүті — ана сүтімен пара-пар. Сүт өнімі ел экономикасының маңызды бөлігі. Әлемде үнді елі сүт өнімін өндіруден 2-орынға ие.

Германияның 66% халқы сүт құрамындағы витаминдердің жетіспеушілігінен зардап шегуде. Германия халқының қолданысы бойынша сүт сырадан кейінгі орынды алады. Әлем бойынша сүт өнімін өндіруден 5-орын алады. Алғашқы төрттік: АҚШ, Үнді елі, Қытай және Ресей. Сурет
Сүт туралы заң алғаш рет 1930 жылы 31 шілде күні Германияда қабылданған.

Ал, Қытайда сүтті осылай қабылдайды:

Бұл ел көбіне сүтті экспорттайды. Себебі, сүттін құрамындағы қант — қант диабетінің ауыруына алып келетін ең басты себептердің бірі. Бес алпауыт елмен бәсекелесу барысында Қытайдағы сүт өнімі күннен-күнге дамып келеді.

Ал, ежелгі кезде Ресей халқы сүт ашып кетпеуі үшін ішіне тірі бақа салып қоятын болған. Сурет
Ресей дүкендерінде шикі сүт сатуға тиым салынған. Ресейдегі сүттің бағасы шет елдің бағасынан қымбат көрінеді. Германияда 1 л. сүтті 45 евроцентке алсаңыз, бұл көрсеткіш Ресейде 1 евро.

Америка сүт өндіруден әлсемдегі алғашқы орынға ие бола тұра, Еуропа елдері және Канада бұл елдің сүт өнімін қолдануға тиым салды. Себебі аталмыш елдің сүтінен рак ауруы туыпты.Сурет
Сүтті микробтардан қорғайтын қорапша алғаш рет Америкада 1890 жылы қолданысқа енген. Содан бері АҚШ шетелдерге өнімдерін үздіксіз экспорттап отыр. Сурет
Осы жылғы көрсеткіш елдің жылдық табысына 43100000000 доллар алып келді. Бұл тарихта болмаған көрсеткіш.

Өзіміздің еліміз де сүт өнімдерін өндіру жөнінен басқа елдерден қалыс қалмайды. Кезінде Еуропа саяхатшылары қазақтың сүттен қалай май алатыннын таңдана жазғаны ақиқат. «Су сұраса, сүт берген, айран берген» қазақ сүттен көптеген өнімдер мен тағамдар даярлайды.

24 пікір

zhanaai7
мына жазбаны оқып, сүт туралы қызықты мәліметтерге қанық болып қалдық.сізден енді түйе, сиыр, ешкі,қой сүтінің пайдасы мен зияны туралы жазба кутеміз)Сәттілік!
ulzhankzz
қызықты деректер, расымен!) осындай қызықты жазбаларың көп болсын))
Jurman
Мәулен бауырым, мына жазбаңмен көп ізденгенің көрініп тұр. Оқыған адам өзіне жақсы ақпараттар алады екен! Алға!
yesbolat83
Екінші суреттегі сиырдың жүнінің жылтырлығы, оған деген күтім мен құлшылығының жемісі екендігін аңғартады екен.
maulen
Жануарға деген қамқорлықтары ғой)))
yesbolat83
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Мына сиыр өзіне мінәжат қылып тұрған әйелге тілін шығарып, келеке етіп тұр ғой, өзі.)
maulen
«Сиырдың тілі тілсіз тіл»,- деп тұрған болар, шамасы!
adaikyz
сәттілік тілеймін! Алға! Жазба керемет
Yeld
Қант қызылшасының ауЫруына алып келеді??? Лактозаның сахарная свеклаға қандай қатысы бар? Мүлдем ұқпадым осы сөйлемді, мүлдем… Мүмкін лактоза қант диабетімен ауыруға әсер ететін шығар?
maulen
Кешірім сұраймын, ия, қант диабеті ғой)))
Жазбаң керемет екен! Біраз қызықты ақпараттарға қанық болдым!
maulen
Қуаныштымын, рахмет!
dimash
сүттің құрамындағы лактоза туралы жазбадыңыз ғой, неге ересек адамдардың көпшілігі сүтті қорыта алмайды? Неге кейбір ересек адамдарда лактозаны қорытатын фермент бөлінбей қалады? Ал кейбір адамдарда қанша жасқа келсе де лактозаны қорыта алады, не себепті?
Abylai
Димаш осы сүтті және сүтті тағамдарды мүлдем ішпесең де болады? Зиян емес па?
dimash
Білмедім мен де. жоғарыдағы жазбаның авторынан сұрау керек шығар, өзім кефир, сүттің фанатымын)
maulen
Әрине, сүттің зиянынан пайдасы көп. Бірақ, қант диабеті ауруына шалдыққандарға шектеу басым. Қант диабеті ұйқы безінен бөлінетін инсулиннің салдарынан пайда болады(қантағы глюкозаның мөлшерін азайтушы) Лактозаның құрамында: оттегі және көмірсутегі элементері бар. Көмірсутек — қандағы қанттың мөлшерін арттырады. Қандағы қанттың арпауы адамның организіміне(осал немесе әлсіз болуы) байланысты. Көбіне жасы ұлғайған адамдарда көптеп кездеседі.
followme_alik
Сүт тағамдарын қатты ұнатамын, керемет пост, Маулен :)
maulen
Рахмет! Өзіме де, әсіресе, анамның ұйытқан айранын айсаң ғой))))
Jako
Жарайсың Маулен, бұрын ақындық қырыңнан танушы едік, бұл жолы мүлдем басқа қырыңнан таныттың. Іске сәт!
maulen
Рахмет, Jako аға!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.