Фэшн-әжелер

Қызықты деректер /
Зандра Роудс — 70 жасар ағылшын әжесі. Киім дизайнеры, Лондондағы Мода және Текстиль музейінің негізін қалаушы. Ағылшын ақсүйектері, Жаклин Кеннеди, «Queen» тобына киім тіккен. Вивьен Вествудтты жақтырмайды, себебі ол оның идеяларын ұрлайды деген ойда. Зандра Роудс өзін «панк» стилін сән әлеміне әкелуші деп атайды.



Вивьен Вествуд — 71 жастағы ағылшын дизайнері. Сән әлеміндегі «панк» стилінің негізін қалаушы.



Анна Пьяджи — 79 жасар итальян әжесі. Біздің заманымыздың мальвинасы деуге де болады. Итальяндық «Vogue» журналының креативтік кеңесшісі. Ешқашан бір киімді екінші рет кимейді.



Бристольдық 70 жасар Рут Флауерс «DJ Mamy Rock» атымен әйгілі. Ол 1 жыл бұрын диджеингті меңгеріп, қазіргі уақытта біршама танымалдылыққа ие болды.



12 пікір

AKA
Қазағымның әжелері еместігі қуантады. Жаратқан санамызды бұрыс бағыттан сақтасын!
marghan_84
ия, бірақ бізде де бірен-саран «сәнқой» әжелер бар шығар. Көре қалсаңдар, суретін салыңдар :)
dimash
хыхыхых)) пропедевтикадан сабақ беретін 60 тан асқан бір апай бар бізде, соны суретке түсіре алсам салам ғой, осылардың ар жақ бер жағы, серьез))) ойнап айтамын, просто қатты боянады да жасына қарамай сәнқой)))

ЭМО-лар қартайғанда қандай болады деп ойлап жүрген сұрағыма бүгін жауабын таптым)))
calendula
Жігіттердің қыздардың (әйелдердің одан қалса әжелердің) қалай боянатынында жұмысы болмаса екен! Қасын жұла ма, қайда жұлады, немен жұлады, қалай боянады өздері біледі!
dimash
иә, дым қалдырмай қас, кірпік тағы не бар, бәлін жұлып тастандар маған десең. сосын минимум бес кг тень, 5 кг пудра жағып алып… Барлығы де сен сияқты ойласа өз идеалымдағы қызды таппай қалам ба деп қорқам да))
calendula
Таппасаң менің кінәм жоқ!
Moldir_96
Мәссаған...) Неткен өмірге құштар әжелер?! Қартайғылары келмейтін болар шамасы...))
marghan_84
Ал мына әже 75 жасар Изобел Варли «Гинестер кітабына» ең көп татуы бар адам ретінде енген.

Ardak
Озимиздин ертеги окып, акыл айтып, айналып толганып отыратын ажелерди корип калган, казактын балалары, мынандай ажелерди корсе шошитын шыгар.
calendula
Мен таңқалмас едім, бұндай әжелерді көргенде ))))
mairosh
Фэшн әжеге мен мына әженің суретің қойғым келіп кетті. өзіме қатты ұнайды осы сурет ))))
marghan_84
Мықты әже екен ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.