Сіз естідіңіз бе? Африка қақ жарылғалы тұр екен...

Қызықты деректер /
Осы жақында, Алаш айнасы республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінен оқығаным бар еді.Африка қақ жарылғалы тұр екен…
Жер бетінде тағы бір мұхит пайда болып, Африка құрлығы қақ бөлінеді. Лондондағы Корольдық қоғамның ғалымдары осындай сенсациялық болжамды жария етті.
Зерттеу тобының жетекшісі, ғалым Тим Райттың мәліметінше, Эфиопиядағы Афар аймағында бірте-бірте мұхит қордаланып келеді. Алдағы миллион жыл ішінде үлкен су Африка құрлығын ортан белінен екіге жаруы мүмкін. Афар аймағындағы географиялық өзгеріс соңғы бес жыл ішінде байқала бастаған. Жер өзінен-өзі опырылып, аймақтың біраз бөлігін су басыпты. Ал кейбір ғалымдардың болжамы бұдан басқаша. Олар Эфиопия мен Сомали мемлекеттері аумағында қалыптасып келе жатқан жаңа сулы өлкенің кейін Үнді мұхитына қосылып, бұл жерде үлкен арал құралатынын айтады.

11 пікір

MSHERIMBEK
Хехе, осы Британ ғалымдары да қоймайды екен!
multik_sagi
Хехе… бұл бар болғаны болжау ғана ғоооой…
konvict
Не ғо, Алаш айнасының журиктері қоймайды екен десең болады
Azamat
Бұрындары айтылып еді ғой бөлінеді деп…
mairosh
хм)))) енді бүкіл география оқулықтарды қайта басып шығу керек болды. 7 материк
beko
Медикігіміз география пәнін уайымдап отыр ме ей? Иәә бұл жаңалықты естімеппін.
Daka_sss
алдағы миллион жылда не болатыны керек емес уже)))
Aikona
Ол енді геология заңдылықтары ғой
Dark
eeeeeeeeeeeeeeeeee boluida mumkin burak boljau ))))))
Dark
Bolui abden munkin barlik jakta jazuli <> dep tur…
Kan
Ақыр заман болады деп халықты дүрліктіргеннен кейін ғалымдарға сенуден қалғанбыз. айта береді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.