Қымыздың жасалу жолдары мен түрлері

Қызықты деректер /
Қымыз десем баяғы қазақ халқы көз алдымызға елестетемін. Иә қымыз бұрыннан келе жатқан ұлттық тағамдардың бірі. Оны тек сусын ретінде емес тағам ретіндеде өте қажет. Басқа тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс, тәсілдері, салт-дәстүрлері, ырымдары мен кәде-жоралары көп. Көктемде құлындаған биенің сауылып ашымаған сүтін саумал дейді. Негізі алғашқы қымызды үй иесі емес дәстүр бойынша ауылдың үлкендерін шақырып, ауыз тигізіп, батасын алады. Мұны қымыз- мұрындық дейді.
Қымыздың дайындалу әдіс тәсілдеріне қарай және сақталу уақытына байланысты халқымыз бірнеше түрге бөлген.
Уыз қымыз — биені алғаш байлап, жаңадан ашылған қоб қымыз.
Бал қымыз — жылқының сүр қазысын қосып әбден бабына келтіріп пісілген қымыз. Бұл басқа қымыздарға қарағанда сары әрі қою, дәмді, жұғымды, тұщы болады.
Құнан қымыз — екі түн сақталған, толық ашыған қымыз.
Дөнен қымыз — үш тін сақталған өте күшті қымыз.
Бесті қымыз — төрт күн сақталған ашуы әбден жеткен қымыз.
Мұнымен қатар шөп буыны қатып, күзде сауылытын қымызды сары қымыз дейді. Мұның емдік қасиеті жоғары болып келеді. Ал қыста қысыр биелерді қолда ұстап сауылатын қымызды қысырдың қымызы дейді. Алған құлындаған биенің қымызын қысырақтың қымызы дейді. Бұл бірнеше құлындаған биенің қымызына қарағанда құнарлы, жұғымды болып келеді.Бұрынғы қымыздың үстіне саумал қосылса түнемел қымызы дейді.Көп пісілген ащы дәмі кеткен қымызды өлтірілген қымыз дейді.



Қымыздың бапталып күтілуі де үлкен жұмыс. Ол негізінен жылқы терісінен, емен, арша сияқты ағаштан жасалған ыдыста сақталады. Теріден жасалған үлкенің саба, кшісін мес, торсық деп атайды. Қымыз ыдыстары да бөлек ұсталып оларды қымыз аяқ, қымыз ожау деп қастерлеп айтқан.


Жалпы қымыз қазақ елінің мақтанышы мен салтанаты. Оны сапырған сайын хощ исі артың тәбетті аша түседі.

6 пікір

qyrmyzy
тәбетім ашылып кетті))))баяғы қазақ халқы емес, ата-бабаларымыз дегенің дұрыс шығар
mairosh
ас болсын )))) ата баба десем түркі халқы да кіреді ғой сосын жекелеп қазақ деп алғанмын
Jako
Майрош алтынсың ризамын, толық емес бірақ жалпы дұрыс.ит-құс әңгімеге қарағанда салт-дәстүр өте сусап тұрған мәселе.
mairosh
Рахмет ЖАко ағай қолдан келгенше ғой. жалпы осындай дәстүлі тағамдарды оқығанды жақсы көрем ұнағаның блогыма жазғым кеп кетет. мұның бәрін жаза берсе блог толад )))))
beko
Қымыз жайында қосымша жап-жақсы мәлімет алдым. Рақмет.
konvict
Баяғыда бетінде жүретін майын үрлеп отырушы едік. Кейін дәмін алған соң дәндеп алдық қо. Маған киік отымен ысталғаны ұнайды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.