Өмір толқыны

Қызықты деректер /
Жаз айы
Бұл жаз айы басқаларына қарағанда өте ерекше! Осы аз да болса 3 ай мезгілінде
Өтірік мақтағанға мәз болып жүре беріппін. Сонда Анам «балам ау байқа, әркімнің артынан еріп жүре бер ме, өзіне де көңіл бөл, шаруаларынды бітір» — деп айтушы еді! Сонда мен бұлданым, Бұл менің достарым. Көмек қолдарын маған әр уақытта созады деп, анаммен сөзге келісіп қалатынбыз. Сөйтсем асыл анам мені ойлап, айтады екен ғой. Адамдар бос уақыттарын достарына арнап, Мейілінше бар ұақытын отбасымен өзіне арнаушы еді, мен керсінше бар уақытымды достарыма арнаушы едім. Онда құрметті оқырман мен нені айтқым келіп тұрғанымды әңгімемнен білерсіз!">
Жасым 19 келді. Бүгін мен үшін өте ерекше күн. Бұл менің туған күнім, осы өмірге жаңа қадам басқан күнім. Іштей қуаныш мені аспанға бір көтеріп жіберердей. Анамның маған көлік сылайтын күні.Басқа құрдастарынан кем болмасын деп, жиған тергенің үйіп- төгіп мені жетелеп, мен қарайлап жүрген автокөлік иесіне хабарласып, шақырған мекен жайға келе жатырмыз. Өзім қобалжып тұрмын, Уақыт деген өтпейді, былай қарасан жақын жер, бірақ жол ұзарып кеткен секілді. Бір сәтте такси жүргізушісі жеттік деді. Қуаныштан жарылып кетте жаздадым. Осылайша анам маған өзім қалаған темір тұлпарымды алып берді. Бар гәп осы жерден басталды. Әлеуметтік желіде фоталарымды көрген таныс балалар, күнен күнге хабарласып достарымнын саны көбеймесе азайяр емес. Мен көлік алғанан сон біраз өзгеріп көкірегімді көтеріп кісі болып қалыппын. Бұрынғы достарымды менсінбей жаңа достарымен жүргеніме 1 ай өтіп кетіпті. Осылай жүргенде күтпеген жағдай орын алды, отбасыма бұлт үймелеп, жиған тергенімізден бір күнде айырылдық. Осы сәттен бастап жұмыс жасап, анама көмектесуді бастадым. Қаражат жағынан қатты қиналдық. Сол кезде достарыммен сыр бөлісіп бар жайды айтып отырушы едім, сөйтсем бұлар менің артыман сөз сөйлеп елге жайяды екен. Артымнан мысқылдап мазақ қылады. Осы сөздерді мен енді ғана естіп жатырмын. Көзді ашып жұмғанша қыркүйек ай да келді, жаңа оқу жылы басталды. Өзім еліміздің еңселі оқу орнында оқимын.
Таңертең деканатан қонырау түсті. Деканаттағы қыз оқу ақысын төлеңіздер деп, телефонды қоя салды. Анам қобалжып, не істерін білмей маған айтпай қарызданып, оқуымнын ақшасын төлепті, мен оны білмеймін. Бір күні анамның телефоның ақтарып отырып, бір хатқа көзім түсті. Онда анамнан қарыз ақшасын қайтаруды сұрап жазған бір әйелдін есеміне көзіп түсті. Анама ештеме айтпай ломбардқа қарай жол тарттым, көлігімді өткізіп, анама келіп ақшаны қолына ұстаттым, анам екі үш күн бойы ақшаны алмай жүрді. Енді амалынын жоқтығынан ақшаны алып қарызымызды өтедік. Осылайша көліксіз қалдым.
Күніне бес-алты рет телефон соғатын достарымнан бір хабар жоқ. Осы уақыт аралығында олар да көлік алған. Шаруалармен хабарласып бір- екі жерге барып қайтайық деп сұрсам, біруеі бос емес, біреуі басқасын айтып, бір екі сағатын маған қиюға жарымады. Сол достарым бір нарсе сұрағанда анамнын озіне уақыт бөлмей соларға уақыт бөлетінмін. Бір куні бұрынғы достарыма хабарласып қойсам, еш аянбай жаяу болса да жаңымнан қалмай серік болды.Осы сәтте достарымнын қайсысы адал екенін білдім. Құрметті оқырман осы әңгімені жазған себемін, Ата-аналарынызды бағаланыздар, олар не айтса да білгенен, саған жаңы ашығанан, жақсылық ойлағанан айтады.Адал Дос таңдай білініздер. Осы әңгімем сіздерге өмірлік сабақ болар деп ойлармын.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.