Жиырма тоғызыншы Ақпан (Кібісе жылы)

Қызықты деректер /
Бүгін жиырма тоғызыншы ақпан. Яғни Кібісе жылы (күні?). БАРШАҢЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАП ҚОЙСАМ АРТЫҚ БОЛМАС. КІБІСЕ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН )))

Кібісе жылы дегеніміз не?

Кібісе жылы — Юлиан мен Григориан күнтізбесіндегі 366 күннен тұратын жылды айтады, қалған жылдардан 1 (бір) күні артық. Юлиан күнтізбесі бойынша Кібісе жылы төрт жылда бір рет келеді, ал Григориан күнтізбесінде бұл ережеге байланысты ерекшелiктері бар (дейді).

Бір тәулік қайдан шықты?

Біздің заманымыздан бұрын 1 Қаңтар 45 жылы Рим императоры Гай Юлий Цезарь александриялық астрономдардың (Созиген басқаруымен) құрастырған күнтізбесін енгізді. Бұл күнтізбе Юлиан күнтізбесі деп аталды. Ол күнтізбеде бір жыл ұзақтығы шамамен 365,25 күнге тең (365 күн, 6 сағат). Алты сағаттық айырмашылықты теңестіру үшін Кібісе жылы енгізілді. Яғни Үш жыл 365 күннен, ал төртінші жыл 366 күннен есептеледі. (6 сағ * 4 = 24). Сол артық тәулік Ақпан айына тіркеледі.

Бұл енді сайт контентін уникальный қылу үшін терлеп тепшіп аударған мәтінім. ары қарата Уикипедиядан копипаст жасапжіверейін.

Кібісе жы­лының пайда болуы ежелгі Мысырдан бастау алған. Осы елдің ғалымы Сотис сонау жылдардың өзінде «Сүмбіле» ең жарық жұлдызын біраз уақыт зерттеген. Оның таңертеңгі­­лік оңтүстік көкжиектен көрінуінен бастап, әр жылдың 365 күннен тұратынын анықта­ған. Ал Сотистің Сүмбіле жұлдызын зерт­теуі көк­тем кезінде ағыл-тегіл таситын Ніл өзені суының шаруалардың үлкен еңбек­пен ек­кен егістік алқаптарын шайып кетуіне байланысты болды. Осылайша, жұлдыздардың жай-күйін терең зерттеген египеттік ғалымдар күндерді жаңылмай санай отырып, халыққа Сүмбіленің туатын мезгілін дер кезінде ескертіп жүрді. Осын­дай санақтың нәтижесінде өзіміз бүгінгі күні қолданылып жүрген күнтізбе пайда болды. Сөйтіп, ғалымдар күн мен түннің теңелу уақытының арасын жыл деп атады. Жылдың төрт мезгілін аңғарып, бір жылды жылдың мезгілдеріне сәйкес төртке бөлді. Бұған қоса, ғалымдар өздерінің зерттеуінде әр үш жылдың 365 күнге аяқталып, ал әрбір төртінші жылдың күн саны алдағы үш жылда бір күннің артық қалуы салдарынан 366 күнге толатынын дәлме-дәл есептеп шығарды. Міне, осыдан келіп, славьяндар «ви­сокосный», ал мұсылман елдері «Кібісе жыл» деп атайтын жыл пайда болды. Ал үш жылда бір рет қайталанып келетін басы артық бір күн ақпан айының үлесіне тиді. Осылай Кібісе жылы пайда болды

16 пікір

Korkem
Қызық, менің бір сыныптасым 29 ақпанда туған. Биыл тойлады, төрт жылда бір келер туған күнін...))
qyrmyzy
қалған жылдары не істейді??
Korkem
ық-ық 28, не тойлай салады да...))) ал 29 болса ерекше атап өтеді.
qyrmyzy
4 жылда бір шашылады, күшті ғой
Korkem
Иә, ақша үнемдейді. Өзі де экономист…
Abylai
флудттамаң =(
Korkem
ыыыыы жарайды, айтқаның болсын!
Korkem
нан ұрсын, енді флудтамайм…
KILYZAMAN
Высокосный год
— деген ұғымның аудармасын алғаш көріп отырғаным осы
Abylai
мектеп кезінде естігем (жетінші сыныпта). «Кібісе» екені анық есімде ) алғаш көруіңізбен ) көрімдік))
mairosh
қызық екен)))))))) +1 ғо. не ғо 30 ақпанда туылғандар рахат шығар жыл сайын шығына бармайды ))))
ardak1996
30ақпан қалай сонда? ондай кун жоққой?
ardak1996
сосын мынандай жұмбақ болып едіғой СЖС-да
Бір Қария 100де, ол туылған кунін өмірінде 25рет тойлаған.Қарияның туылған кунін тап? 29ақпан
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.