Ойбай, айбай!

Қызықты деректер /
— Мама, туалетке барамын.

Түскі астан кейін аузыма түсетін алғашқы сөз. Ол сөзді айтпасам, қолыма балта ұстап «тоғайды» кезіп кетемін немесе жалпақ күрек алып малдың астын тазалаймын. Сөйтіп, үйімізден 50 метрлік дәретханаға 5-6 сағаттық жолға шығамын. Ол сапарға түнде шықсам, 2-3 минут қана уақытым кетеді. Қорықпас үшін аспандағы жұлдызға қарап барып, қарап қайтамын, ол болмаса, кәндек итімнің көмегіне жүгінетінмін, мені құтқарып алатын сол сияқты.Қызықты деректер: Ойбай, айбай

Қашу операциясы

Қызықты деректер: Ойбай, айбай
Тесігі көп дәретхана есігінен ешкімнің жоқтығына көз жескізгесін шөп жағалап, үйден қашу операциясына кірісіп кетемін. Көрші үйдегі жолдасыма жолықтыратын бір ауыз ысқырығым ғана. Шешемнен ұрлап алған инені балқытып, майыстырып ілгіш жасаймыз. 5 мертлік лескаға 3 метрлік ағаш тауып, байланыстырамыз. Басына әкемнің 19 размерлі болтын байлаймыз. Осылай біздің авторлық қармағымыз дайын болады. Ұмытып кеткен екем ғой, сыйырдың жапасын ақтарып жүріп шылаушын жинайды екенбіз ғой. Содан соң ағынды өзенге жол тартамыз.

Аяқ киім ағызу операциясы

Табжылмай жарты сағат бойы суға телміріп отырғанда қармаққа жан бітіп, қозғала бастайды. Сол кездегі сезімді айтсаңшы! Шіркін-ай, алғаш сүйіскен кездегі әсерден де мың есе артық қой. Қармақты асығыс көтеріп, ыршыған ақ балықты жағаға шығарғанша тәлтіректеп, аяғыңнан жан кетеді. Екінші рет салғанда міндетті түрде қармақ ілініп қалады. Оны шығарып аламын деп суға түсесін, суға түссен — аяқ киімін ағады, оны қуасын, ақыры көзіңе жас алып ұзатып саласын. 3-4 балығыңды арқалап, соғысқа барған жалғыз аяғыңды сүйретіп ауылға аяңдайсың.

Ұрып-соғу

Жолдасыңмен қоштасып, ұшқан қарғаны отырып шығарып салғасын, кеш те батады. Үйге келсең, алдыңда мамамыз көк шыбық дайындап, күтіп алады. Сөйтіп кезекті «ай-бай» диалогтар кетеді:
— Кел деймін мен саған, қаңғыбас!
— Қайда жүрсің, а?
— Мә саған, мә, енді қаңғисың ба? Айт, қаңғисың ба деймін саған?!
— Маған салса аяқ киімсіз-ақ жүре бер. Мә саған енді «шлөпкә»!!!

— Ойбай, мама, айбай мама, болды, өтінемін, айбай арқам, ойбай қабырғам, жооқ, қанғымаймын, уәде беремін!


Кешкі асыңды ішіп, ыңқылдаған күйі ұйқыға кетесің. Ұстаған балығыңның қызығын кәндек ит көреді.

Ертесі түскі астан соң:

— Мама, туалетке барамын....

1 пікір

yesbolat83
Балалық шақтарым есіме оралғаны…
Біздер де үйден таңертең шыққаннан кешке бір келетін едік. Бірақ, біздер туалетке емес ))) (балыққа емес) лай/лас суға шомылуға баратын едік. Кешкісін сор-сор болған үсті-басымыздың өзі анамызға біз айтпай-ақ ұстап/сатып беретін.)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.