«Жазғы оқу залының» ашылуы

Қызықты деректер /
Жаздың басталуымен өз жұмысын М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы алдында «Жас Отан» Жастар қанатының жобасы «Кел, жастар оқылық» аясында жазғы оқу залы өз жұмысын жалғастырды. 2015 жылдың 4 маусымында салтанатты ашылуына 30 жасотандық пен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара мақсаты – оқымайтын жастарды кітап бетін ашуға тарту, қызығушылығын арттыру, білімге деген ынтасын ұлғайту.
Таза ауада кітап оқу – өте пайдалы әрі қызықты іс. Мұнда кез-келген оқырман кітапханаға келіп, ұнатқан басылымын алып оқи береді, әр түрлі журналдар қарап, балалармен кітап оқуға болады.Сонымен бірге кітапхана ережелерін біліп, «Оқысаң басқаға бер» деген ұстаныммен буккроссинг қатысушысы болуға болады.«Жазғы оқу залы» қонақтарының демалысы қызықты және сан алуан болуы үшін жазушылармен әр түрлі кездесулер, ойындар, диалогтық алаңдар өткізілетін болады.Сондай-ақ, жасотандықтардың бастамасымен әрбір адам кітапханаға қалаған кітабын сыйлауға мүмкіндік беретін «Әлемге кітап сыйла!» атты науқаны бастамасын алды.
Қызықты деректер: «Жазғы оқу залының» ашылуы
«Ашық аспан астындағы оқу залы маған өте қатты ұнады! Міндетті түрде бос уақытымды осында өткізіп, інімді ертіп келемін» – деді «Жас Отан» Жастар қанатының белсендісі Әлем Төлегенова.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.