Көкшетауда астана күніне орай, «Ел жүрегі – Астана» спорттық шаралары өтті

Қызықты деректер /
2015 жылдың 8 шілдесі Көкшетау қаласының орталық саябағында А. Мырзахметов ат. Көкшетау университетінің қолдауымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы Көкшетау қаласының Ресурстық жастар орталығымен бірлесе «Саламатты ұрпақ» республикалық жобасы аясында стритболдан, дартс пен армрестлингтен спорттық турнирлер өткізді. Шараға қатысу өтініштері «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы қабылданды. Қызықты деректер: Көкшетауда астана күніне орай, «Ел жүрегі – Астана» спорттық шаралары өтті
Шара мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын, аула ойындарын насихаттау.
Стритболдан турнирде қалалық 6 аула командалары қатысты. Ауа-райының қолайсыздығы әр түрлі жастағы стритболшы ұл-қыздардың ойын құмарлығына әсер етпеді.Өзінің жеңіске деген талпынысы мен ұмтылысы үшін жеңімпаздарға сыйақы берілді. Қажырлы күресте 3 орынды «Двойка» командасы иеленді, 2 орынды «Район № 17» алса, «Выше плинтуса» командасы турнир жеңімпазы атанды.
Дартс бойынша турнирге саябақ демаушылары мен өтіп бара жатқандар ынтықтықпен қарап, әрбіреуі бәсекелі тартысқа қатысу ниетін білдірді. Бірақ жеңіс мергендерге тиді: 1 орын — Қабыкенов Ерболатқа, 2 орын — Төкенова Сандуғашқа және 3 орын Васильев Данилға.
Қызықты деректер: Көкшетауда астана күніне орай, «Ел жүрегі – Астана» спорттық шаралары өтті
Дәл осы күні өз күш-қайратын көрсеткісі келетіндер үшін армреслингтен турнир өтті.Бұл жарыста Диобальт Артур 3 орынға ие болды, 2 орынға Стриашко Дмитрий қанағаттанса, ең мықты болып 1 орынды алған Қабыкенов Ерболат атанды.
Барлық қатысушыларға мадақтамалар беріліп, ал жеңімпаздарға А. Мырзахметов ат. Көкшетау университетінің басшылығы атынан кубок пен құнды сыйлықтар – күртешелер, моноподтар, сағаттар, кариматтар сыйға тартылды.Қызықты деректер: Көкшетауда астана күніне орай, «Ел жүрегі – Астана» спорттық шаралары өттіҚызықты деректер: Көкшетауда астана күніне орай, «Ел жүрегі – Астана» спорттық шаралары өтті
«Осындай турнирлер қатарынан екінші жыл өткізілуде, нәтижесі жоғары, биыл қатысушылар саны ұлғайып, мұндай шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз» — деп Көкшетау қаласының РЖО консультант-психологы Эсет Куссиева бөлісті.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.