Көкшетаулық аулалардың бірінде...

Қызықты деректер /
А. ж. 16 шілдесі «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Көкшетау қалалық бөлімі «Әулет» МТЖО-мен бірлесе «Көкшетау қаласының ресурстық жастар орталығы» КММ «Біздің күшіміз – бақытты отбасыларда» науқаны мен «Жастар – Отанға!» және «Бақытты балалық!» партиялық жобалары аясында «Mikky Mouse-ты іздестіру» квест-ойынын ұйымдастырды.
Қызықты деректер: Көкшетаулық аулалардың бірінде...
Шара балалардың қызығушылығын тудырып, 10 адамнан құралған 5 команда құрылды. Әрбір бекетте «Шрек», «Алладин», «Ұйқыдағы ару», «Кунг-фу панда» мен «Золушка» сияқты ертегі кейіпкерлері балаларды күтіп тұрды.Сүйікті кейіпкерлерін көріп, қуаныштары қойнына сыймады. Балғындар ойынға қызығушылық танытып, әрбіреуі өз командасының жеңіске қол жеткізудегі үлесін қосуға тырысты. Аталған шаралар командалық рухты және көршілердің, аула жастары мен балалардың достық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған.
Қызықты деректер: Көкшетаулық аулалардың бірінде...Қызықты деректер: Көкшетаулық аулалардың бірінде...
Өз пікірін ата-аналардың бірі Ләзиза Досмағамбетова бөлісті: «Ертегі кейіпкерлерінің келуі біз үшін тамаша тосын сый болды. Қызықты деректер: Көкшетаулық аулалардың бірінде...Іс-шара ерекше өтіп қуаныш сыйлады.Біз балаларымыздың жазды осылай жақсы өткізу мүмкіндігі пайда болғанына қуаныштымыз және алғысымызды білдіреміз.Осындай науқандар ауламыздың жақсы дәстүріне айналады деген үміттеміз!».
Қызықты деректер: Көкшетаулық аулалардың бірінде...
Нәтижесінде квест-ойынның жеңімпаздары мен қатысушылары мадақтамалармен марапатталды. Барлық бүлдіршіндер «АП-Импэкс» ЖШС директоры, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Жұмабай Қабенұлы Әміржановтан тәтті сыйлықтарға ие болды. Мерекеде назардан тыс қалғандар болған жоқ.Шара соңында барлығы «кейіпкерлермен» ортақ суретке түсіп, көкшетаулықтар дискотекада көңіл көтерді.
Қызықты деректер: Көкшетаулық аулалардың бірінде...

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.