Түремшік деген кім?

Қызықты деректер /
Айтабердің сүйікті қолданушыларының бірі АКА "өзім жайлы 100 факт!" жазу таяқшасын konvict -ке ұстатқан екен. Конвикт жайлы білгіңіз келсе…

Өзі
  1. Виртуалды әлемге konvict нигімен таныс. Шын есімі — Абай.
  2. Қазақстан тәуелсіздігін аламын деген жылы қаңтар соңына таман дүние есігін ашқан.
  3. Алты жасында мектеп табалдырығын аттайды. Сондықтан болар сыныптастары 1 жас үлкен еді. Кейін колледжде де сондай болды.
  4. Үйінің сүт кенжесі, әрі еркесі. Екі ағасы мен екі әпкесінің арқасында көп нәрсеге қол жеткізді
  5. Әжесі оны «Дыбіи» деп еркелеткен. Әлі күнге кейбір туыстары солай атайды
  6. Анасы болса «Питон»(ұжс, жылан) деп еркелетеді. Айтпақшы, әжесі «бып» деген кличка қойғаны бар. Сірә, көп сөзді түсініксіз айтатынына байланысты болса керек.
  7. Бойы QARASAQAL -дан ұзын. Шива сақтағыр, 176 болып қалады. Салмағы 54 кг. Сондықтар тыриып, арық көрінеді.
  8. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аққұм ауылында туылған.
  9. Ұлы жүз, руы Ысты, оның ішінде Ойық. Ешқашан руымен мақтанған емес. Ондай нәрсені жек көреді
  10. Қызы жоқ, бірақ ғашық. Әзірге үйленетін ой болмағандықтан қыз іздегісі де келмейді.


Білімі
  1. Мектеп табалдырығын 1997 жылы аттаған. Қодықтай тоғыз жыл бойы бір мектепте оқып, ешқашан төрттік деген бағаны тәбіліне түсіріп көрген емес.
  2. Тоғызыншы сыныпты қызыл куәлікке бітірді. Айтпақшы, сол куәлікті алатын емтиханда ұстазымен бір есепке келіспей қалып, соңында Көнбиктікі дұрыс болып шыққаны бар
  3. Тоғызды бітіргесін үлкен әпкесі мен кіші ағасының мотивациясымен Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжіне оқуға түсті(2006 жыл).
  4. Мектепте жүргенде үздік оқушы болғандықтан мұғалімдер жарыстарға сүйрелеп зайыбын алған. Сондықтан колледжде тып-тыныш болып, іс-шаралардан аулақ жүретін.(Кей бағаларым сондықтан төрт болып қалды)
  5. 2010 жылы колледжді бітіріп, өте қатты қуанғаны бар. Бірақ, кейін өкініп қалды. Оқыған жақсы екен.
  6. Жалпы білімі өте керемет деп айтуға келмейді. Білетінін үсті-үстіне қояр болса QARASAQAL -дың бойына жетпейді. Масқара!
  7. Бірақ, оқыған кітабы көп. Оқушыкен жатып алып кітап оқи беретін. Қараңғыда кітап оқимын деп көзін құртып, әшки тағу зорында қалды.(Ық-ық, түрікшелеп кеттім. Мақтаншақ, епті)
  8. Қазіргі таңда Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің сырттай бөлімінде оқып жүр
  9. Мамандығы — менеджмент. Бухгалтерлік есептен, экономикадан хауары бар. Колледж бітіргенде қолына «Микрасопт»-ты жақсы біледі деген қағаз берген. Былай Микрасопттың Оппистік программаларымен жұмыс істей алады.
  10. Шет тілден түрікше мен ағылшынша меңгерген. Орысша цүнгенімен дұрыс сөйлей алмайды.Егер 10 баллдық жүйемен есептер болсақ ағылшынша 7, түрікше 6, орысша 3 балл


Ермегі
  1. Жатып алып ойланған ұнайды. Бірақ, ойланамын деп тез ұқтап қалаД
  2. Кітап оқу сүйікті ісі. Рас, қаз көп оқымай кетті
  3. Телебизірден мутик қарап қояд анда-санда
  4. Пытбол көрген найт
  5. Шешімі жоқ түйінді шешкенді жақсы көрет
  6. Соткі ойнау да бос уақытын өткізер ермек
  7. Агентке кіреді
  8. Әлеуметтік желінің шаңын қағады
  9. Музыка тыңдайды
  10. Кино көреді.


Ұнайтыны
  1. «Не ұнайды?» деген сұраққа бірден «мамыр айында атқа мініп құмда серуендеген» деп жауап берері анық(Епті, төл сөзбен, төлеу сөзді мұта бастаппын)
  2. Көктемде ашық аспан астында тазалық жұмысын жүргізу
  3. Қыздардың әдемі болып жүруі
  4. Туыстармен бірге жиылып қауқылдасу
  5. Кітап оқып отырып тамақ ішу
  6. Қазы, манты, макарон
  7. Мышық
  8. Машина айдау(Әзірге прабасы жоқ)
  9. Әзілдесу
  10. Әлемді аралап шығу


Намайтындар
  1. Салақ қыздар. Әсіресе мұрты өсіп кетсе, бләқ
  2. Тамақтың ішінде шаш жүрсе.
  3. Колбаса мен сосискі(«со»-сыз болса найт)
  4. Тамаққа қосылған шөп-шалам, капуста, сәбіз, қызылша және т.б.
  5. Жеке қалғысы келгенде мазалайтындар
  6. Таң ертеңгі будильник дауысы
  7. Өзіне қарамай елдің қамын("қ"-сыз болса шаруам жоқ) жейтіндер
  8. Өтірік айтатындар
  9. Қызыңның соткіңді, агентіңді тексеретіндігі
  10. Көкірек адамдар, өзін артық санайтындар


Қаншаға жетті өзі, шаршап кеттім… Келесілерін қысқа жазамын

Мінезі
  1. Қырсық, ағылшынша мінезін «As stubborn as a donkey» деп атауға болады
  2. Ақкөңіл. Біреуге көмектескісі келеді де тұрады
  3. Жүйкесі жұқа.
  4. Әрдайым қолдау күтеді өзгеден. Біреу қолдамаса ойына алған ісін тастап кетуі оңай
  5. Нәпсісіне еріп кетеді
  6. Кейде нәпсісін өзі ертіп алатыны бар
  7. Өзінің мінезін өзге емес, өзі де түсінбейді.
  8. Ойын ашық айтады
  9. Яатсыз. Нәстрениесі жоқ кезде тыныш отырса яалшақ екен деп ойлап қалуы мүмкін
  10. Тез тіл табысып кетеді. Алайда, оны көп қолдана бермейді


Ыспорты
  1. Ең бірінші футбол ойнаған ұнайды
  2. Үстел теннисін ойнай алады
  3. Воллейболды да ойнап қойды анда-санда
  4. Шахмат ойнаған ұнайды. Әсіресе мықтылармен
  5. Тоғызқұмалақтан бір мәрте облыс жеңімпазы(өзі бір-ақ рет қатысқан), бірнеше мәрте аудан жеңімпазы, жүлдегері атанған. Қазір ұмыта бастады
  6. Асық ойнаған ұнайды. Бірақ дұрыс ата алмайды
  7. Турникке тартылған ұнайды. Әсіресе «соннышка» жасау. Бірақ өзі істей алмайды
  8. Атқа шабу
  9. Шашкі ойнай алады
  10. Ық-ық, кіші інісіне ат болып жүр қазір


Арманы
  1. «Ләйлісіне» қосылу
  2. Мессимен сұхбат жасап, жақын дос болу
  3. Меккеге бару
  4. Кандализа Райспен жұмыстық қарым-қатынас жасау
  5. Акон, Эминем, Николь, Риана тойында ән салып берсе
  6. Джеки Чанды, Бен Ладенді, Ронадиньоны және т.б пытбол жұлдыздарын көру және сұхбат жасау
  7. Ата-анасының үдесінен шығу.
  8. Баласының көп болғанын қалайды
  9. Көп тілді меңгергісі келеді
  10. Ғарышқа ұшып барғысы келеді


Үлгі тұтатын тұлға(Кумирі)
  1. Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар — ізгіліктің жаршысы, адамзат асылы
  2. Анасы — Фатима. «Менің анам алтын, сенің анаң алтын! Аналардың құттықтап, қол соғыңдар бәрің.» Әлемде анаға жетер жоқ қой
  3. Әкей. Асанкелді әкейдің адалдығы, ақылдылығы қатты ұнайды
  4. Месси. Әлемнің бір туар талантты футболшысы Мессиді кумир қылмау мүмкін бе? Эх, оны мұсылман етсем ғой...
  5. Д.А.Қонаев — пәленбай жыл ел басқарса да өзіне дүние жинамаған Қонаев ақсақалды құрметтеу баршамыздың парызымыз
  6. Құнанбайдың Абайы — аттас болғанымен қатар, оның ойлы сөздері өзін мойындатады.
  7. Николь (Пуссикат Доллс) — менің арманымдағы екі әйел затының біреуі.
  8. Полат Алемдардың образы — Құртлар Вадысының осы кейіпкері көңілімнен шығады
  9. Махамбет — азаттықты аңсаған өр ақынды құрмет тұтпау ақымақтық болар
  10. Сайыпқыран солдат Швейк — аптырын ұмытып отырмын, бір кітаптың кейіпкері. Менің көп мінезім соған сай келеді


Артық болмас білгенің
  1. Үлгі тұтар ұстаздарының басым бөлігі толықша болып келеді
  2. Мессидің және Барселонаның фанаты.
  3. Қазақ әншілерін жек көреді. Оның орнына Питбулды тыңдаған жақсы
  4. Жаңа бірнәрсе көрсе тез үйреніп алғысы келеді
  5. Бала кезінде көп ауырған. Төртінші сыныпқа дейін бәлниседен, бәлнисе қоймаған екен. Тіпті, доқтырлар адам бомайды деп айтқан.
  6. Доқтырларды лоқ қылып, Конвиктті адам еткен апасы Мәйкеге айтар алғысы шексіз!!!
  7. Файнаншл Аккаунтиңнің есептерін шығарған ұнайды
  8. Шын көңілден берілген сыйлықты ешқашан тастамайды
  9. Бір лет қана қызға сыйлық беріп көріпті. Оның өзі сәтсіз
  10. Жақын достары көп емес

40 пікір

konvict
Таяқшаны QaraSaqal -ға ұсынамын
AKA
«Дыбіи», «бып»
Өлдім-ау күлкіден, әжеңе ризамын! :))))) Үшінші сурет керемет! :)))
konvict
Ойланам деп ұқтап қалған кезімде түсіріп алған ғой )))))
AKA
Мықты, мықты, қолыңнар келер іс әлі көп қой, Дыбіи! Ризааааамын ше, қандай күЧт жігітсің! :)) Білім десе білім, бой десе бой, ой десе ой… бәрі бар ғой, шүкір! Қыздааааар, алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала дейді, енді түсініп отырсыңдар ғҰә?!
qyrmyzy
ғҮә © болғанда уже басы бос емес…
AKA
Көркем? Қайда жүр өзі? Өлең арнаған түрін…
qyrmyzy
тамақ жасап жатқан болу керек
konvict
Яалып қалдым
qyrmyzy
ялғанда, бітті бәрі
konvict
Біткені несиии
qyrmyzy
нобиын іздейм© Көркем
qyrmyzy
реалда ұялшақсың ғой
MSHERIMBEK
Нәпсісіне еріп кетеді
Сенде нәпсі бармед???:)))))))
konvict
Епті, таяқша сенде
qyrmyzy
самса қайда??
konvict
Әй менің постымды плудтама
MSHERIMBEK
Епті, сауатты пост:)
kema
taiakshany ozine ustatypty QaraSagal))) Senikin de okiyk endi))) hehehe
kema
Joni, myjty jazylgan. Mades. Kundeligindi ap kel 5 kop berem))))))) Jumyska kirgende osynda resum jazsan, biredn jumyska kirdim dei ber))))))))))))))))))))))))))))))))
Jako
Абай, менің жерлесім екенсің ғой, Таластық.Тамаша жазыпсың.
konvict
Сіз де Таластансыз ба? Қай ауыл?
Jako
Иә Абай, негізі Үшаралдың Ошақтысымын.
konvict
Түбі Үшаралдық Оразиман Мелдебеков деген группаласым болып еді. Екінші суретте сол жақта тұрған. Мүмкін әкесін танып қаларсыз. Әзірет-Омар аты
Jako
Таразға кеткеніме көөөөп болды ғой, бірақ анықтап сұрастырсам тануым керек.Сенің комментеріңді Керекте де оқып қоятынмын.
Araika
Әлгі кәзитің туралы ләм-мим демепсің ғой?
konvict
Ілмекке іле салып едім
bazaraigul
Шахмат ойнаған ұнайды. Әсіресе мықтылармен

мда шахмат ойнап көру керек екен сізбен))
konvict
мда шахмат ойнап көру керек екен сізбен))
Сіздің шахматтан мықты деп есептей берсем бола ма?
bazaraigul
шашып тастаймын деп айта алмаймын, былай ойнаймын едәуір))
konvict
Блогкэмпте ойнап көрелік
qyrmyzy
блогқұрылтайда шәшкі/мафия… хмм
bazaraigul
өкінішке орай блогкэмпте мен болмаймын))
qyrmyzy
доптан қашып жатырсың ба??? кіттәй кезіңдегі суретің ба?
konvict
Қойии, дап-дардай екі жыл бұрынғы сурет
qyrmyzy
допты көріп, абыржып, қашып жатқан түрің ба?
konvict
Әй, өзің пытбол көріпең. Баратада допты тосып тұрм
qyrmyzy
қарашиш өзің дұрыстап, жіләпжіберин деп тұрсын го
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.