Суға кеткен тиындар

Қызықты деректер /
Сүт сатумен айналысатын шаһар тұрғыны соңғы кездері сүтке су қосып сатуды ойлап шығарыпты. Күндердің күнінде, әлгі сатушы көрші қаланың базарынан табыспен үйіне кемеде қайтып келе жатады. Жолда көзі ілініп кеткен саудагер ояна келсе, тиын салатын әмияны орнында жоқ. Іздей бастаса, әмияны желкенге шығып алған мақұлық маймылдың қолында екен. Маймылға жалына кеткен саудагер қолын созып әмиянын сұрайды, бірақ маймылдың берер түрі жоқ. Ішінен тиындарды шаша бастайды: мақұлық бірін саудагерге лақтырса, бірін суға лақтырып ойнайды. Құдды бір табыстың тең жартысы суға тиесілі екендігінен хабардар еткен сияқты.

Дереккөз

7 пікір

Korkem
Ие мынаны бір жерден оқып едім, әлгі Әпенде емес пе? тамаша екен
AL-ASTER
Әпенде?
Korkem
әлгі Қожанасырды айтамын
AL-ASTER
Ох, идея. Қожекең туралы аңыз еске түсіп кетті. Кейін жазамын. )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.