Тәтті арман

Қызықты деректер /
Тоқталмас уақыттың зымырап өтіп жатқандығын қарап, балалық шақпен қош айтыса, болашақтағы көретін күндерімді армандап қоямын. Ай, қу арман… Нені ойлатпайды дейсіз, нені істеткізбейді дейсіз бұл жалғанның жұмағын көрудегі адамның арманы. Ия, шыны керек, армансыз адам болмайтыны хақ. «Армансыз адам — қанатсыз құспен тең» — дейді ғой дана халқымыз. Әсіресе балалық шақ күндердегі шомып жүрген арман — ең бір тәтті шақтардың бірі емес пе… Міне, осындай тәтті армандарды ойлаудың өзі бір ғанибет, осы арқылы адамның өмірге деген талпынысы оянады.
Адам баласы талпынған армандардың ең бастысы — бақытты болу екен…

Жазған уақыты: 2009-03-18 22:41:37

4 пікір

qyrmyzy
«Армандай бр, арман тегін»
Araika
Арманда, жаным, арманда ©
mairosh
Балалық кезде менде арман көп болған.Бір қияли адам болдым ғо))
Togzhan
Адам баласы талпынған армандардың ең бастысы — бақытты болу екен…

Иә, адамды алға жетелейтін де осы «бақытты боламын» деген арманы, тәтті арманы шығар)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.