SADKO FM #3: Көркеммен

SADKO FM /

Ассалаумағалейкум, Айтабер сайтында SADKO FM радиосын тыңдап отырған көпшілік қауым! Бүгінгі эфиріміз сайтымыздың аруы, белсенді қолданушымыз Korkem ді бүгінгі эфирдің құтты қонағы етіп шақырып отырмыз! Бізден алыстамаңыздар!
— Сәлем, Көркем! Эфирімізге қош келдің! Өзің жайлы жалпы айтып өтсең?
— Мен Көркем, 1989 жылы қаңтар айының 12 жұлдызында ОҚО Леңгір қаласында дүниеге келгенмін. Әке-шешем қарашаңырақта қалған, үлкен отбасымыз. Алдымда ағам, жағам, орманым, қорғаным бар, соңымнан ерген інім, сіңлім бар. Тікелей Төлебидің өзінен тараған текті әулеттің қызымын.

— Бәрекелді, Көркем, өмірде кімді үлгі тұтасың?
— Анамды үлгі тұтамын. Ол кісі маған сөзімен де, ісімен де үлгі. Аса бір сабырлылығы ұнайды. Отбасымыздың ғана емес, бүкіл әулетке сыйлы келін, біз үшін үлгілі де аяулы ана, әкемізге сүйікті жар бола білген анамды төбеме көтере құрметтей де, үлгі тұтамын. Балалы-шағалы, үлкендігі бар ана болса да үлкендердің алдынан қия баспай, әлі күнге сәлемін сала жүреді, әркез жылы сөзін аямайды анашым. «Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің бір жақының, бір досың, бір ұстазың бар. Ол – Ана! Қара жерді баспай жатып, есің ді білмей жатып, тырмысып жабысатының, шырылдап уанбай жылап сенің іздейтінің – ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол – ана. Ол саған бәрінен қымбат» — деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, әркез үлгі тұтар, іздейтінім – анам. Иә, анашым аман болсын.

— Интернетте кездестірген ең тамаша, үздік сайттарыңды атап өтсең?
— Жас қыздарға, болашақ аналарға берер тәлім-тәрбиесі көп «Ана мен бала» сайты ерекше ұнайды. «Ең үздік» деп бөліп жатпай-ақ қояйын, қазақ сайттары айтарлықтай көп болмағандықтан, қазақ тілінде жазылғаны үшін бәрі де ұнайды. Бір айтарым, интернет әлемінен, соның ішінде осы қазақ сайтарының қатарынан табылуыма себепші болған Сұрақ-Жауап сайтын ерекше атап өтер едім. «Келінің бетін бірінші кім ашса, сол ыстық» демекші, СЖ сайты мен үшін ыстық, ұшып шыққан ұяма ұқсайды. Оның фундаментін қалап, еңсесін биік етіп көтере білген Ерболға айтар алғысым зор. Тілегім, алған бетінен таймаса екен.

Күн даналығы:
Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты — ақыл...
— Көркем, интернет әлеміне жол тартқаныңа өкінбейсің бе?
— Өкінбеймін! Жаманынан жиреніп, жақсысынан үйреніп-ақ жүрмін. Ең бастысы, онда менің достарым көп. Сонымен қатар, өз үлесімді, көмегімді қосуға мүмкіндігі бар интернет әлеміне жол тартқаным өкініш емес. Оның үстіне өкінетіндей жағдай болса, бас тарту деген қиын нәрсе емес қой. Бірақ, өкінетін жағдайға өзім себеп болмасам, өзге себеп болмайтын шығар.

— Ер азаматтарға қарағанда, әйелдер қауымы көңілшек, жылауық келеді. Сенің ойыңша, нәзік жандылар не себепті жылайды?
— Әрбір әйел – бір әлем, құпияға толы әлем. Отбасылық өмірде әйел-ананың рөлі маңызды. Ол қаласа шаңыраққа бақыт құсы қонады, қаламаса берекесі қашады. Солай бола тұрса да олар нәзіктіктен жаралған, әрқашан да көз жастары дайын тұрады. Байқасаңыз, ер адамдар тұлғалы, алып күштің иесі болса да жан-дүниесі нәзік те, әйел адамдар керісінше нәзік болғанымен, жан-дүниесі күш-жігер мен қайратқа, шыдамдылыққа толы «қырық жанды» келеді. Олар ішкі күйзелісті немесе сынды іште сақтамай көз жасы арқылы сыртқы шығарып отырады. Осы орайда, анамнан да естіген, газет беттерінен де оқыған мына біра мысалды мысал етіп те, жауап ретінде де айта кетсем:
Бір жігіт Жаратушыдан әйел адамдардың жылауының сырын сұрайды. Жаратушы:
Мен әйелді жаратқанда оның сұлу болғанын қаладым.
Мен оған бүкіл әлемді көтеретіндей қауқарлы иық және гүлден де өткен нәзіктік бердім.
Мен оған толғақ пен басқа да ауруларды көтере алатын шыдамдылық бердім.
Мен оған жігер бердім, күшті болғаны соншалық, басқалар құлап жатса да, өзі алға ұмтыла түседі және басқа сүрінгендерге, ауруларға, шаршағандарға демеу болады.
Мен оған ештеңеге қарамай баласын жақсы көретін мейірімділік бердім, тіпті баласы өзін ренжітіп жатса да.
Мен оған бүкіл кемшілігіне қарамай, күйеуіне демеу болатын күш бердім.
Мен оны жүрегін сақтап тұрсын деп, еркектің қабырғасынан жасадым.
Мен оған жақсы күйеу әйелінің ешқашан жанын ауыртпайтынын, кейде мұңайтқанымен, үнемі жанында болатынын түсінетін даналық бердім.
Және де мен оған көз жасын бердім. Қуанышта да, қайғыда да жылауға ерік бердім.
Оның сұлулығы жүрегіне жол тартатын көзінде. Үлкен махаббат орнаған жүрегіне...
Иә, үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады, жыламағанда қайтсін?!
— Әрине, сюжеттегі реалистікті есепке алмағанда өте жақсы мысал айттың:)

— Отбасында кім басшы, ер ме, әйел ме? Әйелдің саясатқа, билікке араласқанын қолдайсың ба?
— Отбасында ер басшы немесе әйел басшы деген түсіністіктің болғанын қаламас едім. Бастысы сенім, сыйластық, бірлік болса. Бір-бірін қолдап, қиын жағдайда бірге ойласса тығырықтан шығар жолды таба алған болар еді.
Әйел адамның билікке, саясатқа араласқанын қолдаймын, егер ол жалғызбасты жесір немесе тұрмысқа шықпайтын болса.
Ал олай емес болған жағдайда, әйел болып туған соң, әйел болып қалғанын қалар едім.


— Шын айтшы, Шымкенттен басқа қалаға кетіп қалғыңыз келе ме? — деген қызық сұрақ қойылыпты:)
— Мына сұраққа жымидым, бір сезгіштік қасиетім бар еді)) Иә, туған жерді қиып, жүрегімді үзіп қалай тастап кетейін? Тіпті, Астананың өзін «Шымқаламның тырнағына да татымайды екен» — деп келдім.

— Сен үшін ақыл-білім, ілім, сана маңызды ма, әлде ақшамен бәрін шешуге болады деп ойлайсың ба?
— Мына сұраққа түсінгенім, біздің Оңтүстіктегі тыйылмай келе жатқан парақор, жемқорлыққа байланысты қойылған болар. Иә, оқу орындарында парақорлық әлі күнге тыйылмай келеді. Жартылай өз күш, өз білімімізбен оқып келе жатсақ та, айласын асырып кетіп жатқандар баршылық. Алды-артыңды орап кетіп жатқан сол жемқорлықты билік басындағылар тыя алмай жатқанда қарапайым студент қалай тыйсын? Студенттер де білімсіз боп, білмей жатқаннан бермейді, амал жоғынан береді, себебі оның оқудан өту-өтпеу мүмкіндігін алдын-ала ақшаға байланыстыра шешіп қойған.
Дегенімен, мен үшін білімді болу маңыздырақ. Ақшамен бітіріп кеткен күннің өзінде де өмір бір жерде тоқтап қалмайды ғой, ертеңгі күні сені жұмысқа қолыңдағы бір жапырақ қағазға қарап емес, сенің білімділігіңе, біліктілігіңе, алғырлығыңа қарап алады.
Ақша, байлық дегенің де бақыттың бір бөлшегі іспеттес, тек оны өз маңдай теріңмен, саналы ақылыңмен тапқанға не жетсін?!
Өмір өзімдікі болғандықтан, өзім үшін оқып-тоқып, талпынып, Өмірден ойсыратып тұрып орын аларыма сеніп келемін.

Күн тұлғасы:
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
— Кекшілсің бе? Қандай жаман қасиеттерің бар?
— Кекшіл емеспін. Бірақ, бетке айтатын жаман әдетім бар. Кейде көңілімді қалдырған адаммен араласпай кетуге бармын, бірақ кешіремін. Ашуым жәй келеді де, тез кетеді, кейде кетпей қоятын әдеті бар. Өз дегеніммен жүруге дағдыланып алғанмын, кейде қыз екенімді ұмытып дес бермей қоямын.

— Көркем Виртуалды махаббат дегенге сенесің бе, яғни ғаламтормен табысып жатқан жандар туралы не айтасың?
— Виртуалды махаббатқа сенбеймін, мен оны тіпті ақылыма да сыйғыза алмаймын. Ғаламтормен табысып жатқандар мен үшін махаббатпен емес, өмірдің заңы – үйленіп, үй болу үшін қосылып жатқандар секілді көрінеді және солай сияқты да. Адамды тану үшін, оны көріп қана қоймай, онымен бінеше ай бойы жақын араласудың өзі жеткіліксіз. Адамға ғашық болу үшін оның жан-дүниесіне сүңгү керек. Ал виртуалды махаббат, әлгі алдамшы махаббат секілді. Яғни, жәй сыртқы бейнесіне, суретіне немесе жылы-жылы сөздеріне ғашық болу, ұнату. Бұл дегенің жылт етіп бір көрініп өте шыққан жәй әншейін алдамшы сезім ғана.

— Көркем, сен интернетте күніне қанша сағат отырасың?
— Менде белгілі бір қатып қалған қағида жоқ. Әр кезде әрқалай. Кейде мүлде отырмай кететін кездерім де болады, кейде таңға дейін отыратын кездер де болған.

— Қазіргі уақытты немен айналысып жүрсің? Сабақ болса, қандай оқу орны және мамандығыңызды айта кетсеңіз
— Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің 5 курс студентімін, яғни сырттай оқимын. Мамандығым «Дефектология және психология». Қазіргі уақытта диплом алды іс-тәжірибелерден өтіп, мемлекеттік емтихандар мен диплом қорғауға дайындық үстіндемін.

— Өзіңнің шын атыңды кімнен және не үшін жасырып жүрсің? — деген сұрақ жіберілген екен. Негізі, олай емес сияқты:)
— Танымал болу — арманым емес еді))
Осы сайттың шамамен 80% өз есімдерімен емес ник аттарымен жүр, демек менің де хақым бар ғой. ))
Негізі қазақы тәрбиесін көріп өскендіктен болар, өз атымды паш етіп жүруге арым, ұятым жібермейтін секілді. Қанша айтсам да қыз баламын, болашағымды ойлаймын, ертең барған жерімде біреу болмаса біреуі оқып жатса келіндік атыма кір келтірмес пе екен деп сақтанғаным. Аллаһым сақтасын, кейде осындай кішкентай нәрсенің өзі үлкен бақытсыздыққа душар етіп жататын кездер де жоқ емес. АКА айтпақшы текті әулетке үлгілі келін, аяулы ана, сүйікті жар болу қай қыздың да болмасын арманы ғой.


— Кімдердің блогтарын көп оқисың?
— Ешкімді алаламай-ақ бәрін де оқимын, барлық блогқа қосылып та алғанмын. Сонымен қатар «КерекИнфо», «Массагетте», т.б. сайттарына да жиі қонаққа барып тұрамын.
Анда-санда жазатындардан осы сайттың админдері Ербол мен Берікболдың жазбалары ұнайды, Садық сіздің де жазбаларыңызды сыйлаймын. Жако салт-дәстүрі, өз ойы. АКАның шәйға шақыруын күтіп жүрмін, Сағыныштың алғырлығына тәнтімін. Димаштың тоқтап қалғаны өкінішті, Қырмызыға айтатын сөзім жоқ, Абылай тапсырмасын ұмытты, Архун мен Тоғжанның есебіне миым жетпейді. Жалпы, пікір жазбасам да бәрін оқып шығуға тырысамын. Сондай-ақ, бір айда бір немесе екі айда бір постты әрең жазатын VVVWWWнің жазбаларын кәдімгідей күтемін.


Күн шумағы:
Күтіп жүрмін мен оны,
Көңілге сол қуаныш.
… Жалықтырды себебі,
Жатып алған мына Қыс. © Қалқаман Сарин
— Сені келесі блогкэмптен көре аламыз ба?
— Құдай бұйыртса, оған жетпей көрісіп те қалармыз бәлкім....

— Қаталдығыңның сыры неде?
— Мен қаталмын ба? Мына сұрақты күтпеп едім. Бәлкім қатал көрінетін болармын, әлде пікірлерім, жазбаларым қатал көрінер? Айтшы, Садко, мен қаталмын ба? ))
— Онша қатты емес… десем бола ма?)))

— Көркем, сүйген адамың бар ма? Ол қандай?
— Сүйген адамым жоқ. Сыйлайтын, құрметтейтін қымбатты адамым бар. Ол – сабырлы, қандай жағдайға болмасын төзімділікпен қарайтын, ақыл-ойдың иесі. Мен оны пір тұтамын.

— SADKO FMге тілегіңді естісек.
— SADKO FMге, тыңдарман-оқырмандарына мықты денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілей отырып, отбасыларыңызға береке, шаттық тілеймін. Бақтың базарында, Қыдырдың назарында жүргейсіздер. Садық, саған айтар алғысым ерекше, жекеде айтамын)))))))
— Рахмет, Көркем! Көңілің түсіңкі болып жүргенін байқап жүрміз. Барлығы да оң болсын! Саған да бар жақсылықты тілей отырып, бүгінгі эфирімізді аяқтаймыз. Өзіме жауаптарың өте ұнады. Сіздермен болған Садық Шерімбек және бүгінгі эфир қонағы Korkem болды. Ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізді bizge@aitaber.kz немесе QaraSaqal ға жолдасаңыздар болады! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар, достар!

121 пікір

qyrmyzy
уа-ча, көптен күткен сұхбат!
qyrmyzy
ренжімеңдер, тоймай қалдым ©!
qyrmyzy
Көркеммен реалда көріпесек те, бұрыннан танитын құрбым сияқты. Көркемді басқа қырынан көргім келген.
akil_kalta01
Сен Көркемді реалда тірідей танымаушы ма едің! Сендерді бірге тұратын құрбылар деп ойлап едім! Қап көріпкелдігім қайда қалды екен!:)))
qyrmyzy
ық ық, олай ойлауыңа не себеп?
akil_kalta01
Өткенде «Аруларға шабуыл немесе қыздар жайлы бір үзім ой деген» постты жазғанда екеуің ақыладасып жазғандай көрініп еді :))
qyrmyzy
бәсе, сол кезде ереке енумен бірге отырып, маған шабуылдадыңдар ғой, керісінше. Сендерді бірге тұра ма деп ойладым
Jakss
Жоқ, ол сосын қосылды ғой! Сол жазбе неге өшірілді екен?! Сені әйтеуір жіләтіп алмадық па?
qyrmyzy
хехе, жіләғам. ереке ену басқа никпен жүретін болған ба?
Jakss
кайдағы ереке ену, мен Jakss, жазыдым ғой есінде жок па? Енді қызып келәтір еді иә?!
qyrmyzy
қайдам, жылап отырып, кімнің не жазғанын ұмытып қаппын...қызып келе жатқаны сол болса....өртегендерің қандай болатынын білмеймін! Сосын, отырып алып маған жабылғандарың болмады. Минустап, жарайды минусты қойшы, пікірлерің....ұжс енді...Содан айтабердегі жігіттермен онша араласпаймын, араласқым келмейді
akil_kalta01
Охо тақырып қайта көтеріліпті ғой! Кеш болмай тұрғанда qyrmyzyдан Айтаберліктердің көзінше кешірім сұрайымын! Нағыз ер екенімді дәлелдейін :))
qyrmyzy
ештен кеш жақсы, бірақ жараның орны бітуге көөөөп уақыт керек. ренжіме!
qyrmyzy
неге өшірілгенін біле алмадым…
qyrmyzy
Көркем, реалда да, виртуалда да бір адамсың ба? Әлде бөлек?
Korkem
Атымды жасырды демесең, барым да нарым да осы. Бар болмысым да осы)))) Бірақ енді оны реалда да көрген адамдардан сұрасаңдаршы)) меніңше, виртуалда да, реалда да бірмін)))
akil_kalta01
Жерлес облстас екенбіз қуаныштымын! Керемет сұхабат! Шын есімің Көркем бе, осыны білгім келген!
dimash
Осы пост шықпай қала ма деп ойлап едім))) көп күттіріп шығардыңдар-ау әйтеуір)))
Реніш болмасын, бірақ мында жасампаздылық бар сияқты… Толық ашылған жоқ, сонша күткенім онша қызық болмай қалды(( Мына жазғандарыңызды мен біледі екенмін… Тек сырттай оқитыныңыз ғана жаңалық болды…
Инеттен бастаған сайтымыз бір екен, мен де сол СЖ-ның арқасында білдім ғой басқа қазақ тілді сайттарды.
Димаштың тоқтап қалғаны өкініштісі нес...
Отбасыда отағасы ер адам болуы керек, себебі ол ЕР адам, оның басқалай себебі жоқ.

Көркем деп жақсы ник тауыпсың бірақ, өзіңе лайық))

Мен ұзақ күттіргенге бір керемет болайын деп тұрған ғой деп ойлап едім...
Korkem
Мен ұзақ күттіргенге бір керемет болайын деп тұрған ғой деп ойлап едім...
өзім де солай ойлап едім))
pari
жақсы сұхбат болған екен ,, бірақ,,, бірақ өзіме ыстық қабылдай алмадым...сынды көтере алатын шығарсың
Abylai
(: шеттеріңен сыншы болып кеткендеріңе аздап: жымидым:
qyrmyzy
Айтаберліктер, Көркемге сұрақтарымызды осында пікір ретінде қалдырып отырайық онда. Көркем де келісер…
qyrmyzy
біз жаман деген жоқпыз, тек Көркем жайлы көп инф білейік дегенбіз
calendula
Мен де жаман деген жоқпын. Жаман емес значит жақсы)
qyrmyzy
ық ық, не дит
calendula
Ыхыхыхы айтып қойдым уже
Korkem
Календула, өз есіміңе келгенде жасыр деп ең. Сөзіңнен аттағаным жоқ, жас болсаң да сыйладым. Енді сенің өз атыңды айтай берсем де ләм демессің! Сұхбатта аз да болса ол жайлы мәлімет беріп кетіп ем ғой… Сәл болса да арс етіп білгіштігіңді паш етіп отырады екенсің!
calendula
Ық ық, сол жерде тіпті менің атымды мазақ қылғандар да болды. «Айшеке» дегендер де болды. Кечроңң) Бірақ, менің атымды уже бәрі біледі екен. Жасырмаймын. Есімім — Айшат!
Korkem
Енді оған менің қатысым жоқ болса керек))
Moldir_96
Ал маған сұхбат ұнады! Осындай қызық сұхбат үшін Садко мен Көркемге рахмет!
kema
Osy Aitaberge algash kelgende en algash korgenim QaraSaqal men Korkem bolatyn))) Osy korkemdi, or kokirek, aldyna jan salyp, shan juktyrmaityn jan ba dep oilagam)))) Suiteseeeeem, kadimgi kazakhtyn top tompak, akly dese basy, shash dese uzyn shashi, tur dese aidai juzi, minez dese nazdai kylygy bar ademi kyz eken goi)))) Jaksy info boldy)))

Maladec Sadko)))
konvict
Күшті, бірақ виртуалды махаббат жоқ дегені нашар екен
qyrmyzy
Көркем, виртуалдағы махаббатқа сенбейді екесің, жақсы көру/сүю үшін біршама уақыт керек депсің… бір көргеннен ғашық болу дегенге де сенбейсің ба?
Korkem
Иә, бір көргеннен ғашық болуға де сенбеймін. Меніңше ол мүмкін емес. Ғашық болар, бірақ ғұмыры тым келте алдамшы сезім. Яғни, сыртына ғашық болып, ішін көргенде айналыыып кете беретін сезім.
Korkem
Сындарыңды көтерермін-ақ. Тек айналып кеп сын айта бергендеріңе таңым бар. Сендерге сұрақ беру мүмкіндігін бергенде қайда қарап қалдыңдар? Бар берген сұрақтарыңы жауап бердік, енді сұрақты өзім ойдан құрап шығарып, паш етуім керек пе еді? Қуасыңдар…
qyrmyzy
сынаған жоқпыз иии
qazaquly
Ұрысқақ апашка)))
Korkem
үйрене бер)))
AKA
Көкбөрі, көзді қысып намек таста,
Көркем қызбен тағы бір айтыс баста.
Ұрысқақ емес, бұртиған апашка де,
Сын көтере алмайтын, мына жаста.
qazaquly
Сын көтере алмайтының рас енді,
Алысқа жазбай ақ қой, құлашты енді.
Одан да, беу қарағым, айтпайсың ба:
«Айтпаңдар, сын секілді шуашты енді»)))
AKA
Шатасып, маған жауап жаздың-ау сен,
Сын көтере алмайм деп айтпадым мен.
Маған емес, айдай сұлу Көркемге айт,
А так сынды қабылдайм құшақпен кең.
Korkem
Жауапты саған жазды, ҚАСАҚАНА,
Айтыссын сенімем де, ара-тұра.
Бірің қыз, бірің жігіт, айтыссаңдар,
Дайынмын бензин болып айтақтауға!
qazaquly
Ойбай ау, Көркем шырақ, недеп кеттің,
Шамасы мақтағанға шелектеттің.
Әйтпесе, адам деген тамаша ат,
Бензинмін деп соншама елеңдеттің
Korkem
Сын деп едің енді мені мақтауда ма,
Сөздерің өз бойыңа шақтау ғана.
Дегенменен ескертіп қояйыншы,
Керектің жаргоны мұнда өтпейді, тықпалама.
qazaquly
Мен емес, мақтау айтқан басқалары,
Сол мақтау, сені елітіп тастағаны.
Ал, Керектің жаргонына келер болсақ,
Дұрыстап қара, кім бірінші бастағаны
Дайынмын бензин болып айтақтауға!
Korkem
Мақтаса, мен елпектеп отрмын ба,
Көзді ашып қарашы, қартайдың да.
Керосин мен бензинің бар жерде бар,
шелек, лібә, енес сенде ғана
qazaquly
Ой жаным ау, бар жерді білмеймін ғой,
Айтаберде ондай сөзді ілмейді ғой.
енесс деген өзімнің мәтелім ед,
Ал, мәтелде әдірес жүрмейді ғй
dimash
мяаааа на ходу айтыс шығара бересіздер ғой))) қызық)))

Қате емес теңестірсем Баян сұлу көзіне,
Ұқсатамын тіпті сені Қыз Жібектің өзіне.
«Ақылыңа көркің сай» — деп айтар едім Көркемді,
Қайраң қалам тауып айтқан атам қазақ сөзіне!

Сұлулықты жамылғандай бойына,
Гүлге қарап елестетем ойыма.
Барлық сынды әзіл деп біл Көркемжан,
Сын айтса да ешқашан да мойыма!

— деп қояйын да қыстырылысып))
Korkem
Рахмет! Саған айтар алғысы көп,
Мен-дағы сын көтере алмай жатқаным жоқ.
Не айтсада ойдағы арам ойларын айтты,
Шынында, бәріңе де көңілім тоқ)))
qazaquly
Тууу, енес, көзден, лібә, кеткен бе екем,
Оған, АКА, жарығым, кектенбе көкем!
Қартайдым деп жүруші едім жыламсырап,
Япырау, кәрілік шын жеткен бе екен.)))
qyrmyzy
мамандығың бойынша жұмыс істегің келе ма?
Korkem
Міндетті түрде істейтін боламын! Істегім келеді, істеймін де…
kema
Kokeide jurgen bir surak))))
Korkem alda jalda, Allah nasip etip, kuieuge shygyp jatsan bizderdi, yagni virtualdy dostayryndy, toiyna shakyrasyn ba? Toidy ote jaksy korem
Korkem
Арман гүлі құлпырған жолымда әр,
Қашанда дархан-пейіл ойларым бар.
Есігім айқара ашық болар сол күн,
Шақырамын, құтты қонақ болыңыздар!
qazaquly
Күйеуге шығуды сен тездет, Көркем,
Сонда ойлайсың «Бұрын керім кездер екен!».
Сен есікті айқара ашатындай,
Күйеуің соншалықты ез бе екен?)))
Korkem
Шығармын тұрмысқа да уақытында
Береді Құдай бақты бұйыртқанға.
Қуған жетпес, бұйырған кетпес деген сөз бар
Не болды? Құтыла алмай отырсың ба?
qazaquly
Апырай, сөзді сонша бұрмалама,
Әрине, бұйыртқандар құр қалама.
Бәріңді шақырам деп айтқан едің,
Әнееееу, тұрған төрт-ақ жол, жырда ғана.
Korkem
Ол жолда бес бересің, аласың жоқ,
шақырсам, той менікі, таласың жоқ.
Орта жолдан қыстырылып, күйеу дейсің,
мен-қызбын, әлі тұрмыс құрғаным жоқ.
qazaquly
Дейсің сен "әлі тұрмыс құрғаным жоқ",
Мен болсам, некелісің деп тұрғаным жоқ.
Шақырыпсың бәрін, ертең күйеу бала
Деп айтпаса, «байқа, жаным, ырбаның көп»)))
Korkem
Той деген күйеу жақта ғана ма екен,
Сәнімен қыз да ұзатылып кетпей ме екен?
Өз тойымда өзім-би, өзім-қожа,
Шақырамын, кел сен де беліңді бу да бекем)))
qazaquly
Ааа, солай ма, кешір олай ойламағам,
Тек былай ма дегендей ойға қалам:
Жігіт билейд қалыңдықты алмаса да,
Деп еді ғой Шымкентте тойда маған.
Korkem
Құлағыңа аямай-ақ лапшаны ілген екен,
Бір өзбекті мысалға алды ма екен.
Шымкент, аты айтып тұрған жоқ па,
Бір-бірін сыйлап өтер киелі мекен!
qazaquly
Шымкент, аты айтып тұрған жоқ па,
Бір-бірін сыйлап өтер киелі мекен!
Оу, қарағым, Шымкентті жек көрмеймін,
Шымкентті жұмақ деуді тек көрмеймін.
Дегенменен, Көркемжан артық кеттің,
Аты айтып тұр дегенің көп қой деймін, бұхаххах
Korkem
Мақтауың құлағыма майдай жағар,
Дей көрме мақтағанға құлай салар.
Аты айтпаса, несі бар ып-ырас қой,
Артық болса да жарасып тұра қалар)))
qazaquly
Жарасады қарағым, жарасады,
Қазақ жері бір бірінен әрі асады.
Мақтай берме, Шымкентті,
Түтіндеткен,
Мұнарлы Атырау да таласады.
Korkem
Мақтасам туған жерді көптік етпес,
Қазақ жері лайық қой, ештеңе етпес.
Айтысымыздың дәмі кетуде-ау,
Атырауды бұл жерге пихать етпеш
qazaquly
Ой, қарағым бұл сөзің жарамады
Сөздерің жанға тиді, жаралады.
Қазақ жері жақсы ғой деп отырып,
Атырауды мына қыз қаралады
Korkem
Кеше гөр, артық кетсем кінә менен,
Қаралау ойымда жоқ, шыныменен.
Тек менің айтпақ сөзім мынау еді:
Той деп басталған айтысымызға, Атыраудың қатысы жоқ қой деген
qazaquly
Ештеңе етпес, сен дегенде жоқ қо айып,
Жақсы жаздық, ох, шіркін, жатқан кайф.
Сәл нәрсені дау қылып айтысыппыз,
Көркемжан, бұл айтысты тоқтатайық.
ereke_enu
А так екеуіңде де жоқ қо айып,
Если че общайтесь через скайп)))
Korkem
татарлардың да жағаласпайтын жері жоқ екен))) бауыр болған түріңді…
qyrmyzy
Қандай дерекке сүйеніп айтып тұрсың?
konvict
Сұрақ: Мені тастап кеткенің шын ба?
AKA
Кәмпитім деп жүр еді ғой?! :)))))))))))))(
qyrmyzy
жоғарыдағы жауабына қарап ұға берсеңші
AKA
Мәәәә, ырзамын! Сұрақтарыма нақты, ұтымды жауап алдым. Өркенің өссін айналайеееен! :)))
Korkem
рахмет, әже)))
AKA
Тікелей Төлебидің өзінен тараған текті әулеттің қызымын.
Түүүһ, не деген таныстыру?! :)
әйел болып туған соң, әйел болып қалғанын қалар едім.
Қайдам, өткендегі Ақыл қалтаның жазбасына жазған жауапты оқып, басшы болғыңыз келе ма деп қалдым…
Тіпті, Астананың өзін «Шымқаламның тырнағына да татымайды екен» — деп келдім.
Өтірік, өткенде басқашалау айтқансыз…
AKA
АКАның шәйға шақыруын күтіп жүрмін
Үйбәй, шақырмағандай айтыпсыз да?! Енді қалғаны шәйнегім мен кесемді арқалап өзім баруым қалды… Не ғой… бұйыртса бірге отырып шәйлететін күн алыс емес. :))
Korkem
Не ғой, Шымға келсең ызбандан))) Жаулық салатын әйелдер мен орамалым сақадай сақ тұр))))
AKA
Келеді деп кім айтты? Сол баяғы 1-сәуір болатын :))))))))))
qazaquly
Не ғой, Шымға келсең ызбандан))) Жаулық салатын әйелдер мен орамалым сақадай сақ тұр))))
Мынауың Қаңбақ шал мен дәулердің арасындағы тартысты суреттегендей қылдың ғой. Шамасы келмеңдер деген сөз болар)))
AKA
Сіз үшін және мына тамаша сұхбатыңыз үшін бір стакан толы жеміс шырынын ішпей күтіп жүрмін, бүгін ішуге рұқсат па?
qyrmyzy
тууу, көөөөп күтіп қалдың ғой, іше бер
AKA
Мен оны пір тұтамын.
Не дид құрсын?! «Пірім» дейді, мамааа… Мұндай да болады екен-ау, басқаша теңеу, әдемі эпитет таппадыңыз ба?
Jako
Жақсы сұхбат болған екен, Көркем сағанда, сұхбатты жүргізген Қарасақалға да респект.
ereke_enu
Сәлеметсіздер ме! Менің сұрағым: сіздің ойыңызша, қазіргі таңда қыздар үшін ең орны толмас қателік қандай? Және жігіттерден қыз атаулы ең басты нені күтеді? Осы сәтті пайдаланып ауылдағы ата-әжеме, көрші көлең, 87-дегі Бақошқа сәлем жолдаймын)))
Korkem
Сәлеметсізбе))) Орны толмас қателік деймісіз? Иә, тұрмысқа шықпаған қыз ретінде жауап беріп көрейін, басты қателік қолда барда бақты бағалай алмау.
Жігіттерден қыз атаулы батылдықты күтеді. Сөздерімнің астарына мән беріңіз.
qazaquly
Жігіттерден қыз атаулы батылдықты күтеді. Сөздерімнің астарына мән беріңіз.
Тезірек сөз айтпасаңдар байға шығып кете берем, маған похы)))
Korkem
ық-ық, осындайда екі өгіздің арасына қыстырылып, арам өлген шыбын елестейді көзіме))))
qazaquly
Сені әшки киген қыз деп жүрсем, қорада жатып клавишті тоқылдатып жатсың ба? Мәсссссссссссссаған
qyrmyzy
қойыңдаршы болды
qazaquly
ойбуууу, демакратия жоқ мұнда, Қырмызы, сіз жетпіс алтыншы жылғы Хельсинки хаттамасымен танысып шықпағанға ұқсайсыз, бітті, Венадағы Халықаралық адам құқықтары жөніндегі комиссияға шағымданып, Брюсселдегі соттың төрелеріне барып, сотқа берем, бітті
qyrmyzy
бершиш, осы уақытқа дейін неге бермей жүрсің??
Сені әшки киген қыз деп жүрсем, қорада жатып клавишті тоқылдатып жатсың ба? Мәсссссссссссссаған
мынауың тым артық! Қызбен айтысып жатқаныңды ұмыттың ба?
qazaquly
Қарғам, сен сөзге мән берсейш, өгіз дегенге айтылған сөз
qyrmyzy
Тезірек сөз айтпасаңдар байға шығып кете берем, маған похы)))
мынауың ше?
qyrmyzy
ой, қайдағы жоқ Венаны қыстырып, бір рахаттанып қалдың ба? причем тут демократия??? причем тут Вена??? причем тут адам құқықтары??? Жәй, мәдениет деген болу керек қой!
Korkem
Не болды? Тым шектен шығып барасыз. Әзілдің де өз орны бар еді ғой…
bazaraigul
Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің 5 курс студентімін, яғни сырттай оқимын. Мамандығым «Дефектология және психология».
мамандығыныз жақсы екен, маған ұнап тұр, сырттай оқу қиындық тудырмай ма? сосын тағы сұрақ сырттайға ауысып кетіп оқып жүрсіз бе әлде бірінші курстан бастап сырттай ма?
qazaquly
Ваще, көкесі ертіп барып бесінші курсқа іліктіріп жіберіпті)))
bazaraigul
ренжімеңіз мен сізге қоймадым сұрақты.
qazaquly
Қоймай ақ қой, сіз емтихан алушымын деп ойлап қалдыңыз ба?
bazaraigul
ужассс)
Korkem
Мән бермеңіз)) Ел ішінде бір тентек жүре берсін)))
Jako
Базарайгүл Қазинеттегі жақсы программистердің бірі, сыпайы жақсы, сауатты және орынды қолданушылардың бірі.Көркеммен жақынырақ танысқысы келіп жатқанм болар оның еш айыбы жоқ.
qyrmyzy
аузыңа келгенін оттап отырады екенсің! Кішкене өзіңді тыйып алсаң болар еді
qazaquly
Беталды шаптыққанды қой, ол отыздан асып, кексе болғанға ғана жарасады. Сондықтан поштаға тыныштық беріп, жаймен ауыра бермейсің бе?
qyrmyzy
ұжыс, сөзім жоқ!
qazaquly
Сөзің жоқ болса үндемей отыра берші, айналайын, сөз ұқпайтын бала екенсің? Сөзбе сөз түсінуді қалыптастырып алсаң менің жазығым не? Адамға ақыл айтқышын
qyrmyzy
шынымды айтсам, базардағы ұрсқақ әйелдерді елестеттің… Орныңмен жүрмейсің бе? Бетке шапқанша
qazaquly
Қатпақарам ау, шабыңды біреу түртіп, енді мені қозғауға кірістің бе? Былай, сөздің мағынасын ұқ. Білуімше, сен тоқсанның айналасында туғансың, демек бой жеттің. Сондықтан саған қатпа қара, қайыс ерін болудың жөні жоқ, еріккен сөзге көкезуленіп жармасқаның жастығың болар, бірақ көкбеттікке ұластырмағайсың
qyrmyzy
Құддай, жағдайың мәлім болды! Өзіңнің қандай екеніңді көрсеттің! Рахмет!!! мың алғыс
Korkem
Сырттай оқу қиындық тудырмайды. Өзіңіз мамандығыңызды ұнатып ұмтылсаңыз, бәрі де өз ойлағаныңыздай шығуға бар. Бірінші курстан бастап оқып келемін сырттай, шынымды айтсам мектептен соң сабақ оқуға құлшынысым жоқ еді, сол үшін де сыртқы бөлімді таңдадым. Оның үстіне ең алғаш таңдаған мамандығым ұнамай бір жылдан соң қайта ҰБТ тапсырып, осы мамандықты таңдап едім, сондай ұнайды. Өмірде екі нарседен қателеспеу керек, соның бірі мамандық қой, ризамын...)))
mairosh
Басқасын білмеймін өзім көөөп күттім десемде болады. Көркем өзі білед))) Керемет сұхбат болды. Әр сұраққа нақты жауаб бергенің үшін көп рахмет. Біраз нәрсені үйренуге болатындай)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.