SADKO FM #5: Анонс

SADKO FM /

Құрметті қолданушылар! Жаздың ыстығындағы аптапқа қажып, біріңіз суда, біріңіз буда жүрген болсаңыз, бір сәтке көңіл көтеріп сергіп алудың мүмкіндігі келіп тұр. Яғни, Садко ФМнің келесі қонағы AKA сіздердің кез-келмеген сұрақтарыңызға жауап береді. Сұрақтарыңызды bizge@aitaber.kz немесе QARASAQAL ға жеке хат ретінде «АКАға сұрақ» деген тақырыппен жіберулеріңізге болады. Сұрақтарыңызды күтіп отыратын боламыз:)

50 пікір

Korkem
Ох, көптен күткен ұлы шайқас! )))
AKA
Ооо, зевсжарболғырай! :))
AKA
Сұхбат емес, сен мұны шайқас дейсің,
Невидим боп, агентте де көрінбейсің. :)
Өзің келіп, тиісуді қой десем де,
Құлақ асып, сөзіме еш көнбейсің.
Көркемжан, анонимді сұрақ жолдап,
Іштегіні айтып қал, жеңілдейсің.
Korkem
Не дейді? Ох, Құдайым өзің жар бол,
Кезінде өзің бастаған шайқас қой ол.
Тиіспе деп қарашы, бір бүйірден,
Білдіртпей бензин болып отырса сол...))

Сұрақты мына постсыз жолдап қойдым,
Не боларын алдын-ала ойлап қойдым.
Таныс қой деп шырағым, сен дәметпе,
Көзімді қысып, Сақалға ымдап қойдым.)))
AKA
Айтаберде сенімен танысып ем,
Меніменен талай рет айтысып ең.
Жазбаңа кеп сын-пікір қалдырғанда,
Ашуланып, жақтырмайтын білдірдің рең.

Содан бері өтті ғой біраз уақыт,
Қуанып, күлген сәттер асыл-жақұт.
Біраз тойда танылдың құдағи боп,
Пакетпенен таситын үйге сарқыт.

Айтаберге сіңірген еңбегің мол,
Басқаларға көрсеттің ізгілік жол.
Мен сені құрметтеймін, ылғи осы
Ақ жарқын һәм көңілді кейіпте бол. :)
MSHERIMBEK
Не мынау, АКА? Даканса ойыбай, даканса! Қандай сұмммдық сұрақтар келгенін айтпай-ақ қояйын:)))
Korkem
Мақтап-мақтап көңілді дөп басасың-ау,
Сойлер сөзді жұттырып, жаптырасың-ау.
Тисіп-тисіп, ішіңді ақтарып ап,
Ең соңына келгенде шат сыйлайсың-ау))))

Менен кіші болсаң да, құрметтімсің-ау,
Ешкімде жоқ, менде бар дұшпанымсың-ау.
Сыңарымдай боп кеттің танысқалы,
Жоқ боп қалсаң сайтта, іздерімсің-ау.
qyrmyzy
ахаха, у ішіііп отыра берейін
Korkem
муахахах ести сала жетіп келдің ба?
qyrmyzy
ахаха, қалайша менсіз айтыс ұйымдастырватсыңдари?!
AKA
Жанашыр ел, қазақпыз ғой жейтін ет,
Құлақ асшы, маған қарап, бұршы бет.
Еш ұйқассыз айтысатын болсаң сен,
Поэзиядан прозаға бар, аман жет. Муахаха :)))
MSHERIMBEK
Ойыыыыыыыыыыыбаааааааай:))) Ішеееееем:))
qyrmyzy
ахаха, Көркем, у іш!
Korkem
Қазақпыз! Шүкір, оған дауым да жоқ,
Мен сені тыңдамаған күнім бар ма?!
Жазғанымда ұйқас жоқ, ұқсас та жоқ,
Біліп тұрып, шақырған жының бар ма?!
AKA
АшуланбаңызЧы :))
AKA
Айтаберлік достармен табысайық,
Ойнап, күліп, аунап-қунап, жарысайық.
Дастарханның басына жиналғанда,
ИншАллаһ, екеуміз айтысайық. :)
AKA
Менен кіші болсаң да
Бұқақақа ©
Мұның рас, оған жоқ ешбір дауым,
Ерте кезден дұшпан қылды мына қауым. :)
Бірақ саған тартып тұрад бір бүйрегім,
Нендей магнитің бар ед, әжежауым?!

Қатты-қатты пікірлеп, сынап алам,
Төпелесе басқа кеп, қорғап қалам.
Егер мені өзіңе сыңар еткең,
Сен жақсысы, мен тентек бала болам.

Шайқасқанда сенімен жігер билеп,
Бойымды бір ерекше сезім кернеп.
Шабыттана түсемін, тиіскенде
Жүргенімде шаршаңқырап, жадап-жүдеп.
Korkem
АКА, шырақ, жаным-ау бері қара,
Талантты жансың ғой жеке дара.
Өзің бастап, нетіп-нетіп алып,
Соңында жылт етесің судай ғана.))

Бастасаң, тоқта деме жекеде сен,
Шабытты артқа қарай итермесең.
Үмітті жағып қойып, келесің-ау,
Тамағыма таяқ тіреп бүлк етпестен.))
qyrmyzy
ахаха, шап шап! АКА кетқалд
AKA
АКА, шырақ
Ооо, міне, міне! :))
Әәә, міне, өз-өзіңе енді келдің,
Ығына жасырынба дүлей желдің.
Намысыңды қайрап-қайрап отырмаса,
Қошеметін алмақсың қалай елдің?

Сені айтыскер Айнұрдан кем көрмедім, :)
Таяқ түгіл, ауыр сөз де сөйлемедім.
Ұйықтап жатқан намысыңды оятпақ боп,
Шағып айтар сөз құрап, түртпектедім.

Қызылордаға қашан сен қамданасың?
Көзбен көрсең рухани жанданасың.
Бір айтысқа сыйдыру мүмкін емес,
Ордалы Сыр елінің паң даласын.
MSHERIMBEK
дауай, дауаааай:)
Korkem
Намысым ұйқыда емес, бетімде тұр,
Әнеу бір айтқан сөзің есімде тұр.
Айтақ сөзге еретін мен емес ем,
Осы сенің «арам» ойың қай жақта тұр?!)))

Айтысқа шабытыңды басып тұрсың,
«Одайда бұрқыратамыз ғой» сенің сөзің.
Бір ай болды тиісе алмай іштен тындың,
Айтып қал енД, күйік болмай сыртқа шықсын :)))
AKA
Осы сенің «арам» ойың қай жақта тұр?!)))
Желание қашып кетеДкен мынадан кейін
Korkem
Ойбай-ай қашпа-қашпа. даканса даканса ©
AKA
Бірде-бір пікіріме мән бермедің,
Сол баяғы әдетіңе сала бердің.
Ашуға булығасың несіне сен,
Іштен тынып жүргенімді көріп пе едің?

Айтақ сөзге мен саған ер дедім бе?
Арам ойға өзің келіп жетелеме.
Айтысымыз соғыс болмай тұрғанында,
«Жеңілдім» десем, сені жеңгенім бе? Бұқақақа © :))
Korkem
Алдама, алдамай-ақ қоя қойшы,
Тиісе бер бұрынғыша, тілмен сойшы.
Біліп жүрмін, бәрі де біліп жүр ғой,
Баяғы "қатал" кейіпіңе келе қойшы.

Ашуландың деп бір емес екі айттың,
Тоқта деп екі емес бір рет айттың.
Сонда да жеңілгің келмейді, сабазым-ау,
Түсейін шоқты менде көсей оттың. :)))
AKA
Ашуландың деп бір емес екі айттың,
Тоқта деп екі емес бір рет айттың.
Не деген ұйқас, мән-мағына?!

Осы айтыс та жамағатқа жетіп қалар,
Айтыстың бас жүлдесін мықты алар.
«Жеңілдім» деп, мен артқа шегінейін,
Айтысып жүргендерден ұят болар.
Көркемжан прозаменен мықты айтыстың, :)
Оқыған жұртшылықтың көңілі толар.
Korkem
Осы айтыс та жамағатқа жетіп қалар,
Мына сөзің Садыққа ұнамайды,
Айтысты бастаған жан тоқтамайды.
Даканса даканса бар © жүлде үшінмес,
Айтыста ұйқас, ұқсас сыналмайды)))

«Жеңілдім» деп жүдә бір қоймайсың ғой,
Тағы да «жұртты» ойлап уайымдайсың ғой.
Жеңілгенің рас болса, үндемей қал,
"құласаң нардан құланы" келтірмей бір)))уақақақа
qyrmyzy
Қап ай а, көп нәрседен құр ғаппын(((
Korkem
АКА апаң қашып кеттідашее))))
qyrmyzy
ахаха, апам? Ол сондай Енд, өзі бастап ап қашад
AKA
Отырайын енді сол, айтысып емес, салғыласып. Мәні кетеді, одан да «жеңілдім» дегенім артық. :)
alikona
екеуін неге Жастар жырлайдыға бармайсыңдар келесі сезонына!
qyrmyzy
АКАның стилі осы енД, өзі бастап, өзі аяқтап, аяғында мақтап, мақтағанда даттап, очм, не го, не, түсініксіз…
MSHERIMBEK
Ө дәәәәәә:) Шаааааап ойыбай.)
qyrmyzy
Бензин? Where бензин? Тасыңдар шелектеп!
alikona
мәә жарасыңдар и))
Chimaq
Oilanyp jatyrmyn...:):)
Korkem
«Көп ойланба! Зиян...» деп біреу ақыл айтып еді маған =D
AKA
Айтқыш екен.
dimash
Не сұрасам екен… Ақнұр жайлы біраз нәрсе біліп қалдым) тааак))
qyrmyzy
Ахаха, бір қызззззық сұхбат болайын деп тұр Че…
Qarabala_95
Pax aitaberge san kirgizdi au wamasi bul eku akinimiz!!keremet aka toktamauiniz kerek edi siz bastadinizgoi siltau kopko aita salmaisinba uiktaim warua bar!!!jai kewirim surap kettinde jok boldin patom wok boldin!nur oinap an oinap wabitina bak konsin!mialades!!
AKA
Түүһ, Қарабала, рахмет! :)
Korkem
Тағы екі ай күтеміз бе? Түріктің сериалынан бәттәр болды-ау сұқбат деген)))
dimash
Әлі шықпай жатыр...(( Күте күте қартаятын болдық ғой СадкоФМ-ау!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.