SADKO FM #5: Ақнұр Бектеміспен (АКА)

SADKO FM /
Сәлем, Айтабер және SADKO FM радиосының тыңдармандары. :)
Жаздың саялы күндерінде өздеріңізбен жолығып отырған мен Садық Шерімбек және бүгінгі эфир қонағы AKA атты аруымыз! Сіздерді тамаша сұқбат күтіп тұрғанын ескертіп өткім келіп отыр! Келер минуттарда бізден ажырамаңыздар!

Сәлем AKA, қош келдің! Әуелі өзің, отбасың жайлы тоқтала кетсең?
Сыр өңірі – Қызылорда қаласында дүниеге келген қазақтың қарапайым қызымын. Осында орта білім алдым, қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Сәулет өнері және құрылыс өндірісі» факультетінің 3-курс студентімін. Отбасымда бес адам: әкем, анам, әпкем, ағам және мен. :) Үйдің кенжесі болсам да еркеее емеспін, анамның қолғанаты, әкемнің көмекшісі, әпкемнің сырласы, ағамның қамқоршысымын. :)

Блог әлеміне қалай келдің?
Ғаламтордан ақпарат іздеп отырғанымда блогтарға жиі тап болатынмын. Сонда оқитыным Асхат ағайдың блогы – «Өрімтал» және Өркен ағайдың өрнегі. Кейін басқа да қазақша блогтар мен сайттарға сілтемелер арқылы өтіп, біраз блогшылардың жазбасын қызыға оқитын болдым. Барлығы осыдан басталды, уақыт өте келе өзім де блог бастап, блогшылар қатарына қосылдым. :)

Интернетте жүріп қандай пайда көрдің, қандай зиян таптың?
Ғаламтордың зиянынан пайдасы көбірек мен үшін. Алғашқы кезде тек қажетті мәліметтер алу үшін ғана пайдаланатынмын. Блог әлеміне келгелі өте жақсы достар, таныстар тапқаннан бөлек, жан-жақты болуға үйрендім, қоғамдағы түрлі статустағы адамдардың пікірталасын көріп, өзіме қажеттісін алдым. Мәселен, мені қызықтырған тақырып аясында мен түрлі мамандық иелерінің түрлі пікірлерін, ақыл-кеңестерін біле алам, сол арқылы уақыттан да ұтам. Одан бөлек жаңа бейнебаяндар, әндер, шоу-бағдарламалар, жаңалықтар мен кинолар т.с.с. дүниелерді алғашқылардың бірі болып білемін. :) Зияны: көп уақытымды алатыны рас, бірақ бәріне үлгерудемін, шүкір. Сосын компьютердің алдында отырған да зиян, тым жақын отырамын, сондықтан көзіме де зиянын тигізуде.

Сен жақсы көретін ең жақсы жүректің иесі қазір қайда?
Жүрегімде!

Күн тұлғасы айдарында:
Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) — ақын, философ, аудармашы. Өлеңдерінің танымдық, тағлымдық сипаты зор. Терең ойшылдық түйіндер жасайтын тұстарында дала даналығының биік өресі мен өзгеше сипаттары айқын көрінеді. А. Толстоймен хат жазысып тұрған.

Неге сәулет-құрылыс мамандығын таңдағансың, себебі неде?
Негізі кішкентай кезімде «банкир» боламын дейтінмін үнемі. Ақшасына емес, шетелдік компаниялардағыдай кеңседе отырып, офистік үлгідегі киім киіп, қағаздармен жұмыс жасағанға қатты қызығатынмын. Бірақ, оқуға тапсыратын кезде құжаттарымды құрылыс мамандығына тапсырдым, мектепте сызуды, сурет салуды жақсы көретінмін. Оқу басталғаннан кейін мамандығыма қызыға түстім, өкінгенім жоқ. Сол кезде «Мың бір түн» сериалы болатын, соған қарап журналист ағам: «Шехрезат ханым болады екенсің ғой :)» деп қалжыңдайтын. Шүкір, мамандығым өзіме ұнайды, кішкентай кезімде армандаған «банкир» мамандығанан кем емес. Болашақта өзімнің көңілімнен шығатын кеңсе тұрғызып, сызба жұмыстарымен, жобалаумен айналысамын, иншАллаһ. Мықты маман болсаң айлығы да жаман емес бұл мамандықтың. :)

Біреудің жазбасында кеткен әрбір қате үшін түн ұйқыңды төрт бөлетінің рас па осы?
Рас.
Муахахаха:)

Интернет әлеміндегі алға қойған мақсатың, арманың?
Негізі сайт ашу, хостинг, плагин т.б. терминдер мен үшін жат. Оны түсінбеймін, бірақ мамандығыма жақын бағдарламалармен жұмыс жасауды жақсылап меңгеріп алсам деймін. Айтабердегі жігіттерге рахмет, көптеген бағдарламалар жайлы жақсы түсіндіріп жазады. Қазнеттің дамуына сәл де болса өз үлесімді қосқым келеді. Қазақша ақпаратты көбірек жазып, насихаттауға тырысамын.

Дәл қазіргі Қазақ интернетіндегі өзің жоғары бағалайтын қандай сайттарды атап өте аласың?
Жалпы үнемі назарымда тұратын қазақша сайттар: «Мүфтият», «Ислам діні», «Айтабер», «Керекинфо», «Әдеби әлем», «Массегет». Осы сайттардағы ақпаратты оқып шыққанның өзіне көп уақыт кетеді. :)

Жігіттер тарапынан қандай сыйлық күтер едің?
Күтпеген сыйлықты. :) Өз қолымен жасаған кез-келген сыйлықты, тіпті өзі шығарған бір шумақ өлең болса да жақсы қабылдаймын. Қандай сыйлық болса да, бір түйір кәмпит болса да, оны әдемілеп ұсына алған адамға респект дер едім. :) Көшеден қызыл раушан гүлін жұлып әкелсе де риза боламын, көңіл мен ниет қой бастысы. :)

Ақнұр БектемісТамаққа талғамшыл ба? Неге? Сүйікті асың?
Тамақты талғамаймын, Аллаһтың берген несібесіне шүкір айтып, ас ішемін. Анамның жасаған тағамдарының барлығы мен үшін сүйікті, тіпті суға қайнатып берген жұмыртқа болса да. :)

Болашақта қандай белестерді бағындыру ойыңда бар?
Ооо, жоспар деген көп қой. Мамандығымды жақсылап меңгеріп, осы салада мықты маман болсам деймін. Ел экономикасына мол қаражат түсіретін және қазақилығымыз айқын көрінетін жоба жасағым келеді.

Сен үшін виртуалды өмір мен шынайы өмірдің айырмашылығы қандай?
Виртуалда бетпе-бет отырып сөйлесе алмаймын, арақашықтық кедергі болады. :)

Күн даналығы айдарында:
Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп,
Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп. © Абай Құнанбайұлы

Сұлулығыңның сыры неде?
Охооу, комплимент деп қабылдадым, рахмет! :) Сыры жоқ, мен де ел қатарлы суға жуынамын, су барлығын да тазартады (ық-ық). Татуаж жасап, кірпік салып, тырнақ өсіріп, күнде боянып жүруге қарсымын, бүгін болмаса да, ертеңгі күні кері әсерін береді. Сондықтан да табиғилықты жақсы көремін. Аптасына 2-3 рет крем қолданамын, болды. :)

Киім үлгің өзгелерге қарағанда өзгерірек, нақты қандай стильді ұстанасың? Толығырақ…
Стиль, мода дегенге онша жақын емеспін. Ұнағанын, үстіме қонымды, ыңғайлысын ала беремін. Ашық, қысқа, жабысып тұратын киімдер ұнамайды, кимеймін де. Классикалық үлгіге жақынмын. :)

Бойыңдағы жақсы қасиеттеріңді айтшы десем, сөз жоқ оны өзгеден сұра дер едің. Ендеше, бойыңдағы өзіңе ұнамайтын мінез-қылықтарыңды айта кетсең?
Өзгеден сұрамай-ақ, өзімнен сұрай беруге болады. :)) Ұнамайтын емес, басқалар қабылдай алмай қалатын қасиеттерім: өзіме қандай қатал талап қойсам, өзгеге де сондай қаталдығым бар, ашулансам бетке тік айта саламын, бірақ кейін «Неге айттым екен?» деймін. Әдейі қырсығамын, оны көтеретіндер бар, көтермейтіндер бар. Осы-ау шамасы…

Кімді үлгі тұтасың? Несімен?
Үлгі тұтудан гөрі, жақсы жақтарын алатын адамдарым: нағашы әжем мен анам.

Жігіттердің бойынан көргің келетін ерекше қасиеттер?
Имандылық, салмақтылық, сабырлылық, еңбекқорлық, білуге, үйренуге құштарлық.

Тағам, тәтті-пәтті істеу, қолөнер, кесте тігуден басқа, қызға тән қандай өнерің бар?
Кішкентай кезімде би мен ән үйірмесіне қатысқанмын. Қазір ол өнерлерім қалып кетті, домбыраға құштармын, домбыра үйірмесіне бару жоспарымда. Ондай керемет өнерлі емес екенмін :)

Виртуалда танысып-біліскен достарынды шынайы өмірде көргенде қандай сезімде боласың?
Әрине қуанамын, бірақ оны айтқаннан гөрі сезінген жақсырақ. :) Жақыныңды көргендей бір ерекше сезім ошым :)

Қаншалықты виртуалдағы адамдар өмірде де сондай болып келеді?
Виртуалдағы адамдармен біраз араласқаннан кейін қандай екенін біле аламын. Сол ойым көбіне тура келеді. Мен танысқан адамдар арасында көп айырмашылық жоқ, тек фотошопсыз жүздерін көріп, әдемі дауыстарын естисің. :)

Өмірлік серігің (жігітің) бар ма?
Өмірлік серігім жоқ, мен жақсы көретін ең жақсы жүректің иесі бар. :)

Бос уақытыңда немен айналысасың?
Кітап оқимын, қолөнер жұмыстарымен айналысамын. Анама көмектесемін, екеуміз бірігіп жаңа тағам түрлерін де жасаймыз. Саяхатқа шыққанды жақсы көремін.

Өзіңе ұнаған ең сүйікті фильм
Өте көп негізі, соңғы көрген «Любовь любит случайности» киносы ұнады.

Болашақ жарыңды қалай елестетесің?))
Мендегі жоқ қасиеттер оның бойынан табылса құба-құп болар еді, бір-бірімізді толықтырып тұрамыз. Жалпы, еңбекқор, иманды (намазы әбизөк), ақылды, көңілді жігіт болса болды.

Күн шумағы айдарында:
…Көрмесем тұра алмаймын көзіңді мен,
Өзің жайлы ─ өлеңім, сөзім кілең!
Қиыннан қиыстырған қиялымсың,
Сені Құдай десем де, өзім білем… © Алмас Темірбай

«Виртуал адам» болып кетуден қорықпайсын ба?
Қорықпаймын, виртуалда ғана емес, реалда да жақсы араласуға қарсы болған емеспін. Сондықтан жиірек кездескім келіп тұрады, виртуалды достарыммен. :)

Блогосфераға жаңадан келген жас блогшылардың проблемалары неде? Және оларға қандай кеңестер бере аласың?
Mail.ru-дың құрсағында кетпесе деймін, агенттің тілімен блог әлеміне енгендер айтылған сын-пікірлерге құлақ асып, түзелгені дұрыс. Жас блогшыларда ізденіс аз, сонымен қатар «Блог жүргізу» мәдениетінен де сабақ алғаны дұрыс.

Үлгі тұтар достарың кім?
Үлгі тұтпаймын, жақсы қасиеттерін бағалап, құрметтеймін. Атап айтсам өте көп, шүкір Аллаһқа, айналамда арқа сүйер достарым жетерлік.

Дәмді тағамдарды жақсы жасайсың. Соларды қайдан үйренесің, әлде арнайы кітапшадан қарап жасайсың ба?
Көбіне анамның үйреткендерін жасаймын, сонымен қатар ғаламтордан, журнал мен кітапшалардан түртіп алған мәзірлерді де жасай беремін.

SADKO FM-нің келесі қонағын кім болғаның қалар едің және не себептен ол кісі?
Украинада білім алған тамаша жігіт Кемелмен жақсы сұхбат өткенін мен ғана емес, басқалар да қолдайды деп ойлаймын.

SADKO FM тыңдармандарына айтарың?
SADKO FM жобасы маған ерекше ұнайды, одан әрі жалғасын таба берсін деймін. «Айтабер» шаңырағындағы барша бауырмал ағайынға жақсылық тілеймін. Сауатты, қызықты, ерекше жазбалар мен пікірлер жазыла берсін. Амандық болғай! :)

38 пікір

Ais_97
Керемет сұбат жүргізіпсіз Садық аға, АКА-ның біраз сырларымен де таныстық! Рахмет!
Azamat
Өте қызықты болыпты.
Korkem
ииии неге сонша аз?
MSHERIMBEK
Әзілің бе, қалқатай:) Суреттер көп. Сұрақтарға қысқа жауап берілгендіктен солай көрініп тұр-ау, шамасы:)
Korkem
мәәдес, қанағат тұттым енД)))) Тамаша кетті!
Korkem
уаще тоймай қалдым((( аз ғой, аз! Кәні, басқа сұрақтар? Кәні?
AKA
Сұрақ қойған түрін
Korkem
Жауаптарың қысқа-нұсқа, күЧт!))
Біреудің жазбасында кеткен әрбір қате үшін түн ұйқыңды төрт бөлетінің рас па осы?
Рас.
Муахахаха:)
Korkem
Сен жақсы көретін ең жақсы жүректің иесі қазір қайда?
Жүрегімде!
бәрі сыйып кететін жүрегің неткен кең еді?! )))
ABYLAI0KHAN
менің жерлесім)
AKA
Бауырееем, профильіңді плүстеп келдім. :))
mairosh
Мен білмейді екенмін мына жазбаның шығатын нооо жасы шыққан))) Келесі Кеманыкын біліп алу керек. ))
Korkem
Сұрақтарың болса осы бастан пихать етжжівер, кейін ұмытып кетуің мүмкін Садықпен бірге)))
mairosh
Кема жайлы білем. Сұрағым жоқ оған))) Бірақ асығы оқитын болдым ғой))) хмхм))
qyrmyzy
АКАУ, АКАМ, АҚАМ, жәнееем сол! Сенімен кездесуге апарған Эстетке алғысым шексіз. «АКА келді, жүр» десе, танымасам да бара беріппін. Бұйырғаны ғой:) Рахмет! Сенімен танысқаныма, жүздескеніме қуаныштымын. Жоғары жақа алғысым шексіз! Бақытты болшы, АҚАМ!
AKA
Оххх, керемет болды ғой :)) тек күттіріп қойғандарың болмаса, былай күЧт қыдырдық қой.
qyrmyzy
Сабақтан қарнымыз ашыыып шықты да, тамақ ішуге тарттыұ. Өзің ғой ерте кеп алған
qyrmyzy
Кеммммаааа де! Қыздар біііііір шулайтын бооды, ХД! Сурақтарды қабыл ал, САҚАЛ!
Zhassiko
Таңғы шыңтан жаралғандай
Күн нұрынан таралғандай,
Қандай әсем ақ армандай!))
Сындым… дкехаха
Zhassiko
Суреттегі күчкунтай қыз кім?
MSHERIMBEK
Қарындасы-ау) Әйтеуір, фейсбугінде суреттері тола, әбден еркелетіпті))
MSHERIMBEK
Қарындасы-ау)
Кешіресіздер, Сіңлісі дегім келген)
AKA
Кешіре алмаймын суретімнің бәрін салыпсыз ғҰә?!
MSHERIMBEK
өзіңіз тектес әулие кісілермен әңгімелесу әрқашан да аңқанағатыбл ғо:)))
MSHERIMBEK
сондай сұрақтар жіберетіндердің АКАға келгенде рухтары өшіп қалғанына менің де таңым бар, әулием:))))
AKA
Өйстед қо енД бұлар :))
alikona
Бақытты бол АКА! Сен өмірдегі барлық жақсылыққа лайықсын!
qyrmyzy
мен ше?
alikona
саған әңгіме жоқ қой Қырмызы!
AKA
Джанееем сол, әмииин! Взаимно ғой бәрі :))
followme_alik
:))) Қанағаттанарлық жауаптар. Күлкің әдемі екен. Біреу үшін Аңыз адам болып қала бермексің) керемет =) _bakytty bol.
AKA
Біреудің жазбасында кеткен әрбір қате үшін түн ұйқыңды төрт бөлетінің рас па осы?
Осы сұрақ қана ерекше ұнады, сұрақ иесіне ыризамееен!
akil_kalta01
Ай осындай сұрақты тауып қоятындармен тірідей сұхбаттасқым келдеі ше. :))
akil_kalta01
Сұрақтарға анық-қанық нақты етіп тамаша түрде жауап береді екенсің.
Сосын «сені» кейде «сізді» деп сыпайы болып кететінім бар. Достарыммен «сен» деп силасқанды жөн көремін. Ощм «сізбен» «сен» деп силассам қалай болар екен?!
AKA
Андай джынды-джынды сұрақтар қойылмапты, типа маған ұрсып, ашуларын алвалатын ше "Қорқыңдар, қорқыңдар!" ©
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.