SADKO FM деген не?

SADKO FM /

Құрметті қолданушылар! Көптен бері сайтымыздың блогтар тізімінде SADKO FM деген блогты көріп жүрген болуларыңыз керек. Не екен деп түсінбей жүрсеңіздер бүгін соны ашықтап өтемін.
SADKO FM — көптен бері интернетте өзінің ерекше қырларымен белгілі болған радиоблог стиліндегі ең алғашқы жоба. Мұнда сайтымызда ерекше жазбаларымен көзге түскен жұлдыздарымызбен, ҚазНетке еңбегі сіңген тұлғалармен арнайы сұхбаттар мен пайдалы нәрселер көптеп жүргізілетін болады. Мұның ерекшелігі сұрақтарды қолданушылар өздері жібереді. Және сол келген сұрақтарға қонаққа келген кейіпкеріміз жауап беретін болады. Сұрақтар жеке өмірі, көзқарастары, қызығушылықтары жалпы кейіпкер туралы білгіңіз келген барлық тақырыпта болуы мүмкін.
Бүгіннен бастап осы радиоблогымызды бастағалы отырмыз. Радиомыздың бірінші қонағы осы сайттың кофаундері, Сұрақ-Жауап сайтының администраторы, Қазақ интернетінде ерекше орны бар Ербол Серікбай болмақ. Сұрақтарыңызды bizge@aitaber.kz немесе QaraSaqal ға жеке хат ретінде «Ерболға сұрақ» деген тақырыппен жіберулеріңізге болады. Ал, ендеше барлығыңызға сәттілік!
Бұл «Айтабер!» сайты ұйымдастырып жатқан қызықтардың басы ғана:)

21 пікір

Abylai
ал құтты болсын. қайырлы таң бәріңе )
konvict
Әй, мынауыңды үздік жазба деп бірінші бетке шығаруың қалай? Бұра тартуды қою керек қой. Админдер бүйтіп жатса… Қор болдың-ау қазағым. Қайда кетіп барасың ғұӘ?
MSHERIMBEK
Уахахаха! Үздік жазба емес бұл! Жәй таңдаулыларда тұр! Үздік жазба жоғарғы қатарда аутоматты түрде қосылады. Ал, пайдалы нәрселерді кезексіз алқашқы тойыс алғашқы бетке шығарып отырамыз. Түсіндің ба Шайнек?
konvict
Мейлі, бұл жазбадан таңдаулы болатындай ештеңе көріп отырғаным жоқ. Қазаншының өз еркі, қайдан қот құлақ шығарса деп отырмысың. Ұисыұтың ізімен арыз жазуға толық құқым бар екенін есің салып кетейін.
MSHERIMBEK
+ қойғаныңа нақмет, кстати:)
manfan
жоба құтты болсын, Қарасақал! жазар көп болсын, Өзіме жақында жазып қаламын сіздерге))))))
AKA
Мамадес! :) Факттардан көзіміз ашылмай қалып еді…
edige
Диапазоны кандай радионын...?
MSHERIMBEK
«Айтабер!» толқынында:)
edige
Юмакстың ар жак бер жагында ма )))
Саттілік МЫРЗАЛАР!!! Куаныштымын...!!!
MSHERIMBEK
Рахмет Едеке:)
dimash
не екенің түсінбесем де қуаныштымын мен де, халық жақсы деп жатса жақсы шығар)) + не де болса, қазақша сайт ғо как не как))
MSHERIMBEK
SADKO FM деген сайт емес, Айтабер сайтының ішіндегі жоба! Ертең Ерболмен сұхбат болады. Білгің келген нәрсе болса сұрағыңды посттағы мекенге жіберсең болады.
nurzika888
Садко, осы бастамаңды сағынып қалып едім, дұрыс болыпты жалғастыруың, оқып тұрамыз)
AKA
Сұрақ жіберу мүмкіндігі тоқтап қалған жоқ па, әлі уақыт бар ма екен?
MSHERIMBEK
Жібере бер!
Jako
Мынауың жаксы екен, оқта-текте кезі келгенде өзімізді талқылап, тереңірек білуге.
Сұрақ түрлеріне шектеу бар ма, жеке басына қатысты сұрақтар да қоюға бола ма дегенім ғой.
Korkem
Солай сияқты, кез-келген сұрақтан жібере беріңіз өздері іріктеп алар. Сұрақ иесі құпия сақталады.
TERISKEY
Бір кездері бұл радионың сүйіті тыңдарманы болып ек, бастамаң сәтті жалғасын тапсын, бауырым!
Turekhan
Келесі сұхбат қашан?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.