SADKO FM #1: Ербол Серікбаймен

SADKO FM /

Ассалаумағалейкум, Айтабер сайтында SADKO FM радиосын тыңдап отырған көпшілік қауым. Сіздермен ең алғашқы эфирімізде жүздесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз! Тіпті, басымыз көкті тесіп береді:) Айтып өткеніміздей бүгінгі эфиріміздің қонағы — жас болса да бас болып, ҚазНетке өзінің енін салып үлгерген, СЖ сайтының фаундері, Айтабер сайтының кофаундері, және менің досым Ербол Серікбай! Эфирді жүргізіп отырған мен, Садық "ҚараСақал" Шерімбек.
Ербол студиямызға қош келдің!
— Қош көрдік Садық:)

— Осы уақыт аралығында саған деген хаттар дариядай ағылды. Эфиріміз барысында өзіңмен соларға жауап беріп өтетін боламыз. Радиомыз еркін болғаны үшін ресмиліктер алыстау күйі еркін жауап бересің деп ойлаймын.
— Ербол, бір адамның өмірінде байлық маңызды болса, келесісінде атақ маңызды боп жатады. Егер таңдау берілсе, байлық пен атақтың қайсысын таңдар едің? Және себебін айта кетсең?
— Мен екеуін де таңдау жасамайтын едім. Мен үшіншісін таңдар едім. Ол- Білім. Егер ізденіп еңбектеніп, білім жинап, бір саланың жетік маманы болсаң, атақ та, байлық та өзі сені іздеп келетін еді. Сондықтан қол жетпестей байлық Білімді таңдар едім.

— Бәрекелді. Кез-келген есті жігіт осылай айтуы керек. Мұнда бір қызық сұраққа тап болдым, және тыңдарманымызды көп күттірмей бірден сұрағым келіп отыр. Сүйіктіңе тосынсый жасап көрдің бе? Қандай?
— Ия қатты жүрегімммен жақсы көрген қызыма ол ойламағандай сыйлықтар жасағаным бар. Бірде оған  бір бума раза гүлін сатып, арасына алдын базарды аралап жүріп тауып алған жасанды роза гүліп алып, арасына салып осы гүлдердің ең соңғысы солғанша сені сүйіп өтемін! -деп айтқаным бар. :) Одан бөлек таныстарым СМС жазып жатқанда мен оған екі парақты толтырып оған деген сезімімді қағаз бетіне түсіріп бергенім бар.

— Жалпы өзің қыз атаулының бойынан қандай қасиетті бағалайсың?
— Қыздардың бойынан қандай қасиет болғандаааа… Нағыз қазақтың қызына тән қасиет болса, мен ол қыздарды еріксіз сыйлайтын  едім. Маған шынайы өмірде көрмесем де Сайтымыздың белсенді қолданушысы Көркем өзінің ерекше өзгеше ойлау қабілеттігі, сабырлық, сыпайылығы қатты ұнайды. Қатты құрметтеймін. Виртуалда болса да өзінің қол ұшын беруден қашпайтын нәзік жанды Көркемді сыйлаймын.

— Кеттім, Көркемге үйленем:)))) Ереке, қаншалықты тәуекелшілсің? Мұны сұрап отырған себебім, СЖ админісің ол сабырлылық пен жауапкершілікті, ұстамдылықты талап етеді емес пе?
— Шыны керек, мен тәуекел мен үшін жат қылық екен. Әр істің байыбына барып, арты қандай нәтиже беретіндігіне көзім жетпей мен ешқандай артық іс-әрекет жасамаймын. Сабырлық пен ұстамдылықты басты орынға қоюға тырысамын.

— Адам бесіктен қабірге дейін үйреніп және ізденіп өтуі қажет қой. Өзің қазір қандай ізденіс үстіндесің?
— Қазіргі таңда не істеп, жүргенімді өзім түсінбей жүрген жайым бар. Оның сыры махаббат зардабын тартып жүргендіктен болар. Бірақ алға қойған мақсаттарым жоқ емес, мақсат бар. Оны шетімен орындау үстіндемін. Қазіргі таңдағы ізденісім ол СЖ-сайтын жаңа деңгейге өткізу. Қажетті ақпаратпен сусындайтын қолданушыларды жинастырып үлгердім, ендігі мақсат сол қолданушыларды сапалы ақпаратпен сусындатудың жолын қарастырып жатырмын.

— Байқасам ылғи «анам-анам» деп көп айтасың. Отбасың жайлы білсек, әкең, бауырларың…
— Жанұяда 4 ағайындымыз. Анам Ақерке мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Ол кісінің менің осы Ербол атты тұлғаның қалыптасуына көп өзіндік рөлі болды. Анамның сенің қолыңнан бәрі келеді деген сөздері, маған көп күш қуат беретін. Әкем Амантай. Үй шаруасында. Алдын тепографияда машинист болып істеген. 1 апкем мен және артымнан өсіпь келе жатқан екі інім бар. Оларға үлгі боларлықтай аға болуы үшін, бойымнан адамға жат қылықтарды көрсетпей үлгі болуға тырысамын.


— СЖ-лықтар үшін бөлісетін жаңалықтарың бар ма?
— Құдай қаласа СЖ-сайтын ашқанда алға қойған жоспар бойынша келе жатыр. Алдағы уақытта сайтқа әр саланың нақты маман иелерін жинастырып, сапалы ақпарат көзімен сусындату мақсатында сайтқа әр саланың маман иелерін жинастырмақпын. Ол үшін офлайнда жұмыстар жүргізіп жатырмын.

— Бәріміз бала болдық, әрине салыстырмалы түрде қарайтын болсақ базы біреулер үшін әлі де баламыз. Сол балалық шақтан есте қалған қандай қызықты естеліктер бар?
— :) Мектепте оқып жүргенде баламыз, сол 7-8 сынып оқитын кездеріміз болуы керек. География пәнінен жас ағай сабақ беретін еді. Тым қатал еді. Сосын сынып бойынша әбден ыза болғандықтан, ол кісі сабаққа кірмей тұрып отыратын орындығының асты мен арты сүйенетінен жақсылап тұрып бор жаққанымыз есімде. Ағайымыз отырыққа отырып, сабақ түсіндіруге тақтаға шыққанда, қара костюм шалдарының арты ақ борға боялғанын көріп бүкіл сыныптастарыммен көзімізден жас аққанша күлгеніміз бар. Одан да бөлек балалық шаққа үңілсем тамаша балалық шағым болған екен. Кейде еш уайымсыз, ойланбай жүретін, бақытты балалық шағымды сағынамын.
— Әрине, балалық деген тәтті ғой. Мектепке барып оқу мүмкіндігім болғанда қайта барып оқудан бас тартпайтын едім:)
— Құпия болмаса СЖ үшін айына қанша төлейсіз? — депті бір қолданушымыз. Құпия болмаса осыған тоқтала кетсең…
— Айына деп айта алмаймын. Бірақ жылына хостингке 10 мың теңге көлемінде ақша төлеймін. Одан бөлек алдағы уақытта жоспар бойынша аяққа тұрғызатын www.termin.kz сайтым да бар. Екеуіне жылына 20 мың теңге көлемінде қаражат төлеймін. Ал нақтысына келсек СЖ сайтына күнде өз жинап жатқан білімімді құямын. Сайтты техникалық жетілдіру, сайттың келбетін әрлендіру, сайттың пайдалы жақтарын барша қазақ тілді интернет қолданушылары білсін деп әлеуметтік желіде жарнамалап отырамын.

— Ал, қолданушылардын түсіп жатқан пайда бар ма?
— Әзірге сайт менің тарапымнан шығып жатқан шығынды ақтап жатқан жоқ. Есесіне Қазақстанның түпкір-түпкірінен көптеген достар тауып жатырмын. Сайттан көптеген пайдалы ақпараттарды үйрендім десем артық айтпағаным болар. Себебі сайттан көптеген пайдалы ақпараттарды алып жатырмын. Және де басқа да қолданушылар ақпаратпен сусындап жатқанын көріп қуанышым қойныма симай кетеді.

— Ал, жеке өміріңде не болып жатыр, яғни махаббат? Ол сайт админі болуға кері әсерін тигізіп жүрген жоқ па?
— Мен үшін қиын тақырып. Сайт админі ретінде сайтқа деген уақыт бөлуде көп кері әсерін тигізіп жатыр. Соңғы кезде мен де пенде екенмін. Қанша тырысқаныммен жүрекке әмір жүрмейді. Жүрек оған деп алып ұшып тұрады, көп уақытым реал өмірге арналып кетті. Бірақ сайтты тастап, немесе бақыламай, жайбырақат жүр екен деп ойлап қөлмаңыздар. Сайт бақылаудан шығып кеткен жоқ, бірақ баяғыдай емес қолданушылар саны артқан сайын басқару қиынға түсіп жатқаны рас.

— Қызғанышты қалай түсінесің немесе сен қызғаншақсың ба?
— Мен ойлаған едім басында қызғанбаймын, тату-тәтті жүреміз деп. Шынайы өміге келгенде тым басқаша екен.:) Қызғанбаймын дегенннің өзінде де қалай қызғанып жатқаныңды өзің байқамай қаласың. Ол да өмірдің бір заңы болар.
— Осы сәтте студиямызға қоңырау шалған тыңдарманымыз бар екен. Ол кісіге құлақ түрелік. Тыңдап тұрмыз?
— Ербол, мен мен осы қазақ инетінде біраз сайттардың тұрақты қолданушысымын.Белсенділігім ешқайсысында да жаман емес сияқты.Бірақ солардың ішінде мен үшін «Сұрақ-жауап»- сайтының орны өзгеше.Себебі мен бұл сайттың құрылуын келешек қазақ интернетіндегі кең ауқымды,үлкен әлеуметтік желінің іргетасы деп түсіндім.Бірақ соңғы кезде сайт қолданушыларының аясы тарылып кілең мектеп жасынан құралып бара жатқандай әсер қалдырмай ма? Қойылатын сұрақтар да майдаланып «Маған мына есепті шығарап беріңдерші»,! Былтыр жүрген жігітіммен қайта жүрейін бе?",«Жаңаөзенді білесің бе?»,«НӘН деген не?»т.с.с. сұрақтар сайт мәртебесін көтере ме? Сұрақтар осы тараптас болғаннан соң оған жазылар жауаптар да белгілі.Тағы айтарым сайтта бір топ үстемдік жүргізгісі келетін сыңай байқамадың ба? Егер бұл жағдайларды байқап жүрген болсаң не шара қолданатын ойың бар? Сайт аухалын жөндеу үшін өмірдік тәжірбиелері бар қолданушылар тарту қалай болар екен?
— Тамаша ой — пікір. Тамаша ұсыныс. Ия сайт қолданушыларын қосып былай етпе немесе былай жазба деп қысуға болмайды екен. Бірақ сайттың қолданушыларының түсінігін тікелей болмаса да, жанамалай мысал көрсетіп өзгерту болады екен. Ол үшін аптаның жақсы сұрағы, жақсы жауабын осы Айтабер танымдық блогтұғырында жүргізетін боламын. Тағы сайтқа әр саланың нақты мамандарын жинастыру ойда бар. Оны ойлайнда келсім жүргізіп жатырмын. Алдағы уақытта экспертті жауапқа да көшетін шығармыз. Ал бос сұрақтарға келсек қанша тырысқанмен, қанша адам бақылап отса да ондай сұрақтар кетіп жатады. Бірақ сайтта баым бөлігін сапалыққа өзгерту үшін сайт қолданушыларының көзқарасын өзгертуге болады.
— Хабарласқан тыңдарманымызға рахмет!
— Ербол, тақырып қыз туралы болып кетті ғой демессің, бірақ тыңдармандардың саған деген ықыласы өте ыстық көрінеді. Сұрақ мынадай: Қыз саған сөз айтқан күні болды ма?
— Маған қыз айтқан күн болмады. Бірақ қатты мені жақсы көретін қыз болды. Бірақ мен оны алдай алмадым, себебі мен басқа жанға ғашық едім. Сезімін тікелей бетіме айт алмаса да, қылықтарымен бірдіретін еді.

— Түнгі уақытта қоңырау шалған қыздарға көзқарасың қалай?
— Қоңырау шалғанда, қоңырауды кімшалып тұрғанына байланысты. Бірақ кім екін сұрап, артық сөйлеспес едім. Себебі  есі дұрыс адам, оның үстіне қыз баласы түн уақытында орынсыз хабарласып тұрғаны орынсыз деп ойлаймын.

— Шын сүйген адамның күйін жеткізіп берші Ербол? — деп сұраған екен нәзік жанды тыңдарманымыз.
— Мені танитын адамдар, маған қарап қандай күй екеніне мен тірі мысал бола аламын.:)

— СЖ-дан басқа да проекттеріңіз туралы айтып кетсеңіз.
— СЖ-дан басқа, Терминдерді бір жобаға келтіру үшін өз үлесін қоса алатын, автоматтандырылған www.termin.kz сайты бар. Осы Айтабер.кз танымдық блогтұғырының негізін қалаушылардың бірі болып, жігіттермен жұмыс жүргізіп жатқан жайым бар.

— Шымкенттің нардай жігіті деп айтарлықтай қандай ерекшелігіңді атап өте аласың?
— Жалпы мен ерекшемін деп айта алмаймын. Қарапайым болуға тырысам, артымда өсіп келе жатқан інілеріме ұялмай ақыл алатындай дәрежеде болсам соның өзі мен үшін үлкен жетістік секілді. Бірақ байқаймын басқа қаланың жігіттеріне қарағанда шымкенттің жігіттері, іздемпаз, тез игеріп кеткіштік қабілетке ие секілді болып көрінеді.

— Осы сәтте тағы бір тыңдарманымыз қоңырау шалып тұр екен. Құлақ түрелік. Тыңдап тұрмыз сізді?
— Сәлеметсіздер ме, SADKO FM? Ербол, cіздің Садық екеуіңіздің қандай қатыстарыңыз бар??? Доссыздар ма, туысқан ба?
— Хехе, күтпеген сұрақ:)
— Садықты алдын суретінен көріп, үлкен бала шағасы бар жігіт деп ойлап қалғанымды жасырмаймын. :) Садық екеуміз бір анадан тумасақ та, бір анадан туған бауырдаймыз. Тамаша жігіт, мені онымен таныстырған тағдырға мың алғыс. Бізді алдын байланыстырған Қазақ тілді интернет — ҚазНет. Арты виртуалдан, реалға ұласты.
— Ыстық ықылас үшін және осы сұрақты қойған тыңдарманымызға рахмет!

— Үнемі өмірлік кризисте жүруіңнің себебі неде?
— Бұлай жүру себебі алдағы 2-3 жылда өзімді де, жанұямды қамтамасыз ете алатын жағдайға апаратын жол шығар. Сондықтан мұңаймай тек алға деп келе жатырмын. :)
— Жарайсың, Ербол, өзіңдей жігіттер көбінен болғай. Өкінішке орай эфир уақыты аяқталып жатыр екен. Сөз соңында Садко ФМ тыңдармандарына тілегің!
— SADKO FM радиопостының оқырмандары, тыңдармандарына тілейтінім отбасыларыңызға бақ-береке, жүздеріңізге күлкі, шаттық, елімізге тыныштық болсын деп тілеймін. Осындай тамаша радиопосты жүргізіп, эфиріңнің қонағы болдырып отқан Садық саған да алғысым шексіз. Шығармашылық табыс тілеймін.

— Өзіңе де соны тілей отырып, бүгінгі эфирімізді аяқтаймын. Сіздермен болған Садық Шерімбек және бүгінгі эфир қонағы Ербол Серікбай. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

75 пікір

Korkem
Массаған, Ербол! Мұнша мақтау естеймін деп ойламаппын, шынымды айтайыншы, мұрныма иіс бармай отыр, ризамын! Дей отырып өзіңе де бақыт пен мықты денсаулық тілеймін. Біздің Садкоға мың алғыс!!! )))
dimash
менің де атымды «Көркем» деп қоймағанына өкініп отырмын-ау)))))))
Jako
Жарайсыңдар жігіттер, жақсы сұхбат болды.
Arhun
Мәләдестер, қысқасы...! Мзафардың айтқан пікіріне толығымен қосыламын
Madi
Мен кәдімгі радио секілді тыңдаймыз екенбіз деп ойлап қалсам…
Korkem
қанша түсіндіріп айтса да мен де солай ойлап ем...)))
rauan
ия менде онлайн трансляция болама десем
rauan
Менің сұрағымды жазбапсыздар ғойй (((
calendula
Басқалар кәдімгідей тыңдаймыз деп ойлап қалыпты ғоой. Бұл негізінен он кз сайтында болған еді ғой, иә?
Әлгі, телефон шалған қолданушының Сұрақ жауап сайты туралы сұрағында «Кілең мектеп жасынан құралған» деуі ұнамады. Онда мектеп оқушысы болсын делік, бірақ оның да байсалды, нақты әрі ойға қонымды жауап беруі әбден мүмкін ғой. Сондықтан, көке топырақ шашпаған жөн, айтқысы келсе, белгілі бір қолданушыны айтсын!

Тағы жазарым, «Хехе», «Кеттім көркемге үйленем» деген қыстырма сөздердің мүлдем қажеті жоқ, меніңше.
AKA
Қоңырау шалған алғашқы тыңдарманға респект!
beko
Жақсы, жақсы!
AiEcPi
Осы жігіттер бізге үлгі болсын, ал біз олардың өнерін жалғастырушы болайық, істерің оңынан туғай. Алға жігіттер!!!
patick
Ербол, СЖ-ға менің банерімді қашан ілесің? :)
madlen
Түнде қоңырау шалған қыздар ұнамайды дейсің ба? Мммм… Солай де… Жарайды, ешқашан қоңырау шалмаймын түнде саған )))))
MSHERIMBEK
Тәәәк,
Korkem
Әншейінде биензин шашқанда алдына жан салмайтын, madlen.ге келгенде тілі байланып қалатыны нес, быздің Қарасақалдың..))
madlen, айнооолайын, Ерболданын айырылып қалмайын десең шынымен-ақ түнде қоңырау шалма...)))
madlen
ой, мама, ол деген жәй қалжың ғой )))
Korkem
жоооқ мен шынымды айттым ғоо рас, қалжың ғой, әзіл деп ойлап қалман))))
Turekhan
Мәә, жылына 20000))))
Zako
Бұндай да ЕфЕм бола ма? :)
AKA
Келесі сұхбат қашан, кіммен болмақ? Көркеммен танысқым келеді, көрелік…
rauan
Ал мен келесі жолы радиодан өзі құпия адам Архун ағамызды көргім келеді
madlen
Архун супер құпия :) Содан сұхбат алсаң, шынымен де кУЧТ болар еД :)
Korkem
Алдымен сізге жол бердім, қанша айтқанымен, менен гөрі әжептеуір танымалсыз....)))
Aitain
«Кеттім, Көркемге үйленем.» Осы сөздері қатты ұнады. :))
erke_ky3
Ербол красавчик! SadkoFM жасай берсін
Korkem
Келесісі Жоко аға болар деп үміттеніп жүр едім...)) Қанша айтқанымен үлкен кісінің жолын кесіп өткендей болса, қыз бала мен Ербол сияқты танымал емес құпия жандарға жараспас еді.....))) Жоко аға болсын
yerbol89
Толықтай келісемін!
ereke_enu
Сатыбалды болсын келесі қонағымыз)))
Korkem
Сатыбалдыны сіз бен біз болмаса, танымайтындар көп, оның үстіне ол «керекші»…
ereke_enu
Жарайды, онда келесі қонағымыз — 100 фактта жазба қалдырмаған адам болсын!
ardak1996
тамаша казнетте 1аптадай жок болып едім… Түсінбей тұрғаным расымен сұрақтарды кәдімгі қолданушылар қойды ма? тамаша идея екен… Ербол ағаға алғысымыз шексіз, шетсіз*
mairosh
Керемет сұхбат болды. Ербол шынымен адам мақтайтындай жігіт. Ол Кімнің болсада сөзің жерге қаратпаған. МЕн СЖда 5айдан артық қолданушы болсамда біршама өтініштерге жауап беруге тырысып жүрді. Әрине барлық қолданушылардың көңілінен ешкімде шыға алмас, Бірақ Ербол кішіпейілділікпен кімнің де болса көңілін табады. СЖның болашағы бар. Мен арасына кірсемде осы сайтқа асыға жеткенше тырысам. Ал Көркемге келсек Ерболдың айтқанындай өте белсенді қыз. Сұрақтары мен жауаптары тіпті осы сайттағы посттары да өте қызықты әрі керемет ))) Оғанда ризамын.
AKA
Әй, бәрекелді! Осы Қызылорданың қыздары болмаса :))))
mairosh
Ай рахмет ))) Қызылорданың қыздарын бір қуантып тастадыңыз ))) АКА рахмет ))
AKA
Қызылорданың қыздары соооондай керемет, ereke_enu бірдеңе деп жіберіңіз өзіңіз :)))
ereke_enu
плюставатрм)))
Baha_07
Мафия мафия))) Бір бірлеріңіздің тілдеріңізді тауып апсыздар ғо, Ақтөбеліктер қане???
Moldir_96
"Әркімдікі өзіне, айдай көрінер көзіне деп айтып еді бір кісі))
Талдықорғандықтар, Алматылықтар болса, дауыстарыңызды шығарып қойыңыздаршы?!))
Baha_07
Ақтөбе, Ақтөбе деп даусымды шығарып қояйыншы))) Кілең оңтүстік пе деп қалдым ғо...)
MSHERIMBEK
Кілеңі несс? Бірліктен де бармыз, құдайға шүкір:)
Baha_07
Диалект қо))) Өкінішке орай ол сөзді түсіну бақыты сіздерге бұйырмаңған екен)))
Abylai
мен бақыттымын «кілеңді түсіндім»=}
ақтөбеліктерді таппай жатырсың ба? нағыз таба алмасаң мені қоса сал батыстанбыз ғо әйтеуір ))) (сенім мен кемеңгер бар ақтөбеден, дельфина да ақтөбелік болу керек шамасы)
Baha_07
Оооо! Баршылық екенбіз ғо))) Зема!
MSHERIMBEK
Тапқан екенсіңдер флутдайтын жерді.)) Ана жақта шәй ішіп жатыр, сол жақта әңгіме айтыңдаршы-әй!
Baha_07
Негізі сұхбат тұралы айтуға келген едім ғо)))Мықты пост, ұнады!
akmaral
ыхм, ыхм… Ақтөбе!)
ereke_enu
Алматы ма, Талдықорған ба?)))
Moldir_96
Алматы ма, Талдықорған ба?)))
Алматы!) Талдықорған болса, тіпті, тамаша болушы еді...)
Baha_07
Өзің Астанада тұрмаушы ма едің)))
MSHERIMBEK
Барсай әйеліңе:))))))))))))
Baha_07
Таппай қалдым ғо))) Көрмедіңдер ме???
Moldir_96
Астанада тұрамын ғой) Туған жерім — Талдықорған) Шамасы 100 фактімді оқымаған болдыңыз ғой… хехе))
Baha_07
Оқып комент қалдырған едім ғо)))
Moldir_96
Еее… енді есіме түсті)
qyrmyzy
Қыстырып қал Қызылорданы
aikedoku
Орданың жігіттері ше?)
AKA
Жігіттеріне де сөз жоқ қой, нағыз мықты һәм жігерлі, намысқой ғой! :))
aikedoku
Майыстырып тастадың))))
Baha_07
Ереке сынып қалды ғо, комнатаға сыймай жүр ше)))
Aitain
Әй, осы сөзің рас!
aikedoku
Агентте болған эфир ғой деймін йа?))
ereke_enu
Агентте болған сұхбат болса, для (большей доставерности) архивтен қоя салу керек еді
Moldir_96
Керемет сұхбат! Жақсы идея! Жарайсыздар, Садко, Ербол ағайлар! Болашақта сайттың өзге де қолданушыларынан қызық сұхбаттарды асыға күтеміззз)
Ais_97
Админнің өмірімен де танысып, білдік! Алла разы болсын сәтті шығыпты!
qyrmyzy
Келесі айтаберліктен сұхбат күтватырмыз
qyrmyzy

Блогқұрылтай 2011де СЖ сайтын таныстыру үстінде
qyrmyzy


сосын мейірімді жігіт
AKA
Мойныма жаттығу жасап алдым, рахмет! © :))
qyrmyzy

маладес жігіт
qyrmyzy


Айтаберліктер алғысының астында қалған жігіттер
qyrmyzy
Тфа-тфа көз тимесін!!! Бастарың бос па еді?? ПИАРшиктерің болуға әзірмін!!!
Dan4ik
Саке Ереке братан екеуіңде ризамын ҚазНеттің мақтанышысыңдар ғой ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.