SADKO FM #2: Жақыпбек Бейсембековпен

SADKO FM /

Ассалаумағалейкум, Айтабер сайтында SADKO FM радиосын тыңдап отырған көпшілік қауым! Бүгінгі эфиріміз сайтымыздың, жооқ, бүкіл Қазақ интернетінің тарихындағы ең жақсы сұхбаттардан бірі болмақ. Өйткені бүгін сайтымыздың қолданушысы, интернеттегі белсенді кісілерден бірі, бәріміздің ағамыз, ақылдың қазынасы болған Жақыпбек Бейсембековты (Jako) бүгінгі эфирдің құтты қонағы етіп шақырып отырмыз! Бізден алыстамаңыздар! Эфирді жүргізіп отырған мен, Садық "ҚараСақал" Шерімбек.

— Аға әуелі, эфирімізге қош келдіңіз! Осы сайттағы жасы үлкен қолданушының бірісіз. Әрдайым үлкендік көмегіңізді беріп отырасыз. Айтайын дегенім, өзіңіздің балаларыңызға сайтқа кіруге кеңес бересіз бе әлде қарсы болар медіңіз? Себебін тарқата отырсаңыз?
— Мен осы сайтта ғана емес жалпы Қазнетте жасы үлкендердің бірі болармын-ау. Ал енді балалар дегенде олардың үлкендері есейіп өз алдарына үй болып кетті. Екі ұл, бір қызым бар. Үлкен ұл Астанада тұрады,қызметте, бір ұлы бар, келінде қызметте. Қызым Таразда, ағылшын тілі маманы, екі ұлы бар, күйеу балам энергетика саласында. Кіші ұлым, негізі ең үлкені де сол болар жасы сегізде, 2-ші сыныпта оқиды, өз алдына дербес компьютері бар. Мені үйреткен сол, әлі де бірдеңені білмесем содан сұраймын.Балалардың компьютер қолдануына қарсы емеспісіз деген сұраққа жауап бердім-ау деймін.

Күн даналығы:
Кісі айыбын ашқаннан, жапқан жақсы. © Жүсіп Баласағұни

— Жастық шағыңызда қандай болдыңыз? 20 жастағы Жаконы суреттеп беріңізші.
— Ибайай, не десем екен… Мен негізі әкемнің үлкен ұлы болдым да апамның(әжемді солай атайтынмын,өз шешемді жеңеше дейтінмін) тәрбиесінде өстім, апам рахмаллүк, жатқан жері жаннатта болғыр, мені «Тентегім» — деп атайтын. Мен де апамды ұятқа қалдырмай барынша сол атымды ақтадым ғой деймін. Жасымнан спортпен шұғылдандым, бокстан жақсы жетістіктерге жеттім. Уақыты солай болды ма қайдам біздің кезде төбелес өнер болды, осыдан-ақ 20 жастағы Жаконы көз алдарыңызға елестете беріңіздер десем,қалай…
— Керемет, аға:)

Суретте Жако ағаның кенжесі (компьютер білімі бойынша кішкентай ұстазы)

— Жастық шағыңыздағы "әттеген-ай"" «шіркін-ай» деген күндерін еске түсіріп жіберсеңіз.
— Әттеген-айсыз өмір бола ма, ондайлар бар.Жастықта адам албырт болады, көп нәрселерді ақылмен тарызылай бермейді. Әйтеуір өткен ғасырдың 70-80 ші жылдарының жастары солай болды. Қандай нәрсеге талпынсаңда оны орындауға мүмкіндік болды. Менің арманым әскери адам болғым келіп еді, әкем журналист болғанымды қалады. Аяғында екеуі де болмай құрылысшы болып кеттім. Оған еш өкінбеймін, бірақ әттеген-ай,әкемді тыңдағанымда қалай болар еді деген ойлар келіп тұратыны рас.

— Қазіргі таңда немен айналысасыз? зейнеттесіз бе әлде жұмысыңыз бар ма?
— Кәсіпкермін, құрылыспен айналысамын, дүкендерім бар, жеке көлім бар. Өмірге еш өкпем жоқ сияқты..., кім білсін. Зейнеткерлікке әлі біраз уақыт бар.
— Жұмысыңыз берекелі болсын, аға! Осы арада бізде қоңырау шалған тыңдарманыңыз бар екен. Құлағымыз сізде, құрметті тыңдарман!
— Қалайсыздар? Жако аға, отбасылық жағдайыңыз жайлы жалпы өзіңіз жайлы мәлімет беріп кетсеңіз?
— Жалпы балалар жайында жоғарыда 1-ші сұрақта айтып кеттім ғой, оған қосарым үйде басқаларға қандай екенін қайдам,өзіме айдай бір апаларың бар, Кіші жүздің қызы. Кіші жүздерге тиісе беретіндігім содан, күйеумін ғой оларға.

— Айтқандай, бір сөзіңізде жұбайыңыз Қызылордалық екенін айтып едіңіз, қалай таныстыңыздар?
— Іздеп жүріп таптым десем бола ма? Таразда оқыды, кездейсоқ жолығып қалдық, негізі танысып алдым ғой. Қызылорда обылысынан, Арал ауданының қызы.

Күн тұлғасы:
Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737). Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.
— «Еркектің екінші жүрегі — асқазаны», қандай тағам түрлерін ерекше ұнатасыз?
— Негізі тамақ талғай бермеймін,«пендеге тән нәрсенің бәрі маған да жат емес»- деген принципті ұстанамын. Бірақ жылқының жылы-жұмсағынан дайындалған бесбармактың жөні тіптен бөлек қой.


— Интернетті қай жылдан бері қолданып келесіз? Және неше жыл болды қолданғанынызға? Интернетте жалпы сайттарда нені үйрендіңіз? алған жақсы жақтарыңыз қандай? Жаман жағы ше?
— Интернетке араласқаныма 1,5 жылдай ақ болды, бұрын тек қана переферанс ойнаумен шектелетінмін.Ең бірінші тіркелген сайтым «Мәссаған», «Керекинфо» сайттары.Кейін Массаған бір себептермен жабылып қалды да, ал Керекинфоға өзім үйрене алмай қойдым, әйтеуір бөтен ауылдың бұқасы құсап араласып кете алмадым. Бірақ Керекинфода Қилызаманның жазғандарын үзбей оқып жүрдім,үйренгенім де көп. Содан «Мен қазақпын»,«Қайран елім», «Бастаңғы» сияқты қазақша сайттарда жүрдім. Ол жерде Дельфина, Сара, Нури, Айдана, Жамбо, Ако сияқты достар таптым, мен кейде олармен отырғанда жасымды да ұмытып кетемін.Не бере алғанымды білмеймін, ал алғаным көп. Кейін «СЖ»мен «Айтабер» ауылына қоныстандым ғой. Бұл жерде де Ербол, Садық, Абылай, Димаш, Көркем, Майрош т.с.с. сияқты ойлы жастардың жазғандарын оқып, ой бөлісіп,өздерімен таныстым. Осының бәрі интернеттен алған жақсы дүниелерім болар деп ойлайьмын. Ал енді жаман жағына келсем, мен жаманнан сақтана алар жасқа жеткен болармын деп ойлаймын.

— Аға, жаңа технологияларды меңгеріп Интернетте осыншалықты белсенді болуыңыздың сыры неде? Әлде осы салада жоспарларыңыз бар ма?
— Интернетте дені сау, толыққанды қазақ уикипедиясы болса деп ойлаймын. Негізгі ұстанымы өз халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, менталитетінен алыстамай, қазіргі өркениеттен қалып кетпейтіндей болса деймін. Осы Сұрақ- жауап сайтынан көп үміт күтемін. Қазақ инетінде бұндай көп аудитория жинаған сайттар жоқтың қасы. Енді осыны құртып алмай, не болса соны тықпаламай, салиқалы сұрақ, сындарлы жауаппен дамыта берсек оған жететінімізге, жүдә болмағанда негізін қалай алатынымызға сенімдімін. Әттең сұрақтарға салмақты, ешқандай даусыз жауап берер мамандар, өмір көрген тәжиербиелі адамдар жетіспей жатыр. Жастар көбінесе жеңіл қарайды,«есебімді шығарып берші», «былтыр тастап кеткен жігітіммен қайта жүрейін ба?»- деген сұрақтармен ұзаққа бара алмаймыз. Енді бір есі кіріп ақыл тоқтатқан буын бар арамызда, олар жақсы жауап, тамаша сұрақтарымен сайт қозғалысына өте зор, пәрменді үлес қосып жүрген топ. Кейде солардың өзі сайт мақсат, мүддесін ұмытып аймаққа бөлінуге, рушылдыққа, саясат тықпалаушылыққа ұрынып жатамыз.«Көш жүре келе түзеледі»-десекте, өзіміз ақылға келіп.бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білсек жақсы әлеуметтік желінің ауылы алыс емес деп ойлаймын. Оған кешегі кириллицадан Қазақ доменін алғанымызда септігін тигізер деп сенемін.
Қазіргі уикипедиядағы жинақталғандардың саны тым аз, әлсіз. Әсіресе салт-дәстүрлеріміз туралы жазылғандар сын көтермейді, ал оны оқыған жастар осындай екен ғой деп қате ұғымда кетеді. Жоспар деймісің,әттең қолымнан ке лмейді-ау ,қолымнан келсе уйкипедияға атсалысар едим. «Дәстүр»-деген( dastyr.idhost.kz/) сайт ашып едім оны да ары қарай дамыта алмай жүрмін, компьютерлік сауатым өте төмен екен. Жақында Секеңмен( Қилызаман) бірге Денсаулық( densaulyk7.delo.ws/)жайында бір сайт қозғамақпыз.


— Осы орайда бір тыңдарман маңызды деп сұрақ жолдаған екен. «Жако аға сіз Сұрақ-жауап сайтына оралғыңыз келе ме?» деген екен.
— Мен «СЖ» туралы мәлімдеме жасағанымда қызбалыққа салынғанымды бір күн өтпей жатып ақ түсіндім. Ол үшін ұяламын, сайтчандардан кешірім сұраймын. Амал қанша үлкен адамдар да қателеседі. Мен «СЖ»мен әрдайым біргемін.

Күн шумағы:
Ерлік елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың! © Мағжан Жұмабай

— «Енді басымызға кіреді дейсің бе?» деп ізденуден, үйренуден қашқақтайтын қатарластарыңызға не айтар едіңіз?
— Бұның енді дұрыс, менің қатарластарым интернеттен көрі қорадағы қойын тағы бір қайтара санағанды жөн көреді. Бірақ біраз өмірді артқа тастаған біздер өмір тәжиербиемізді жастармен бөліспесек олар қайдан біледі дегім келеді оларға.

— Біраз жазбаларыңызда мұң бар. Соны тарқатып айта аласыз ба?
— Мұң деген муза ғой, онсыз өмір бар ма?

— Өсіп келе жатқан жас буынға өмір жолында дұрыс бағытта жүру үшін қандай ақыл айтасыз?
— Өте тамаша жастар өсіп келеді,қазіргі жастарға ақыл айтудан көрі қоғамымыздың белсенді мүшесі болып қалыптасуына лайықты жағдай жасалуы керек сияқты.Ал өз тарапымнан айтарым қазақ менталитетін бойына сіңірген, ұлтымыздың салт-дәстүрінен сусындаған ұлтжанды азамат болып қалыптасуларын тілер едім.

— SADKO FM тыңдармандарына тілегіңіз!
— Бәріңнің отбасыларыңа амандық, жастарға жарқын болашақ, Қазнетке өркендеу тілеймін.
— Өзіңізге де соны тілей отырып, бүгінгі эфирімізді аяқтаймыз. Сіздермен болған Садық Шерімбек және бүгінгі эфир қонағы Жақыпбек Бейсембеков немесе жай ғана Jako ағамыз. Ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізді bizge@aitaber.kz немесе QaraSaqal ға жолдасаңыздар болады! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар, достар!

38 пікір

Korkem
Эх, Жако аға, Жако аға! Сіз мен ойлағанан да ғажап жан екенсіз ғой, өз ісіңізге де аса жауапкершілікпен қарайтын адам екенсіз. Ғажапсыз, нағыз ғажайып екенсіз! Әттең, сұрақ та қойып үлгере алмадым, өкініш өзегімді өртеп барады. Садко, ризамын саған, қадамыңа гүл бітсін! Жігіт туса сендей болсын да! +1
konvict
Садко, ризамын саған, қадамыңа гүл бітсін! Жігіт туса сендей болсын да! +1
Қызғаныштан өртеніп барамын…
Korkem
тұз жала
mairosh
Көркем келесі кезек сен боласын ау деп үміттініп отырм )))я деш
Korkem
қой менің мұнда жауым көп, көпшілік айтсын
mairosh
алғашқы қолдауын мен білдірдім тағы кім бар????
MSHERIMBEK
Қарсы емеспіз негізі:) Солай ойлап отырған едік онсыз да:)))
mairosh
айттым ғой ))))) тағы бір адам керек болд
Korkem
муахахахах)))бомай қалды ма?
dimash
Көркем, тұрғылықты жерің Шым қала, бұдан басқа информация білмедім сен жайлы, білгім келіп тұр, намёк администрация)
Zevs
жаксы радиох\
konvict
Ооо, Жако ағамыз әжептеуір үлкен екен ғой.
AiEcPi
Ия, біз де осы сұхбатты ұзақ күттік, жақсы шықты, сөз жоқ, Жако аға интернеттің дамуына үлес қосып жүргеніңізге, тәлім-тәрбие мен ақылдарыңызды айтып жүргеніңізге рахмет!!!
pari
о жақсы сұхпат екен.Мен өте керемет әсер алдым +1
mairosh
Жако ағай кереемт сұхбат болды. Ұйып отқан отбасыңызға шаттық, бақыт тілеймін. dastyr.idhost.kz/ осы сайтқа шамалы болсада үлесімді қосқым келеді. Менде салт дәстүр туралы бірнеше мәлімет бар. кітап қой өзім оқып жүрген (ішінде керекті мәліметтер көп екен) егер керек болса ерінбей жазып беремін.
beko
Қәзіргі уақытта Жақыппек ағамыздың жасы 54 те.
Жакыпбек аға, ойлаған істеріңіздерге сәтілік. Керемет сұхбат. Рақмет.
Саке(Садық), жарайсың!
qyrmyzy
Қуантады осындай кісілер қазнетте бары, тойымыздың төрінде отыруды жазсын
KILYZAMAN
...( Қилызаман) бирге Денсаулық( densaulyk7.delo.ws/)жайында бир сайт қозғамақпыз.
— :-) Жәке ол сайт емес жәй оқырмандарға ашық қойын дәптеріміз болсын… Оның үстіне, мен сіз сияқты ұғынықты жаза алмаймын… Қоржынға түйіншек жиғаным болмаса ;-)
qyrmyzy
Қилекееееее Қайда кеттіңіз????
KILYZAMAN
мына жердегіге көңілімді көбірек аударамба деп едім, жабылыпты… Ал енді, осыны солардың сейфінен пропискадан шығармай ақ қоялық :-)
followme_alik
Р
И
З
А
М
Ы
Н

С
І
З
Г
Е
,
А
Ғ
А
Ais_97
Sadko аға жарайсыз,Jako ағамыз осы сайттың үлкені екенін жасырмағанымыз жөн, ой өрісі де кең адам, сұхбаттасып бізге мәлімет бергеніңізге мың да бір рахмет, сұхбаттасу жалғаса берсін!
Erkerai
Сайтқа анда-санда бір кіріп қоямын, содан болар сізді онша танымайды екенмін. Енді танып жатырмын, аға, жауаптарыңыз ұнады. Сұхбат керемет! Отбасыңызға аманшылық, бақыт, береке тілеймін. :)
ereke_enu
Арамызда үлкен кісілердің болғаны жақсы ғой, бас болып дегендей. Жарайсыз аға…
Baha_07
Жако аға сізге ұқсап бақсақ дейміз… осылай үлгі боп жүре беріңіз!
AKA
Мәәәә, мынадай тәтті немерелеріңіз бар, бақыттысыз ғой! Сізді осы сайтта жақсы танып келем. Айтпақшы, жарыңыз өзімізден екен, қуанып қалдым. Сізді «жезде» десем бола ма? :)))
Jako
Мен әкемнің жазғанын оқып, өте тебіреніп кеттім. Әкетайым менің, біз өзіңізді қаншалықты сыйлайтынымызды, жақсы көретінімізді біліп жүргеніңізді қалаймын. Сіздей әкеміз бар біз ең бақытты жандармыз ғой!
mairosh
Бұл Жако ағайдың Ұлы ма?
Korkem
Жако ағааааа?
Jako
Жап жарығым менің,қызым жазған ғой түнде үйде болған еді.
Korkem
Қап Майрош дәметіп қалып еді))) сіз бақытты әкесіз :қызығыватқын смайлик:
mairosh
әәәә дәметкен жоқпын)))))). яя Жако ағай бақытты әке ИншАллах Ұзағынан болсын
Auyldan
Жако, Қилызаман — Қазақ сайттарындағы оңды, тұрақты пікірлерімен көрініп жүрген, ең жасы үлкен кісілер деп айтуға болады. Жако бергіректе қосылды, Қилызаман бұрыннан «Солай деден» келе жатырған ветеран ғой, осы кісіден де сұқбат болса. Бар Қазақ азаматтары осы кісілерден үлгі алса. Ал, Жако, біздің батысқа келсең, қонақ қылып сыйлағанымызбен, бас ұстата алмаймыз екен.
Jako
Басқасын қатырсаңдар басқа ұмтылып жыным бар ма?(((
akmaral
О_о күшті сұхбат.Келесіде Көркем қолданушымен сұхбаттасыңызшы
bazaraigul
Уау Жако аға күшті сұхбат болған!
yesbolat83
Керемет сұхбат. Жако ағамыз туралы көөөп мәлімет алдық. Сондай-ақ, оның біздің батысқа күйеубала екенін де білдік. Рахмет. Сәттілік.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.