Ең қысқа әңгімелер


Кейбір жазушылар аз ғана сөздер арқылы көптеген дүниелер жеткізе білген.

1. Бір күні Хемингуэй өз оқырмандарын тамсандыра алатын аз ғана сөйлемнен тұратын әңгіме жазатыны туралы бәстескен екен.
Сол бәстесуден туған шығарма:
«Балалар аяқ киімі сатылуда. Киілмеген.»

2. Фредерик Браун туындыларында да өте қысқа қорқынышты әңгіме болған:
«Жер бетіндегі ең соңғы пенде бөлмеде отыр. Кенеттен есікті біреу тоқылдатады.»

3. Оқиғаның басталуы, кульминация және оқиғаның түйіні талаптарынан тұратын ең қысқа әңгімелер конкурсынан О. Генри мына әңгімесі арқылы жеңіске жеткен:
«Жүргізуші темекі шегіп тұрып қанша жанар май қалды деген ниетте көлігінің багын ашып қарады. Марқұмның жасы жиырма үште болатын.»

4. Ағылшындар да қысқа әңгімелерге бәйге ұйымдастырған. Конкурс талабы бойынша онда Ханшайым, Құдай, жүктілік, құпия сөздері болуы шартты болған.
Бірінші орынды мына әңгіменің авторы иемденген:
«О, Құдай, — ханшайым айғайлап, — мен екіқабатпын, бірақ кімнен екені белгісіз!»

5. Ең қысқа автобиография конкурсында бір егде тартқан француз әйелі жеңімпаз атанған екен:
«Ертеректе менің бетім тегіс және мыжылған белдемшем (юбка) бар еді, ал қазір – керісінше.»

Мына жерден аударылды.

15 пікір

korwinin_kyzy
" Бірде біреу туалетте отырғанда айналасына қараса қағаз бітіп қалыпты, Мама деп айқалады сосын "
yesbolat83
Қатырасың. Өзің бір қысқа әңгімені тәуір жазады екесін. Ал, енді менікін оқы: Көршінің қызы далаға кірдің суын төгейін деп шықса, көршінің жігіті ап қашып кетіпті.
korwinin_kyzy
" сосын МАМА деп айқалады, мамасы оқтаумен қуып шықты, какраз манты пісіріп жатқан кезі екен мамасынын"
yesbolat83
Кір жуып тастап манты жим деп отқан бейшара қыздың көңіл күйі түсіп кетеді. Өйткені ол көршінің жігітін ұнататын еді.
Соңы.
korwinin_kyzy
,,, Анасы оған бір байдын баласын тауып қойыпты, қыз мамасына айтыпты мама жүрекке әмір жүрмейді, газ болса көмір жүрмейді депті.
yesbolat83
газ болса көмір жүрмейді
Қояғойш, бұның тым артық енді.
korwinin_kyzy
неге? Казір бәріне газ жүргізді елді мекендерге, сол себептен көмір қалдығой кей жерлерде, уйді газ бен қыздырады гой
yesbolat83
Дұрыс айтасың. Сол үшін плөс.
korwinin_kyzy
сіз басқаша түсініп қалдынызба?
yesbolat83
Мен дұрыс түсінгем. Менікі жәй ғой, сен қызды сөйлетейін деп.
Kan
Қазақтар қысқа әңгіме жаза алмайды. Екеуіңнің әңгімең бір роман ьолып кетті ғой.
AL-ASTER
Кезінде ағылшыннан контроль жаздық. Тесттің бәрін көршіме істеттім. Соңында шығарма жазуға мынадай тақырып кепті:
My football team

Мен жазған шығарма:

I do not like football

Мұғалім әзілімді бағалады, бірақ 5 қоймай қойды)
yesbolat83
I do not like football
Ай донт ноу. Мен ағылшынша түсінбеймін. Футболды ұнатпаймын деп қалжыңдаған боларсың, шамасы?
Өте қызықты жазба! О.Генридің әңгімесі ерекше ұнады!
KUANYSHBEK
өз ойым: Қырық жылдан кейін мұнай бағасы емес, су бағасы қымбаттауы мүмкін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.